Бәйтерек ауданының мәслихатының "Бәйтерек ауданы бойынша жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы" 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 47-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 10-32 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда № 7299-07 болып тіркелді

      Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданының мәслихатының "Бәйтерек ауданы бойынша жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы" 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 47-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6133 тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 7 – тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға бес айлық есептік көрсеткішке тең."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат төрағасы Н. Хайруллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады