Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым аудандық мәслихатының "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 18 қазандағы №10-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7272-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тараудың 7-тармағының 1)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырым аудандық мәслихат төрағасы | Ш.Дуйсенгалиева |