Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 10-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 қазанда № 7271-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы "Сырым ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiкті қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекіту туралы" № 17-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3471 болып тіркелген);

      2) Сырым аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі "Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 17-4 "Сырым ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiкті қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 16-3 шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сырым аудандық мәслихат төрағасы Ш. Дуйсенгалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады