ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі ауданы әкімінің "Бөрлі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2014 жылғы 17 наурыздағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3506 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№94, №95 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 94 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Бөрлі ауылы, Чапаев көшесі, 13/1 үй, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Бөрлі аудандық демалу орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекарасы: Бөрлі ауылы, Амангелді Иманов көшесінің үйлері, Амангельды алаңдағы үйлер, Волков көшесінің үйлері, Достық көшесінің № 1 – 83 (тақ жағы), № 2 - 44 үйлері (жұп жағы), Илекская көшесінің үйлері, Колхозная көшесінің үйлері, Октябрьская көшесінің № 1 – 31 (тақ жағы), № 2 - 46 (жұп жағы) үйлері, Чапаев көшесінің үйлері, Степная көшесінің үйлері, Спортивная көшесінің үйлері, Теміржол көшесінің үйлері, Пролетарская көшесінің № 1 – 63 (тақ жағы), № 2 - 42/1 (жұп жағы) үйлері, Орал көшесінің үйлері, Садовая көшесінің № 1 – 49 (тақ жағы), № 2 – 38 (жұп жағы) үйлері.
№ 95 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Бөрлі ауылы, Садовая көшесі, 93 үй, Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі білім басқармасының "Ауылшаруашылық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекарасы: Бөрлі ауылы, 8 наурыз көшесінің үйлері, А.Л.КовалҰв көшесінің үйлері, Жамбыл Жабаев көшесінің үйлері, Достық № 85 – 173 (тақ жағы), № 46 -104/2 (жұп жағы) көшесінің үйлері, Куспинская көшесінің үйлері, Колхозный тұйық көшесінің үйлері, Лесная көшесінің үйлері, Октябрьская көшесінің № 33 - 83 (тақ жағы), № 50 - 94 (жұп жағы) үйлері, Утвинская көшесінің үйлері, Самал ықшам ауданының үйлері, Пролетарская көшесінің № 67 - 139 (тақ жағы), № 42 - 58 (жұп жағы) үйлері, Садовая көшесінің № 51 - 97 (тақ жағы), № 40 – 110/2 (жұп жағы) үйлері және Масайтобе ауылы.";
№ 93 сайлау учаскесі таратылсын.
2. "Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Бөрлі аудандық аумақтық сайлау
комиссиясы
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | М.Нурмаков |