Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 15-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 желтоқсанда № 7305-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сырым аудандық мәслихат төрағасы Ш. Дуйсенгалиева

  2023 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 15-9 шешіміне қосымша

      1) Сырым аудандық мәслихатының "Сырым аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 25-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5177 болып тіркелген) шешімі;

      2) Сырым аудандық мәслихатының "Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 25-8 "Сырым аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 17-16 шешімі;

      3) Сырым аудандық мәслихатының "Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі №25-8 "Сырым аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 2-5 шешімі;

      4) Сырым аудандық мәслихатының "Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 25-8 "Сырым аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 9 тамыздағы № 7-5 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады