Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3- тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жаңақала ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Жардемалиев |
Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 33-7 шешіміне қосымша |
Жаңақала ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 172,40 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 172,40 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 2 405,58 |