2023 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 26-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 қаңтарда № 7113-07 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндеттерін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері айына 1 шаршы метр үшін 24 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат төрағасы Л. Кайргалиева

      Ескерту. Көрсетілген шешімде шешімге қол қоюшы лауазымды тұлғаның атауы "мәслихат хатшысы" деген сөздері тиісінше "мәслихат төрағасы" деген сөздерімен ауыстырылды – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 24.04.2023 № 2-4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады