Жаңақала ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 146 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 маусымда № 7217-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелді) сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңақала ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.

      2. Жаңақала ауданы әкімдігінің "Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн белгiлеу туралы" 2018 жылғы 28 маусымдағы №130 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5290 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Кушкинбаев

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 146 қаулысына қосымша

Жаңақала ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

№ р/с

Тұрғынжайдың мекенжайы

Айына бір шаршы метр төлемақы мөлшері

1

Жаңақала ауылы, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы көшесі, № 8,12,16,18 үйлер

266 (екі жүз алпыс алты) теңге 40 (қырық) тиын

2

Жаңақала ауылы, Аян Жантүрин көшесі, № 31, 33, 38,40,42,44 үйлер

266 (екі жүз алпыс алты) теңге 40 (қырық) тиын

3

Жаңақала ауылы, Ғұмар Салықов көшесі, № 1, 1А,1Б,3 үйлер

266 (екі жүз алпыс алты) теңге 40 (қырық) тиын

4

Жаңақала ауылы, Кенжебек Мендалиев көшесі, № 1В үй

266 (екі жүз алпыс алты) теңге 40 (қырық) тиын

5

Жаңақала ауылы, Ахмет Дауылбаев көшесі, № 1 үй

93 (тоқсан үш) теңге
23 (жиырма үш) тиын

6

Жаңақала ауылы, Ізмағамбет Еділбаев көшесі, № 11,13 үйлер

93 (тоқсан үш) теңге
23 (жиырма үш) тиын

7

Жаңақала ауылы, Ізмағамбет Еділбаев көшесі, № 14 үй

95 (тоқсан бес) теңге
6 (алты) тиын

8

Жаңақала ауылы, Қали Жантілеуов көшесі, № 10 үй, 11 пәтер

58 (елу сегіз) теңге
92 (тоқсан екі) тиын

9

Жаңақала ауылы, Болашақ ықшам ауданы, № 27,28 үйлер

97 (тоқсан жеті) теңге
63 (алпыс үш) тиын

10

Жаңақала ауылы, Болашақ ықшам ауданы, № 11,12 үйлер

82 (сексен екі) теңге
91 (тоқсан бір) тиын

11

Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, № 87А үй, 2 пәтер

93 (тоқсан үш) теңге
65 (алпыс бес) тиын

12

Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, № 87Б үй, 1 пәтер

93 (тоқсан үш) теңге
79 (жетпіс тоғыз) тиын

13

Жаңақала ауылы, Астана көшесі, № 25, 27 үйлер

94 (тоқсан төрт) теңге
94 (тоқсан төрт) тиын

14

Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, № 89 үй

95 (тоқсан бес) теңге
11 (он бір) тиын

15

Жаңақала ауылы, Аян Жантүрин көшесі, № 26, 28, 30, 32 үйлер

105 (жүз бес) теңге

16

Жаңақала ауылы, Исатай Тайманов көшесі, № 33 үй

77 (жетпіс жеті) теңге
23 (жиырма үш) тиын

17

Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, № 55А үй

130 (жүз отыз) теңге

18

Жаңақала ауылы, Болашақ ықшам ауданы, № 5,13 үйлер

82 (сексен екі) теңге
25 (жиырма бес) тиын

19

Жаңақала ауылы, Болашақ ықшам ауданы, № 6 үй

82 (сексен екі) теңге
28 (жиырма сегіз) тиын

20

Жаңақала ауылы, Болашақ ықшам ауданы, № 21 үй

74 (жетпіс төрт) теңге
25 (жиырма бес) тиын

21

Жаңақала ауылы, Болашақ ықшам ауданы, № 26 үй

83 (сексен үш) теңге

22

Жаңақала ауылы, Аян Жантүрин көшесі, № 24 үй

105 (жүз бес) теңге
59 (елу тоғыз) тиын

23

Жаңақазан ауылы, А.Ахметов көшесі, № 9А үй,
2 пәтер

91 (тоқсан бір) теңге
21 (жиырма бір) тиын

24

Жаңақазан ауылы, А.Ахметов көшесі, № 13А үй,
1 пәтер

60 (алпыс) теңге
25 (жиырма бес) тиын

25

Жаңақазан ауылы, А.Ахметов көшесі, № 13А үй,
3 пәтер

60 (алпыс) теңге
45 (қырық бес) тиын

26

Жаңақазан ауылы, А.Ахметов көшесі, № 13А үй,
4 пәтер

60 (алпыс) теңге
23 (жиырма үш) тиын

27

Жаңақазан ауылы, Б.Уәлиев көшесі,
№ 8 үй, 2 пәтер

60 (алпыс) теңге
63 (алпыс үш) тиын

28

Жаңақазан ауылы, С.Мендешев көшесі, №51 үй,
2 пәтер

84 (сексен төрт) теңге
4 (төрт) тиын

29

Жаңажол ауылы, Мектеп көшесі,
№ 8 үй, 2 пәтер

76 (жетпіс алты) теңге
56 (елу алты) тиын

30

Жаңажол ауылы, Айдархан көшесі,
№ 18 үй

68 (алпыс сегіз) теңге
27 (жиырма жеті) тиын

31

Бірлік ауылы, Мұхтар Мирманов көшесі, № 24 үй

103 (жүз үш) теңге
54 (елу төрт) тиын

32

Көпжасар ауылы, Ғ.Бисенғалиев көшесі, № 6А үй

107 (жүз жеті) теңге
61 (алпыс бір) тиын

33

Қызылоба ауылы, Абай көшесі, № 27 үй, 1,2 пәтерлер

104 (жүз төрт) теңге
36 (отыз алты) тиын

34

Қызылоба ауылы, Абай көшесі, № 29 үй

107 (жүз жеті) теңге
41 (қырық бір) тиын

35

Қызылоба ауылы, Құрманғазы көшесі, № 32 үй

126 (жүз жиырма алты) теңге 73 (жетпіс үш) тиын

36

Қызылоба ауылдық округі, Айтпай ауылы, Айтпай көшесі, № 11 үй, 1 пәтер

94 (тоқсан төрт) теңге
28 (жиырма сегіз) тиын

37

Мәстексай ауылы, Қ.Жардемов көшесі, № 2 үй,
1 пәтер

74 (жетпіс төрт) теңге
68 (алпыс сегіз) тиын

38

Мәстексай ауылы, С.Жақсығұлов көшесі, № 10 үй

108 (жүз сегіз) теңге
24 (жиырма төрт) тиын

39

Пятимар ауылы, Мәмен көшесі, № 24А үй

104 (жүз төрт) теңге

40

Қырқопа ауылы, Құрманғазы көшесі, № 10 үй

71 (жетпіс бір) теңге
18 (он сегіз) тиын

41

Жаңақала ауылы, Ишанғали Меңдіханов көшесі, № 16/2 үй, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 пәтерлер

206 (екі жүз алты) теңге
8 (сегіз) тиын

42

Жаңақала ауылы, Ғұмар Салықов көшесі, № 2А үй, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 пәтерлер

218 (екі жүз он сегіз) теңге
31 (отыз бір) тиын

43

Жаңақала ауылы, 21 көшесі, № 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 25, 27, 29, 31, 33, 35, 37, 39 үйлер

305 (үш жүз бес) теңге
60 (алпыс) тиын

44

Жаңақала ауылы, 18 көшесі, № 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, 26, 28, 30, 32, 34, 36, 38, 40 үйлер

305 (үш жүз бес) теңге
60 (алпыс) тиын


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады