Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2-23 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 мамырда № 7156-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Ермекбаев

  Бөрлі аудандық мәслихатының
2023 жылғы 24 сәуірдегі №2-23
шешіміне қосымша

Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

бір тұрғыннан айына

413,3

Жайлы емес үйлер

бір тұрғыннан айына

436,52

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

5098,93


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады