Орал қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 2303 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 1115 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 мамырда № 7167-07 болып тіркелді

      Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" Орал қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 2303 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24455 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Бірыңғай мемлекеттік-құқықтық жұмыстар қызметі бөлімінің басшысы осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі М. Сатканов

  қаулысына қосымша
  Орал қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 2303 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды (кондоминиум объектісінің құрамына кіретін) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдың мекенжайы

Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері (теңге)

1

Орал қаласы, Зачаганск кенті, Бірлік көшесі, № 13 үй

115 (жүз он бес) теңге 96 (тоқсан алты) тиын

2

Орал қаласы, Самал көшесі, № 98 үй

107 (жүз жеті) теңге 10 (он) тиын

3

Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, № 85/2 үй

76 (жетпіс алты) теңге 45 (қырық бес) тиын

4

Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, №85/6 үй

78 (жетпіс сегіз) теңге 3 (үш) тиын

5

Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Арман" шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, № 120 үй

84 (сексен төрт) теңге 6 (алты) тиын

6

Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, № 108 үй

65 (алпыс бес) теңге 5 (бес) тиын

7

Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, № 108/1 үй

65 (алпыс бес) теңге 4 (төрт) тиын

8

Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, № 110/1 үй

65 (алпыс бес) теңге 1 (бір) тиын

9

Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, № 6 үй

74 (жетпіс төрт) теңге 4 (төрт) тиын

10

Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, № 8 үй

74 (жетпіс төрт) теңге 5 (бес) тиын

11

Орал қаласы, "Астана" шағынауданы, № 14 үй

74 (жетпіс төрт) теңге 8 (сегіз) тиын

12

Орал қаласы, "Жаңа Орда" шағынауданы, № 13 үй

38 (отыз сегіз) теңге 6 (алты) тиын

13

Орал қаласы, "Жаңа Орда" шағынауданы, № 6 үй

58 (елу сегіз) теңге 7 (жеті) тиын

14

Орал қаласы, "Жаңа Орда" шағынауданы, № 25 үй

71 (жетпіс бір) теңге 9 (тоғыз) тиын


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады