Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 қазандағы № 11-3 "Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 15-17 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 7321-07 болып тіркелді

      Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жәнібек аудандық мәслихатының "Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 26 қазандағы № 11-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7279-07 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7 – тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Т. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады