Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 57 "2023 жылға Батыс Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7125-07 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2023 жылға Батыс Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 239 қаулысына қосымша |
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 57 қаулысына қосымша |
2023 жылға Батыс Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 199 038 | 1 990 380 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15 000 | 61 823 | 927 345 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 100 000 | 1 256 | 125 600 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 5 951 | 892 650 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
4.1 | Отандық | сатып алынған бас | 150 000 | 12 557 | 1 883 550 |
5. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 200 | 3 854 517 | 770 903,4 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
6. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
6.1 | Отандық | сатып алынған бас | 200 000 | 920 | 184 000 |
6.2 | Аустралия, Америка Құрама Штаттары, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 400 000 | 427 | 170 800 | |
7. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
7.1 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 1 463 450 | 29 269 |
7.2 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 1 596 648 | 31 932,96 | |
8. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау | ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 5 000 | 1 000 | 5 000 |
Етті құс шаруашылығы | |||||
9. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
9.1 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 60 | 2 500 000 | 150 000 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
10. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысан-дағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 281 000 | 16 860 |
Қой шаруашылығы | |||||
11. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
11.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 4 000 | 34 669 | 138 676 |
11.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 178 187 | 445 467,5 | |
12. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 15 000 | 5 171 | 77 565 |
13. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу | бас/ шағылыстыру маусымы | 10 000 | 50 | 500 |
14. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату | өткізілген бас | 3 000 | 2 453 | 7 359 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
15. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 71 | 7 100 |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: | |||||
16. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/ маусым | 5 000 | 1 005 | 5 025 |
2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялаудың резервтегі (күту парағындағы) субсидиялар көлемдері | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
1.1 | Отандық | сатып алынған бас | 150 000 | 144 | 21 600 |
2. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 200 | 147 742 | 29 548,4 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
3.1 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 559 162 | 11 183,24 |
Қой шаруашылығы | |||||
4. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
4.1 | Қойлардың тауарлық аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 2 500 | 6 007 | 15 017,5 |
Барлығы | 7 937 332 |