Қаратөбе ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 2-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 сәуірде № 7133-07 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 8-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 14.11.2023 № 8-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 қаулысына сәйкес, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Н. Мендешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады