БҰЙЫРАМЫН:
1. "Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10481 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидаларында:
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды, оларды орналастырудың баламалы нұсқалары болмаған кезде салуға;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшасымен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілері мен қорғаныс мұқтаждарына арналған объектілерді жайластыруға байланысты ғана жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда орман қорының жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және мемлекеттік орман қорының құрамына ауыстыру үшін мемлекеттік орман иеленушіге өтемақы тәртібімен тиісті жергілікті атқарушы органдар берген жер учаскелерінде оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарына күтім-ұстауды жүзеге асырады.";
12-тармақта 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"18) жер қойнауын игеруге және халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды ауыстырғанда ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын отырғызуды және оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарын күтіп-ұстауды жүргізуге мемлекеттік орман иеленушімен келісімшарт жобасы.";
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі