"Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 ақпанда № 33981 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарына (бұдан әрі -Қағидалар) сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің объектілеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, балаларға арналған қосымша білім беру салаларындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерге қолданылады.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар – қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, тәрбиеленушілер мен оқушыларды, персоналды және келушілерді тексеруді жүзеге асыру кезінде дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы құрылғылар.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Объектілердің меншік иелері, басшылары 6-тараудың 77-тармағына сәйкес 2-топқа жатқызылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін "Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 тіркелген) сәйкес жекеменшік күзет ұйымдарымен кемінде үш жыл мерзімге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады.

      Күзет қызметінің субъектісімен көрсетілетін күзет қызметтер туралы шарт жобасы қамқоршылық (ата-аналар) кеңесімен келісіледі.";

      77, 78, 79, 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Терроризм актісін жасаудың ықтимал салдарын ескере отырып, білім беру объектілері мынадай топтарға бөлінеді:

      1) бірінші топқа персонал мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) нақты саны 700 адамға дейінгі білім беру объектілері жатады;

      2) екінші топқа аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орналасқан, сондай-ақ, орналасқан жеріне қарамастан, персонал мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) нақты саны 700-ден астам білім беру объектіcі жатады.

      78. Бірінші топтың объектілері мынадай құралдармен:

      1) "Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10151 болып тіркелген) бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғауды құлақтандыру және халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келетін хабардар ету жүйесімен;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық шарттарына сәйкес келетін полицияның жедел басқару орталықтарына не аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне бейнежазбаны бере отырып, бейнебақылау жүйесімен;

      3) аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерін орталықтандырылған бақылау пультіне шығара отырып, дабыл берудің мобильді және/немесе стационарлық құралымен (дабыл түймесі) жарақтандырылады.

      Күзет қызметі субъектілерін орталықтандырылған бақылау пультіне дабыл сигналы түскен кезде ішкі істер органдарын дереу хабардар етеді.

      79. Осы Нұсқаулықтың 78-тармағында көзделген техникалық жарақтандыруға қосымша екінші топтағы объектілер кіруді бақылау және басқару жүйелерімен (турникеттер) жарақтандырылады, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін домофон жүйесі қолданылады.

      Өрт туындаған жағдайда кіруді бақылау және басқару жүйелері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелді) бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің талаптарына, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес адамдарды кедергісіз және уақтылы эвакуациялауды қамтамасыз етуге тиіс.

      80. Білім беру объектілері ішкі істер органдары тарапынан тексеру жүргізілгеннен кейін "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесіне осы Нұсқаулықтың белгіленген талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат енгізеді.

      Білім беру ұйымының басшысы осы білім беру ұйымында оқитын баланың заңды өкілдерінің сұрау салуы негізінде бейнежазбаны мобильді құрылғыға жібере отырып, бейнебақылау жүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бейнежазбаны мобильді құрылғыға жібере отырып, бейнебақылау жүйесіне қол жеткізуді ұсыну бойынша шығыстарды баланың заңды өкілдері төлейді.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) Бейнемониторингтің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төмен техникалық шарттарына сәйкес келеді.

      Ұйым басшысы бақылау камераларындағы бейнежазбалардың кемінде 30 күн сақталуын қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады