Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Сырым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырым ауданы әкімдігінің "Сырым ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 20 маусымдағы №74 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7221-07 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырым ауданы әкімі | Ж. Батырниязов |