Тасқала ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 146 "Тасқала ауданы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 49 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 сәуірде № 7131-07 болып тіркелді

      Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тасқала ауданы әкімдігінің "Тасқала ауданы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" 2017 жылғы 29 маусымдағы № 146 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4865 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Тасқала ауданының Тасқала ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Тасқала ауданының Тасқала ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі 50 (елу) теңге мөлшерінде белгіленсін.".

      2. "Тасқала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тасқала ауданының әкімі Б. Айтмагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Тасқала аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады