"Бәйтерек ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы" Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 22-1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 қазанда № 7253-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бәйтерек ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы" Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 22-1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3485 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат төрағасы Н.Хайруллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады