Бәйтерек ауданының мәслихатының "Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 10-33 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда № 7297-07 болып тіркелді

      Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданының мәслихатының "Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7254-07 тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7 - тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат төрағасы Н. Хайруллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады