"Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 қаңтарда № 33925 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 18 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 79 бұйрығымен
бекітілген

Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Қалыптастырылған туристік өнім

Қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасасылған шарттар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес)


2

Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар, кемінде бір қызметкердің болуы

Диплом, жасасылған еңбек шарты және еңбек кітапшасы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес)


3

Жеке меншік құқығындағы немесе өзгеде заңды негіздегі кеңсеге арналған үй-жай

Жеке меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес)


4

"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкпен жасалған банктік кепілдік шарты 

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкпен жасалған банктік кепілдік шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес) 

шығу туризмі саласының туроператорлары үшін

  Туристік операторлық қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
мен олардың сәйкестігін
растайтын құжаттардың
тізбесіне қосымша

Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына ұсынады

      Әкімшілік деректердің нысаны www.tsm.gov.kz және www.elisence.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер"

      Индекс: 1-КТ

      Кезеңділігі: біржолғы

      Есепті кезең: ағымдағы кезең

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: туристік операторлардың қызметін бастайтын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: туристік операторлар қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде

Р/с №

Қалыптастырылған туристік өнім

Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің болуы

Меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздердегі кеңсеге арналған үй-жай

"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкпен жасалған банктік кепілдік шарты 

1

2

3

4

5


қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасасылған шарттардың нөмірлері

шарттар жасасылған күні

мамандығы мен біліктілігі

лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі туралы дипломның нөмірі

дипломның берілген күні

оқу орнының атауы

туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі

кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың атауы, нөмірі және күні

шығу туризмі саласының туроператорлары үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкпен жасалған банктік кепілдік шарты туралы ақпарат











      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы ______________________________________

      Орындаушы _______________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  Туристік операторлық қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
мен олардың сәйкестігін
растайтын құжаттардың
тізбесіне сәйкестік туралы
мәліметтер нысанға
қосымша

"Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасасылған шарттардың нөмірлері, шарттар жасасылған күні көрсетіледі.

      3. 3-бағанда мамандығы мен біліктілігі, лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі туралы дипломның нөмірі, дипломның берілген күні, оқу орнының атауы, туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі көрсетіледі.

      4. 4-бағанда кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың атауы, нөмірі және күні көрсетіледі.

      5. 5-бағанда шығу туризмі саласының туроператорлары үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкпен жасалған банктік кепілдік шарты туралы ақпараты көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады