"Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 5 ақпандағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 ақпанда № 33972 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28261 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарында, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанында:

      5 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тракторлар мен комбайндарды өндіру кезінде арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын өндірушілерді қоспағанда, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарт.";

      13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1. Өнеркәсіптік құрастыру туралы бұрын жасалған келісімдерге қосымша келісімдер жасалған кезде осы Қағидалардың 5-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, осы Қағидалардың 5 - 11 тармақтарының талаптары қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады