Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсанындағы № 29-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 7317-07 болып тіркелді

      Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсанындағы № 29-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3740 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға бес айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Ж. Бисенгалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады