Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 14 қарашадағы № 8-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-18 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 7309-07 болып тіркелді

      Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 14 қарашадағы №8-2 шешіміне ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7287-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тараудың 7 – тармағының 1)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын; ".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Н.Мендешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады