Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 қаңтарда № 33921 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 29-бабына (бұдан әрі - Шарт), сондай-ақ Шарттың 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өңделмеген балықты: өзге де балғын немесе салқындатылған балықты (көксерке) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодынан (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 0302891070 кодынан), кларий (африкалық) жайын балығын қоспағанда, балғын немесе салқындатылған жайын балықты (ЕАЭО СЭҚ ТН 0302720000 кодынан), кларий (африкалық) жайын балығын қоспағанда, мұздатылған жайыны (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303240000 кодынан), өзге де тұщы су балықтарын, мұздатылған (көксерке) (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303891070 кодынан) шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін;

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету туралы;

      2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ол енгізілген күнге дейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады