Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 163 "Батыс Қазақстан облысында автомобиль көлігімен жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 58 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 наурызда № 7127-07 болып тіркелді

      Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 163 "Батыс Қазақстан облысында автомобиль көлігімен жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3961 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Батыс Қазақстан облысында автомобиль көлігімен жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифі 1 километрге 6,0 теңге мөлшерінде белгіленсін.".

      2. "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады