Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 25-8 ""Сырым аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы"" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 17-16 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 15-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 21.12.2023 № 15-9 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі №25-8 ""Сырым аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5177 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Сырым аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне:

      40-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "40. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 43-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      41-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сырым аудандық мәслихат аппарат басшысына (Е.Макашевқа) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Ш. Дуйсенгалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады