Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 27.12.2023 № 15-21 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 қаулысына сәйкес, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Т. Кадимов |