Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының "Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 және "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 ақпанда № 33987 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тестілеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі – оператор) қатысуымен өткізіледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз етуді, тест тапсырмаларының дерекқорын қалыптастыруды және оларды жаңартуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілетін қызметті беруші тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тестілеу уақытын көрсетілетін қызметті беруші айқындайды.";

      32-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-3. Тест тапсырмаларын, сондай-ақ кандидаттың тестілеу рәсімінің бейне және аудиожазбаларын көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) сұрауы бойынша апелляциялық комиссияға береді.

      Бұл ретте, тест тапсырмалары кандидаттарға танысу үшін ғана беріледі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімдері екі данада жасалуы және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылуға тиіс хаттамалармен рәсімделеді. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екінші данасы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі және бір жыл ішінде сақталады.

      Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының кемiнде 2/3 (үштен екiсi) қатысқан жағдайда құқылы болады.

      Апелляциялық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.";

      1, 1-1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың 1-тармағы:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) осы бұйрықтың 2-2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) осы бұйрықтың 2-3-қосымшасына сәйкес ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары бекітілсін.";

      осы бұйрықтың 4, 5-қосымшаларына сәйкес 2-2, 2-3-қосымшалармен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы
Д. Жазықбай

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуратурасы

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту

      агенттігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 33 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
202__жылғы "___"__________
№ ____бұйрығына
1-қосымша
  Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары
және оны ұйымдастыруға
1-қосымша
  Нысан
  ________________________
________________________
________________________
тел.____________________
эл. мекенжайы ___________

Өтініш

      Мені Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған құқық қорғау қызметінің ____ бағдарламасы бойынша және жеке қасиеттерді бағалауға құқық қорғау қызметінің ____ бағдарламасы бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.

      Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Тестілеу өту мекенжайы: ______________.

      Тестілеуөтудіқалағанкүні:______________.

      Тестілеу өтудіқалағануақыты: ______________.

      "___" ___________________20 __ ж.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі Төрағасының
202__жылғы "___"__________
№ ____бұйрығына
2-қосымша
  Құқық қорғау қызметіне кіретін
азаматтарды тесттен өткізу
қағидалары, бағдарламалары
және оны ұйымдастыруға
1-1-қосымша

"Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетінқызметтіберушініңатауы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондықүкiмет" веб-порталы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

Тестілеу өтініш берілген күннен бір күнтізбелік күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі.

4

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны

Электрондық (толықавтоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі

Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама.
Мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуге шекті мән белгіленбейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды түрде.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде кандидаттан алынатын төлем мөлшері, және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке
тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыскестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жұмыс уақытында, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.gov.kz
2) порталда www.egov.kz орналастырылған.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

портал арқылы:
электрондық құжат нысанындағы өтініш. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздері

1) кандидаттың соңғы бір ай ішінде шекті мәннен төмен нәтижемен тестілеуден өтуі;
2) кандидаттың соңғы алты ай ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) бекітілген Тестілеу ережелерін бұзу туралы қызмет беруші толтырған актінің бар болуы;
3) соңғы бір жыл ішінде тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы оператор толтырған актінің бар болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасы бойынша қолданыстағы сертификаттың болуы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар

Кандидат ЭЦҚ қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Кандидаттың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
202__жылғы "___"__________
№ ____бұйрығына
3-қосымша
  Құқық қорғау қызметіне
кіретін азаматтарды тесттен
өткізу қағидалары,
бағдарламалары және оны
ұйымдастыруға
3-қосымша

Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

      1) бірінші бағдарлама C-GP-2, C-GP-3, C-GP-4, C-GP-5, C-GP-6, C-GP-7,

      C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-AGP-2, C-AGP-3, C-AGP-4, C-AGP-5, C-AGP-6, C-AGP-7, C-AGP-8, C-AGP-9, C-KAGP-2, C-KAGP-3, C-KAGP-4, C-KAGP-5, C-KAGP-6, C-KSGP-2, C-KSGP-3, C-KSGP-4, C-KSGP-5, C-KSGP-6, C-OKSGP-1, C-OKSGP-2, C-OKSGP-3, C-OKSGP-4, C-OKSGP-5, C-OKSGP-6, C-OKSGP-7, C-TP-2, C-TP-3, C-TP-4, C-TP-5, C-TP-6, C-TP-7, C-TP-8, C-RTP-1, C-RTP-2, C-RTP-3, C-RTP-4, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SGU-5, C-SGU-7, В-PK-1, В-PK-2, В-PK-3, В-PKО-1, В-PKО-2, В-PKО-3, С-FM-2, С-FM-3, С-FM-4, С-FMО-1, С-FMО-2, С-FMО-3, С-FMО-4 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің əдеп кодексін білуге арналған тестілер.

      Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама С-SV-8, С-SV-10, С-SVО-3, С-SVО-5, С-SVО-7, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-5, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, В-PK-4, В-PK-5, В-PK-6, В-PK-7, В-PK-8, В-PKО-4, В-PKО-5, В-PKО-6, В-PKО-7, В-PKО-8, С-FM-5, С-FM-6, С-FMО-5, С-FMО-6 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің əдеп кодексін білуге арналған тестілер.

      Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      3) үшінші бағдарлама C-GP-4, C-GP-5, C-GP-6, C-GP-7, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-3, C-RGP-4, C-AGP-4, C-AGP-5, C-AGP-6, C-AGP-7, C-AGP-8, C-AGP-9, C-KAGP-3, C-KAGP-4, C-KAGP-5, C-KAGP-6, C-KSGP-3, C-KSGP-4, C-KSGP-5, C-KSGP-6, C-OKSGP-2, C-OKSGP-3, C-OKSGP-4, C-OKSGP-5, C-OKSGP-6, C-OKSGP-7, C-TP-4, C-TP-5, C-TP-6, C-TP-7, C-TP-8, C-RTP-1, C-RTP-3, C-RTP-4, С-SVО-9, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8санаттағы құқық қорғау қызметінің заңгерлік мамандық бойынша тиісті білімнің бар болуын талап етпейтін лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы"(15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің əдеп кодексін білуге арналған тестілер.

      Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
202__жылғы "___"__________
№ ____бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығына
2-2-қосымша

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.

      2. Тестілеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі - оператор) қатысуымен өткізіледі.

      3. Тестілеуді өткізудің әділдігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ оператордың сыбайлас жемқорлықты жібермеу әрекеттері туралы жазбаша шектеулерді қабылдауымен қамтамасыз етіледі.

      4. "Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілетін қызметті берушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.

2-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу

      5. Көрсетілетін қызметті беруші "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – "Б" корпусының лауазымына үміткерлер) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасында келтірілген.

      7. "Б" корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тапсырады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі.

      Портал арқылы өтініш берілген кезде, құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы нысанындағы тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады.

      Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен кеңесті көрсетілетін қызметті берушіден ала алады.

      8. "Б" корпусының лауазымына кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.

      Тестілеуге жазылу "электрондық үкімет" веб-порталында қалыптастырылатын осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.

      9. Тестілеуден өтуден бас тарту негіздері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.

      10. "Б" корпусының лауазымына кандидаттар осы Қағидаларға 4 – қосымшаға сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары (бұдан әрі-тестілеу бағдарламалары) бойынша олардың өтініштерінде көрсетілген мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтеді.

      11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді.

      12. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке кабинетіне портал арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы электрондық сертификат (бұдан әрі-Сертификат) жолданады.

      Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген Сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.

      Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген Сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген Сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.

      Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде Сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      Берілген Сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде азамат сол Сертификат жарамды болып табылатын тестілеу бағдарламалары бойынша қайта тестілеуден өтпейді.

      14. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен алған Б" корпусының лауазымына үміткерлерге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жеке кабинетке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту мәндерінен төмен нәтижелері бар тестілеуден өткені туралы анықтама жіберіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге жіберуге тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн өткен соң жол беріледі.

      15. "Б" корпусының лауазымына үміткерлер Сертификаттың телнұсқасын оның қолданылу мерзімі ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ала алады.

3-тарау. "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі

      16. "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеу нысанында жүргізіледі.

      17. "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін тестілеу кестесіне сәйкес жүргізіледі.

      Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған адамдар жіберілмейді.

      18. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен емес нәтиже алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге тестілеу кестесіне сәйкес келмеген адамлар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.

      19. "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.

      Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.

      Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды.

      Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.

      20. "Б" корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды портал арқылы "жеке кабинетіне" жолданды.

      "Б" корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.

      Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде қорытындының жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      21. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуде осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мәннен төмен нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің қайта тестілеуіне алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.

4-тарау. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі

      22. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

      23. Тестілеу басталғанға дейін оператор тестіленуші адамдарды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда тестілеу рәсімдеріне қатысты туындаған сұрақтарға жауап береді.

      24. Тестілеу сәтінде өзін нашар сезінген адамдар ол туралы операторға тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамдарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.

      25. Тестілеу кестесі автоматты түрде айқындалады.

      26. Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, сонымен қатар "Б" корпусы лауазымына кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен жабдықталады.

      27. Әрбір жұмыс станциясы кандидатты суретке түсіру және тестілеу процесіне бейне жазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.

      28. Тестілеуден өтетін адамдар басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді.

      Тестілеуден өтетін адамдарға тестілеу залына қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) кіргізуге рұқсат берілмейді. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға салынады.

      29. Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеуді өткізу барысында жалған адам анықталған жағдайда аталған адам тестілеуге жіберілмейді немесе оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.

      Бұл ретте оператор осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы актіні толтырады.

      Тестілеуден өту үшін тіркелген адамды қайта тестілеуге осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген Акт жасалған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жол беріледі.

      30. Тестіленуші адам осы Қағидалардың 28-тармағының талаптарын бұзған жағдайда оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді.

      Бұл ретте оператор бір жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы Қағиданы бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.

      Акт толтырылған адамдар қайта тестілеуді бұзу болған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. Осы Қағидалардың 28-тармағының талаптарын бұзған адамдардың тестілеу нәтижелері жойылады.

      31. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады және осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады.

      Мұндай жағдайда, "Б" корпусының лауазымына кандидат тестілеуге осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында айқындалған тәртіпте жазыла алады.

      32. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.

      33. Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестілеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.

      34. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы кандидаттың "жеке кабинетіне" 20 (жиырма) минут ішінде жолданады.

      35. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      36. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

5-тарау. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі

      37. Үміткерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдарын қарастыру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органда апелляциялық комиссия құрылады.

      38. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Апелляциялық комиссияның құрамына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қосылуы мүмкін.

      39. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, немесе апелляциялық комиссияның төрағасы болмағанда төрағаның орынбасары басқарады.

      Апелляциялық комиссияның іс-қағаздарын жүргізу уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын хатшымен жүзеге асыралады.

      40. Апелляциялық комиссия тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің төмен нәтижесін алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлердан апелляцияға шағымдарын қабылдайды және қарастырады.

      41. Апелляцияға кандидаттан келесі шағымдар қабылданады:

      1) нақты сұрақтардың қисындығына шағымдану;

      2) техникалық ақаулықтарға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану;

      3) тестілеу қағидаларын бұзу туралы актіге шағымдану;

      4) тестілеудің қалыпты барысына кедергі болған жағдайларға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану.

      42. Осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған үміткерлердан 12-қосымшаға сәйкес нысандағы апелляцияға шағым апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке беріледі. Апелляцияға шағым тестілеуден өткен күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қабылданады және апелляциялық комиссияның отырысында апелляциялық комиссиямен айқындалған кестеге сәйкес қарастыралады.

      Апелляциялық комиссияның отырысы түскен шағымдардың санына байланысты өткізіледі.

      43. Апелляциялық комиссияның отырысында апелляцияға шағым берген үміткерлердың тестілеудің толық нәтижелері қарастырылады.

      Тестілеудің толық нәтижелері өзіне үміткердің дұрыс жауап бермеген тест тапсырмалары және оның жауап нұсқасы қосады.

      44. Апелляцияға шағым берген үміткерлердің тестілеудің толық нәтижелері апелляциялық комиссияға көрсетілетін қызметті берушіден сұрау бойынша ұсынылады.

      Бұл ретте, тестілеудің толық нәтижелері "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен ресімделеді және үміткерлерға танысу үшін беріледі.

      45. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамалармен ресімделеді, олар екі данада жасалады және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екінші данасы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі және бір жыл ішінде сақталады.

      Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы болады.

      46. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген шағымды қарастыру нәтижесі бойынша екі шешімнің бірін қабылдайды:

      1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;

      2) үміткердің апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.

      Бұл ретте, үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді қайта тапсыруға бір рет қана жіберіледі.

6-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының тестілеуден өту мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      47. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, шағымды қарайтын орган жүргізеді.

      48. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      _____________

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ________________________
________________________
________________________
тел.____________________
эл. мекенжайы __________

Өтініш

      Мені "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің ____ бағдарламасы және жеке қасиеттерді бағалаудың ____ бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Тестілеу өту мекенжайы: ___________

      Тестілеу өтуді қалаған күні: _________.

      Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _______.

      20 __ ж. "___" ___________________

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
2-қосымша

"Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi – портал)

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

Тестілеу өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік бір күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі.

4

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі

Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық сертификат, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі жөніндегі қорытынды немесе осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама. Тестілеудің нәтижесі портал арқылы кандидаттың жеке кабинетіне 20 (жиырма) минут ішінде жіберіледі.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері, және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушінің шешімі бойынша тестілеу залдарының жұмыс уақытын 23.00-ге дейін ұзартуға жол беріледі;
2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (кандидаттың жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында:www.gov.kz;
2) порталда www.egov.kz орналастырылған.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін кандидат портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге кандидаттың ЭЦҚ-мен немесе ұялы байланыс операторы беретін кандидаттың абоненттік нөмірі тіркелген қосылған жағдайда порталдың есептік жазбасына бір реттік пароль куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным жолдайды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздері

1) кандидаттың соңғы күнтізбелік он бес күн ішінде шекті мәннен төмен нәтижемен тестілеуден өтуі;
2) кандидаттың соңғы алты ай ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) бекітілген Тестілеу ережелерін бұзу туралы қызмет беруші толтырған актінің бар болуы;
3) соңғы бір жыл ішінде тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы оператор толтырған осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес актінің бар болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасы бойынша қолданыстағы сертификаттың болуы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар

Кандидат ЭЦҚ қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Кандидаттың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі -1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

ҚОЛХАТ

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

      үміткердің __________________________________________ өтініші қабылданды.

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Тестілеу өту күні: _____________________

      Тестілеу өту уақыты: __________________

      Тестілеу өту мекенжайы: _______________

      Тестілеу бағдарламасы: ________________

      Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Ескертпе: Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өтеді.

      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.

      "___" ___________________ 20 __ ж.

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
4-қосымша

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестер (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 91 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, D-R-1, D-R-2, D-R-3, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (115 сұрақ) кем дегенде 69 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

      3) үшінші бағдарлама C-R-5, D-R-4, D-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

      Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 95 минутті құрайды.

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

СЕРТИФИКАТ

________________________________________________ "Б" корпусының (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________ қаласында _____ бағдарлама бойынша "___"______________ 20 __ ж. өткенін растайды.


 

Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны

ҚОРЫТЫНДЫ




      Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып табылады.

      Осы сертификат "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің:

      ___________________________________________санаттарына жарамды.

      ekyzmet.kz сайтында тексеру коды _______

     


      20 __ ж. "____" _______________

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА

_____________________________________________________
(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _______________ қаласында "___" _______ 20____ж. _____ бағдарлама бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы берілді.


 

Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны

ҚОРЫТЫНДЫ




      Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өте алады.

      ekyzmet.kz сайтында тексеру коды ____

     


      20 __ ж. "____" _______________

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

ТЕЛНҰСҚА СЕРТИФИКАТ

______________________________________ "Б" корпусының
(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________ қаласында _____ бағдарлама бойынша "___" _____________ 20__ ж. өткенін растайды.


 


Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны





      ҚОРЫТЫНДЫ

      Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болыптабылады.

      Осы сертификат "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      санаттарына жарамды.

      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылғансертификат телнұсқасын беру жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым

Тестіленушінің ТАӘ (ол болған жағдайда):


 

Тестілеу күні мен уақыты:



 

ЖСН:
Жауаптардың растығы:

Құзыреттің атауы

Қысқашы мінездеме

1

Стресске орнықтылық


2

Ынтымақтастық және әрекеттестік


3

Стратегиялық ойлану


4

Қызметті басқару


5

Жеделділік


6

Адалдық


7

Қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану


8

Бастамашылдық


9

Шешім қабылдау


10

Өздігінен даму


11

Көшбасшылық


12

Жауапкершілік


13

Өзгерістерді басқару


      ekyzmet.kz сайтында тексеру коды _______

     


      20 __ ж. "____" _______________

  Мемлекеттік
әкімшілікқызметшілерді,
мемлекеттікәкімшілік
лауазымдарға орналасуға
үміткерлердітестілеуді
ұйымдастыру,бағдарламалары
мен қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Тестілеу ережелерін бұзу туралы АКТ

      20_ ж. "___" _____________ сағат ______ мин.

      Тестілеу операторы_______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Қызметшінің/үміткердің _________________________________

      ЖСН _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының 28-тармағын бұзу фактісі анықталды:

      _______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (Қағидаларды бұзудың қысқаша сипаты)

      Тестілеу операторының қолы: _____________________________________

      Актімен таныстым:

      __________________________________________________________________________

      (жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/ үміткердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/ үміткердің осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба)

      __________________________________________________________________________

      (жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/ үміткердің осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
10-қосымша

Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы акті

  _________қаласы
"____" ____ 20___ ж.
__ сағ.. _ мин.

      _____________________________________________ тестілеу операторымен

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      азамат _________ЖСН________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))орнына азамат ____________ЖСН___________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) тестілеуді тапсыру әрекеті дерегі анықталды.

      Тестілеу операторының қолы: _____________________________________

      Актімен таныстым: _______________________________________________

      (жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген азаматтың тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда))

      Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба __________________________

      (жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестілеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акті

      Күні: ___________ ___________ қаласы

      Біз, төменде қол қойғандар, тестілеу рәсімін тоқтату туралы осы актті 20__ жылдың "___" __________ ___ сағ. ___мин.

     


      байланыс ақауының

     


      компьютерлік техника ақауының

     


      тоқ қуаты ақауының

     


      өзге себептіңсалдарынан жасадық.

      Тестілеуді тоқтату себебі бойынша қосымша ақпарат:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Тестілеу келесі адамларға қатысты тоқтатылды:

1.

Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

ЖСН

қолы

      Тестілеу залы операторның

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:

  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
  12-қосымша
  Мемлекеттік қызмет істері
жөнiндегi уәкiлеттi органның
апелляциялық комиссиясының
Төрағасына
____________________________
(кандидаттың Т.А.Ә.
(ол болған жағдайда))
____________________________
(кандидаттың ЖСН)
Тел. ________________________
Эл. мекенжайы ______________

Өтініш

      Мені, 20__ жылдың ____________________ _____________________ қ.

      (тестілеу күнін көрсету)

      өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын.

      Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      "___" _______________ 20__ж.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
202__жылғы "___"________
№ ____бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
төрағасының
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығына
2-3-қосымша

Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы уақытша Қағидалар мемлекеттік органдарда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізу (бұдан әрі – іріктеу) тәртібін айқындайды және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының23 тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Іріктеу ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі-жүйе) "eqyzmet.gov.kz" сыртқы интернет-порталда жүргізілетін келесі кезеңдерді қамтиды:

      1) жеке қасиеттерін бағалату;

      2) жалпы конкурс.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) үміткер – Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкескелетін, іріктеуге қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;

      2) бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері;

      3) прокторинг – жүйенің автоматты бақылау функциясы арқылы байқау кезеңдерін бақылау және қадағалау рәсімі;

      4) проктор – іріктеу кезеңдерінен өту рәсімін тексеруді жүзеге асыратын тұлға;

      5) еңсерілмейтін күш – төтенше және алдын алуға болмайтын оқиға, оның ішінде төтенше жағдай жариялау, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес шектеу іс-шаралары (карантин) енгізілген жағдай;

      6) кадр қызметі – мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі немесе бірыңғай персоналды басқару қызметі;

      7) жеке кабинет – тіркелгеннен және/немесе авторизациядан кейін қолжетімді болатын жүйедегі үміткердің жеке парақшасы;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;

      9) үміткердің электрондық жеке ісі (бұдан әрі – ЭЖІ) үміткердің жеке басын куәландыратын құжатты, тіркелген жері, еңбек жолы, білімі туралы мәліметтерді, сондай-ақ "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық пошта мекенжайын, фотосуреттерін және ұялы телефон нөмірін алу арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.

      4. Жүйеде іріктеу рәсімінің әкімшісі, оның ішінде "Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушісі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға болып табылады (бұдан әрі - Іріктеу рәсімінің әкімшісі).

      5. Үміткердің мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүйемен азаматтардың денсаулығын қорғау және қадағалау саласындағы стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның және құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен ақпарат сұратылады.

      Үміткер Заңның 16-бабының 3 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда іріктеудің кез-келген кезеңінен шығарылады.

      6. Іріктеуге қатысу үшін үміткер жүйеде тіркеледі, жеке сәйкестендіру нөмірін, ЭЦҚ немесе цифрлық сәйкестендіруді пайдалана отырып ақпаратты енгізу арқылы бірыңғай авторландыру құралын (IDP/SSO) пайдалана отырып аутентификациядан өтеді.

      Өтінім беру кезінде үміткер іріктеуді өткізу тәртібімен танысады және осы Қағидалардың талаптарын сақтайды, сондай-ақ ЭЖІ қалыптастыру үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді. 

      7. Іріктеудің әрбір кезеңінің алдында үміткер кезеңнен өту шарттарымен танысады және осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін, сондай-ақ іріктеу кезеңінен өтпеген жағдайда іріктеуге қатысуды тоқтатады.

      8. Үміткер ЭЖІ деректерінің дұрыстығын тексереді, әрбір еңбек жазбасы бойынша функционалдық бағытын көрсетеді, қажет болған жағдайда мәліметтерді толықтырады және түзетеді.

      9. Іріктеуге қатысу үшін үміткер өзінің техникалық жабдықтарын (компьютердің, ннтернеттің тұрақты жылдамдығы кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камера, микрофон және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандыру) пайдаланады.

      10. Іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткер жеке қатысуын және бөгде адамдардың болмауын қамтамасыз етеді; орнын тастап кетпейді; экраннан бұрылмайды; кескінді жаппайды; бейнекамераны ажыратпайды; жүйенің сұранысы бойынша ол іріктеу кезінде орналасқан бөлмеге (360 градус) дөңгелек шолу жасайды; телефонмен сөйлеспейді; басқа адамдардың дербес компьютерге кіруіне мүмкіндік беретін үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасын (қашықтан қол жеткізу бағдарламалары), аудио гарнитура (құлаққап), көмекші электрондық, баспа, қағаз және өзге де материалдар, сондай-ақ заттарды пайдаланбайды.

      Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңінен өткен кезде үміткер қажет болған жағдайда бос қағазды, калькуляторды, қарындашты немесе қаламды пайдаланады.

      11. Проктор үміткердің осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын бұзғанын анықтаған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде жүйе арқылы бұзушылықтар тізімін жасайды, ол үміткердің жеке кабинетіне жіберіледі.

      Бұл ретте үміткердің "Тексеруде" өтінімінің жай-күйі "Өтпеген" күйіне ауыстырылады және үміткер іріктеу өткізудің кез келген кезеңінде қатысуын тоқтатады.

      12. Жүйенің техникалық ақауы (техникалық ақау) туындаған жағдайда іріктеудің тиісті кезеңі автоматты түрде аяқталады, іріктеу рәсімінің әкімшісі жүйеде техникалық ақау туралы актіні тіркейді.

      Бұл ретте үміткер жиырма төрт сағат ішінде іріктеу кезеңінен өту үшін қайта жазылуға техникалық қолдау қызметіне жүгінеді.

      13. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда функциялары, өкілеттіктері мен штат бірліктері қандай да бір өзгерістерге жатпайтын мемлекеттік органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды қоспағанда, жарияланған конкурстар оларды өткізудің кез келген кезеңінде жойылады.

2-тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру

      14. Бос лауазымға орналасуға үміткерлерді іріктеу үшін конкурстық комиссияны мемлекеттік органның кадр қызметі қалыптастырады, бұл ретте конкурстық комиссия құрамының кемінде үштен бірін жүйе кездейсоқ тәртіппен қалыптастыратын тиісті тізімнен бағалаушылар құрайды.

      15. Конкурстық комиссия мүшелігіне қабылдау туралы шақыру (хабарлама) жүйедегі конкурстық комиссия мүшесінің жеке кабинетіне жіберіледі.

      16. Конкурстық комиссияның мүшесі шақырудан бас тартқан жағдайда, мемлекеттік органның кадр қызметіне жүйе арқылы тиісті ескерту (хабарлама) келіп түседі және жүйе арқылы конкурстық комиссия мүшелігіне келесі үміткер таңдалады, оған шақыру (хабарлама) жіберіледі.

      17. Конкурстық комиссия мүшелеріне үміткерлердің дербес деректеріне қатысты мәліметтерді таратпауды, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария етуге, сондай-ақ конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін өзге де іс-әрекеттер жасауға тиым салынады.

      18. Кворум болмаған немесе конкурстық комиссия мүшелері ауыстырылған жағдайда, конкурстық комиссияның отырысына дейін кадр қызметі конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді.

      19. Орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін не орталық мемлекеттік орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі.

      Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі.

      20. Конкурстық комиссия кемінде үш мүшеден тұрады және мынадай құрамда қалыптастырылады:

      1) конкурс жарияланған бос лауазымы бар мемлекеттік органның не құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы;

      2) кадр қызметінің қызметшісі немесе кадр қызметінің міндеттерін орындау жүктелген адам;

      3) бағалаушы.

      21. Конкурстық комиссияның мүшелері үміткерлерді дербес бағалайды.

      22. Конкурстық комиссияның құрамына конкурсқа қатысушы кірмейді.

      23. Конкурс жарияланған бос лауазымы бар мемлекеттік органның не құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы болмаған жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына оның міндетін атқарушы немесе конкурстық комиссияның мүшесін осы мемлекеттік органның қызметкерлері қатарынан кадр қызметі дербес айқындайды.

      24. Конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

      25. Конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды кадр қызметі жүзеге асырады.

      26. Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін мемлекеттік орган бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.

      Бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру жүйеде, сондай-ақ мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұданәрі – уәкілетті орган) интернет-ресурстарында жарияланады. Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі хабарландыруда көрсетіледі.

      Іріктеуге қатысу үшін өтінімдер уәкілетті пайдаланушылардан жүйенің көмегімен қабылданады.

      27. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) басшысы лауазымына конкурс өткізу кезінде бағалаушы ретінде конкурс комиссиясының құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі енгізіледі.

      28. Бағалаушы осы Қағидалардың 3-тармағы 2) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бағалаушы рөліне үміткердің жеке кабинетіне жүйемен тиісті хабарлама жіберіледі.

      29. Бағалаушыға жүйе арқылы оны мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының құрамына енгізу туралы хабарлама жіберіледі.

      30. Бағалаушы конкурстық комиссияның құрамына енгізілген жағдайларды қоспағанда, жүйедегі бағалаушылар тізімінен кез келген уақытта шыға алады.

3-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге тестілеу тәртібі

      31. Іріктеу рәсімінің әкімшісі азаматтардың өтініш жасауына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге тестілеуді өткізеді.

      32. Үміткерлер тестілеуге өтінім беруге қатысты ақпаратты және кеңесті жүйеде, уәкілетті органның интернет-ресурсында жұмыс уақытында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін алады.

      33. Үміткер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білу тестілеуінен өтеді.

      34. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін шекті мән белгіленбейді.

      35. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу нәтижесін тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен емес алған үміткерге жеке кабинетке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өткені туралы электрондық сертификат (бұдан әрі - сертификат) жіберіледі.

      Бұл сертификат ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізуге қатысқан кезде ғана жарамды.

      Сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде үміткер Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден қайта өтпейді.

      36. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен алған үміткерге жеке кабинетке тестілеуден өтпегені туралы хабарлама жіберіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік үш күннен кейін жол беріледі.

      37. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары болған кезде сертификаттың жарамдылық мерзімі осындай мән-жайлардың қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады.

1-параграф. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі

      38. Тестілеуге қатысу үшін үміткер тестілеу күніне дейін күнтізбелік бір күннен кешіктірмей жеке кабинетінде өтінім береді.

      Үміткер тестілеу уақытын жүйе қалыптастыратын кестеге сәйкес дербес таңдайды.

      39. Үміткердің жеке кабинетінде өтінімді тіркеуді растау мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебені көрсету болып табылады.

      40. Тестілеуге жазылу тестілеуден өту күні мен уақытын көрсете отырып, жүйе қалыптастыратын хабарламамен расталады.

      41. Тестілеуге қатысу үшін үміткер таңдаған уақытынан кешікпей жүйедегі жеке кабинеті арқылы тестілеуді бастайды.

      42. Тестілеу басталмас бұрын үміткер жүйеде тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.

      43. Үміткер тестілеу басталғанға дейін жеке кабинетте өтінімнің күшін жоюға жол беріледі.

      Өтінімнің күші жойылмаған және үміткер болмаған (келмеген) жағдайда жүйе үміткерді автоматты түрде бұғаттайды және тестілеуден қайта өту үшін күнтізбелік үш күн өткеннен кейін бұғаттан шығарады.

      44. Үміткер Осы Қағидалардың 10-тармағы талаптарын бұзған жағдайда жүйе арқылы бір жұмыс күні ішінде тестілеуден өту кезінде прокторингпен тіркелген бұзушылықтардың тізімі жасалады, оны жеке кабинетіне жібереді. Бұл ретте тестілеу нәтижелері автоматты түрде жойылады.

      45. Осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.

      46. Осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын қайтадан бұзуға жол берген үміткерлерді тестілеуге қайта тестілеуден өткен күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.

      47. Тестілеу рәсімі аяқталғанға дейін қатысушы сұрақтарға жауап беруге, жауаптарды, соның ішінде алдыңғы жауаптарды түзетуге мүмкіндігі бар.

      48. Үміткер тестілеуді "Ескертусіз аяқтау" немесе "Ескертулермен аяқтау" батырмасын таңдау арқылы тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт өткенге дейін өз бетінше аяқтайды, ал ескертулер болған жағдайда "Ескертулер" жолына үміткер өз ескертулерін, ұсыныстарын енгізеді не шағымын ресімдейді.

      49. Үміткер компьютерді қуаттан өз бетінше ажырату, интернетке қосылуды ажырату, тестілеу терезесіне кіруді тоқтату арқылы тестілеуді аяқтаған кезде тестілеу нәтижелеріне "Өтпеген" мәртебесі беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін жүзеге асырылады.

      50. Тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт өткеннен кейін тестілеу автоматты түрде аяқталады.

      51. Тестілеудің дұрыс жауаптарын санауды жүйе автоматты түрде жүзеге асырады.

      52. Тестілеу аяқталғаннан кейін жүйе тиісті нәтижені көрсетеді.

      53. Шекті мәнді еңсерген үміткерлердің нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейін өтінімнің мәртебесін "Тексеруде" деп көрсетеді.

      54. Проктормен тексеру тестілеу аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      55. Проктор тестілеуді өткізу тәртібін бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, үміткердің жеке кабинетіне бұзушылықтар тізімі бар хабарлама жіберіледі. Бұл ретте қатысушының "Тексеруде" өтінімінің жай-күйі "Өтпеген" күйіне ауыстырылады.

      56. Тестілеуді өткізу тәртібін бұзушылықтар болмаған жағдайда үміткердің өтінім мәртебесі "Тексеруде" дегеннен "Өтті" дегенге ауыстырылады және үміткер іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі.

2-параграф. Тестілеу нәтижелеріне шағымдану тәртібі

      57. Үміткерлердің тестілеу нәтижелеріне шағымдарын қарау "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

      58. Уәкілетті орган өз құзыреті шеңберінде Іріктеу рәсімінің әкімшісіненшағым берген үміткер бойынша тестілеуден өткені туралы материалдарды сұратады.

4-тарау. Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жеке қасиеттерін бағалауды және жалпы конкурсты өткізу тәртібі

      59. Конкурсты "Б" корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары (бұдан әрі – бос лауазымдар) бар мемлекеттік орган өткізеді.

      60. Мемлекеттік органдарда бос лауазымдарға орналасуға конкурс жалпы конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      61. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) жүйеде конкурс өткізутуралыхабарландыру;

      2) жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау;

      3) үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан және үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтуі;

      4) эссе жазу (белгілі бір лауазымдар үшін не мемлекеттік органның шешімі бойынша);

      5) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу;

      6) конкурс қорытындысын шығару.

      62. Конкурс кезеңдерінің нәтижелері бойынша жүйе автоматты түрде конкурс қорытындысын (бұдан әрі – конкурс қорытындысы) шығарады.

      63. Конкурс қорытындысы бос лауазымға қабылдау үшін негіз болып табылады.

1-параграф. Жүйеде конкурс өткізутуралыхабарландыру

      64. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік органның кадр қызметі қалыптастырады.

      65. Хабарландырулар жүйеде, мемлекеттік және уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында жарияланады. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында, өзге де мерзімді баспасөз басылымдарында, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде хабарландыруларды қосымша жариялауға жол беріледі.

      66. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін адамдар конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін Заңның 15-бабының 3, 3-2, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында, 27-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен жарияланған бос лауазымға тағайындалмайды.

      67. Конкурсты өткізу барысында жарияланған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      68. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) орналасқан жері, телефон нөмірлері көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы;

      2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдардың атауы;

      3) біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік орган айқындайтын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;

      4) бос лауазымға өтінімдерді қабылдау (жауап беру) мерзімі ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін екі жұмыс күнін, жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін бес жұмыс күнін құрайды;

      5) жеке қасиеттерін бағалаудан өту мерзімдері;

      6) үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өту мерзімдері;

      7) эссе жазумерзімдері (басшылауазымдарүшін);

      8) әңгімелесудіөткізукүні;

      9) конкурс қорытындыларына шағымдану тәртібі туралы ақпарат.

      69. Егер конкурс уақытша бос лауазымға өткізілсе, бұл шарт жұмыс орны (лауазымы) сақталатын уақытша болмаған қызметкердің жұмысқа шығу күні көрсетіле отырып, конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

2-параграф. Жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау

      70. Үміткер жүйеде бос лауазым туралы хабарландыруға өтінім беру арқылы конкурсқа қатысуын растайды.

      71. Жалпы конкурсқа қатысуға тестілеу бағдарламасында белгіленген шекті мәндерден төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден алдын ала өткен үміткерлер жіберіледі.

      Үміткердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификатының болуы жүйемен айқындалады.

      Мемлекеттік қызметшілерге және Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификаты талап етілмейді.

      72. Үміткер өтінім берген кезде жүйе оған дербес сәйкестендіру нөмірін тағайындайды.

      Үміткердің дербес сәйкестендіру нөмірі іріктеу кезеңдеріне қатысқан кезде үміткерді оның дербес деректерін көрсетпей иесіздендіру үшін пайдаланылады.

      73. Үміткер жарияланған бос лауазымды таңдағаннан кейін жүйе оның осы лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды, сондай-ақ мынадай құжаттардың сканерленген нұсқаларының болуын тексереді:

      1) еңбекқызметін растайтын құжат (біліктілік талаптары өтілінің болуын көздейтін лауазымдар үшін);

      2) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшалары.

      Үміткер жарияланған бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, жүйе үміткерді конкурстың келесі кезеңіне өту туралы хабардар етеді.

      74. Егер үміткерлердің ешқайсысы жарияланған бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, жүйе кадр қызметіне біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлердің жоқтығы және конкурстың аяқталуы туралы хабарлама жібереді.

3-параграф. Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі

      75. Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеу түрінде жүргізіледі.

      76. Жеке қасиеттерді бағалау жүйеде көзделген кестеге сәйкес жүргізіледі.

      Үміткердің жеке қасиеттерін бағалаудан өту күнін (кестесін) жүйемен автоматты түрде айқындалады, тиісті хабарлама үміткердің жеке кабинетіне жіберіледі.

      Жеке қасиеттерді бағалаудан өту уақытын үміткер жүйе қалыптастыратын кестеге сәйкес дербес таңдайды.

      77. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталардан бір сағат бұрын қатысушының жеке кабинетіне, электрондық поштасына және ұялы телефон нөміріне жүйемен тиісті ескерту-хабарлама жіберіледі.

      78. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту үшін үміткер жеке кабинетке ескерту-хабарламада көрсетілген уақыттан кешікпей кіреді.

      79. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталғанға дейін үміткер жүйеде жеке қасиеттерін бағалаудан өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.

      80. Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) тапсырмалардан тұрады.

      Жеке қасиеттерді бағалау сонымен қатар сенімділік деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.

      81. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні жүйемен автоматты түрде анықталатын растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды.

      82. Жеке қасиеттерді бағалаудың жалпы уақыты 100 минуттықұрайды.

      83. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту рәсімі аяқталғанға дейін үміткер сұрақтарға жауап беруге, жауаптарды, оның ішінде алдыңғы жауаптарды түзетуге мүмкіндігі бар.

      84. Үміткер "Аяқтау" батырмасын таңдап, жеке қасиеттерін бағалаудан өтуге бөлінген уақыт өткенге дейін жеке қасиеттерін бағалауды өз бетінше аяқтайды.

      85. Жеке қасиеттерді бағалауға бөлінген уақыт өткеннен кейін рәсім автоматты түрде аяқталады.

      86. Жеке қасиеттерді бағалауды аяқтаған үміткерлерге нәтижесі жүйе арқылы көрсетіледі.

      87. Шекті мәнді еңсерген үміткерлердің нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейінгі өтінімнің мәртебесі "Тексеруде" болады.

      88. Проктор тексеруді жеке қасиеттерін бағалау аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      89. Жеке қасиеттерін бағалаудан өткен үміткер талаптарды бұзбаған жағдайда оның өтінімінің мәртебесі "Тексеруде" дегеннен "Өтті" дегенге ауыстырылады және үміткер конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.

      90. Егер үміткерлердің ешқайсысы жеке қасиеттерін бағалау кезеңінің шекті мәнін еңсермеген жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен "Аяқталған" болып өзгереді және конкурс кезеңдеріне қатысу және конкурсты аяқтау үшін үміткерлердің жоқтығы туралы хабарлама мемлекеттік органның кадр қызметіне жіберіледі.

4-параграф. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау

      91. Бұл кезең үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін екі бөлек тестілеу кезеңінен тұрады.

      92. Тестілеуді бастамас бұрын үміткер жүйеде осы кезеңнен өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.

      93. Қажет болса үміткер қағазды, қарындашты және калькуляторды қолдана алады.

      94. Үміткер жүйеде өзіне ыңғайлы уақытта белгіленген күн ішінде мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтеді. Үміткер тапсырмаларға таңдаған уақытта жеке кабинетте қол жеткізе алады.

      95. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау мәтіннің ұсынылған бөлігін зерттеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын қамтиды.

      96. Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кестелер, графиктер және диаграммалар түрінде ұсынылған ақпаратты зерттеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын қамтиды.

      97. Әр бағалаудың ұзақтығы 25 минуттан аспайды. Алдын ала нәтижелер тестілеу аяқталғаннан кейін үміткерлердің мониторларында көрсетіледі.

      98. "Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" конкурс кезеңінен өтудің шекті мәні сұрақтардың жалпы санынан (50 сұрақ) кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды.

      99. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудың қорытынды нәтижелері жеке кабинетінде орналастырылады.

      100. Шекті мәнді еңсерген үміткерлердің нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейін өтінімнің мәртебесі "Тексеруде" болады.

      101. Проктордың тексеруі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      102. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетінен өткен үміткер талаптарды бұзбағанжағдайда, оның өтінімінің мәртебесі "Тексеруде" дегеннен "Өтті" дегенге ауыстырылады және үміткер конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.

      103. Егер үміткерлердің ешқайсысы мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңінің шекті мәнін еңсермеген жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен "Аяқталды" болып өзгертіледі және конкурс кезеңдеріне қатысу және конкурсты аяқтау үшін үміткерлердің жоқтығы туралы хабарлама мемлекеттік органның кадр қызметіне жіберіледі.

5-параграф. Эссе жазу

      104. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-O-1, D-R-1, E-1, E-R-1 лауазымдарының функционалдық бағыты бойынша кадр қызметі эссе тақырыптарының тізімін қалыптастырады, ол жүйеде орналастырылады және жеке кабинетіне жіберіледі.

      105. Өзге де санаттағы лауазымдарда эссе жазу кезеңі мемлекеттік органның қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін.

      106. Эссе жазу кезеңі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күні өтеді.

      107. Үміткердің эссе жазу күнін жүйе автоматты түрде анықтайды.

      108. Эссе жазу кезеңі басталғанға дейін үміткер жүйеде осы кезеңнен өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.

      109. Эссе жазуды үміткер жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес жүргізеді және мемлекеттік немесе орыс тілінде екі жүз елу сөзден аспайды.

      110. Бірнеше бос лауазымдарға конкурсқа қатысатын үміткер әрбір бос лауазым бойынша жеке эссе жазады.

      111. Эссе жазу кезеңі бейнежазу арқылы жүйемен жазылады.

      112. Эссе жазу уақыты жүйеде эссе жазудың "терезесі" ашылғаннан бастап есептеледі және 45 минуттан аспауы қажет.

      Бұл жағдайда үміткер белгіленген уақыт аяқталғанға дейін эссе жазуды бастауы және аяқтауы керек.

      113. Эссе жазу аяқталғаннан кейін нәтиже прокторға тексеруге жіберіледі.

      114. Проктор тексеруді келесі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Проктордың тексеруден өтуі аяқталғанға дейін өтінімнің мәртебесі "Тексеруде" болады.

      115. "Эссе жазу" конкурсы кезеңінен өткен үміткерлер тарапынан қағидалар талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда, проктор тексеру нәтижелерін жариялағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде эссені конкурс комиссиясының мүшелері осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес бес баллдық шәкіл бойынша бағалайды.

      116. "Эссе жазу" байқауының кезеңінен өтудің шекті мәні кемінде үш баллды құрайды.

      117. Егер үміткерлердің ешқайсысы эссе жазу кезеңінің шекті мәнін еңсермеген жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен "Аяқталған" болып өзгереді және конкурс кезеңдеріне қатысу және конкурсты аяқтау үшін үміткерлердің жоқтығы туралы хабарлама мемлекеттік органның кадр қызметіне жіберіледі.

6-параграф. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу

      118. Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің әлеуеті мен жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

      119. Әңгімелесу кезеңінің алдында конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған үміткерлердің жеке істері Заңның 16-бабында көзделген біліктілік талаптарына және мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігіне қайта тексеру үшін бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялаған мемлекеттік органның кадр қызметіне жүйе арқылы жіберіледі.

      Кадр қызметі бір жұмыс күні ішінде үміткерлердің жеке істерінің бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Біліктілік талаптарына сәйкес келмеген және/немесе осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттар болмаған жағдайда кадр қызметі үміткерге әңгімелесу кезеңіне жіберуден бас тартады және жүйе ең жоғары балл жинаған келесі үміткерді қайта тексеру үшін жібереді.

      Егер үміткерлердің ешқайсысы жарияланған бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, жүйе кадр қызметіне біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлердің жоқтығы және конкурстың аяқталуы туралы хабарлама жібереді.

      120. Конкурстық комиссиямен әңгімелесуге конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша еңжоғары балл жинаған үшеуден артық емес үміткер жіберіледі.

      121. Конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған үміткерлердің баллдары тең болған кезде әңгімелесуге жіберілетін үміткерлердің белгіленген санынан асып кетуіне жол беріледі.

      122. Әңгімелесу кезеңіне жіберілген үміткерлерге кадр қызметі жүйе арқылы әңгімелесу өткізу күні мен сілтемелері көрсетілген хабарламалар жібереді.

      123. Үміткерлермен әңгімелесу жүйе арқылы жеке қабинетке жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізіледі.

      124. Бірнеше бос лауазымдарға арналған конкурсқа қатысатын үміткер әрбір бос лауазым бойынша жеке әңгімелесуден өтеді.

      125. Конкурстық комиссияның мүшелері көрсетілген уақытқа сәйкес сілтемеге өтеді. Комиссия хатшысы конкурстық комиссияның уақтылы қатысуын қамтамасыз етеді. Әңгімелесу сессиясының уақыт есебі үміткер күту режимінен әңгімелесуге ауысқаннан кейін жүйемен автоматты түрде іске қосылады.

      126. Конкурстық комиссияның мүшелері үміткермен байланыс орнатуға және орналасуға, ашықтықты, ойды анық, қисынды түрде білдіру қабілетін анықтауға, сондай-ақ жеке құзыреттері тұрғысынан жалпы сипаттағы сұрақтар қояды.

      127. Әр үміткермен әңгімелесу ұзақтығы 15 минуттан аспайды.

      128. Әңгімелесу өткізу кезінде үміткер, егер бұл конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі келтірмесе, техникалық жазу құралдарын да пайдаланаалады.

      129. Конкурс кезеңдерінің жазбалары жүйеде конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні бойы сақталады, оның ішінде мемлекеттік органның кадр қызметі оларды жүктеуді және конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде бір жыл сақтауды қамтамасыз етеді.

7-параграф. Конкурс қорытындысын шығару

      130. Конкурс комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес жүйеге баллды енгізу арқылы үміткерлермен әңгімелесу қорытындыларын жеке бағалайды және ЭЦҚ көмегімен растайды.

      131. Егер жүйеде бағалау парақтары оның құрамының кемінде үштен екісі, бірақ кемінде үш адам толтырса, конкурстық комиссияның шешімі заңды деп есептеледі.

      132. Әңгімелесу аяқталған күні жүйе автоматты түрде: жеке қасиеттерін бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау нәтижелері, эссе және конкурстық комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауаптары бойынша барлық кезеңдердің нәтижелері мен жиынтық баллдары ең көп үміткерді - конкурс жеңімпазы ретінде анықтайды.

      133. Конкурс қорытындысы бойынша жүйе ең жоғары балл жинаған үздік үш үміткерді жинақ баллының төмендеуі бойынша автоматты түрде айқындайды.

      134. Бірнеше үміткердің баллдары тең болған жағдайда, еңбек өтілі көп үміткер жеңімпаз болып танылады. Еңбек өтілі тең болған жағдайда білім деңгейі қарастырылады.

      Баллдары, еңбек өтілі және білім деңгейі тең болған жағдайда жеңімпаз жүйемен дербес анықталады.

      Егер әңгімелесу кезеңіне бір үміткер қатысып, осы кезеңдегі нәтижесі бір баллдан кем болған жағдайда конкурстың жеңімпазы анықталмады деп танылады.

      135. Конкурс қорытындысы шығарылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүйемен хаттама ресімделеді, оған ЭЦҚ көмегімен кадр қызметі қол қояды.

      Мемлекеттік органның кадр қызметіне және үміткерлердің жеке кабинеттеріне жүйе арқылы конкурс қорытындылары туралы хабарлама жіберіледі.

5-тарау. Үміткердің лауазымға орналасуы

      136. Мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам бес жұмыс күні өткеннен кейін, бірақ конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, егер тараптардың келісімдері бойынша өзге мерзім белгіленбесе, жарияланған бос лауазымға үміткер - конкурс жеңімпазын қабылдайды.

      137. Әңгімелесу кезеңіне бір үміткер қатысқан жағдайда, оны тағайындау конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап жүзеге асырылуы мүмкін.

      138. Конкурс жеңімпазы тағайындаудан бас тартқан, сол сияқты осы Қағидалардың 136-тармағында белгіленген мерзімде жұмысқа қабылдау туралы өтінішті ұсынбаған не оны Заңның 20-бабында көзделген сынақ мерзімі өткенге дейін жұмыстан босатқан жағдайда, мемлекеттік органның кадр қызметі жүйе арқылы іріктеудің барлық кезеңдерінің жиынтық баллдарының ең көп санын жинаған келесі үміткерге бос лауазымға орналасуға шақыру (хабарлама) жібереді, ол қабылданған шешім туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      139. Жеңімпаз, мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде кадр қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) станционарларда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттармасының нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

6-тарау. Шағымдану тәртібі

      140. Үмтікерлердің конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдануына жол беріледі.

      141. Конкурс қорытындысына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

      142. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.

      143. Шағымды қарау қорытындысы бойынша, осы Қағидалардың талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органға ұсыныс енгізеді.

      144. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ұсынымын конкурс комиссиясы оның отырысында бұрынғы құрамда не кадр қызметінде қарайды.

      Конкурс комиссиясы немесе кадр қызметі қабылданған шешім туралы уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне және шағым берген үміткерге ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      145. Үміткерлер конкурстық құжаттарды, тестілеу, жеке қасиеттерін бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауды және әңгімелесу нәтижелерімен өздеріне қатысты бөлігінде танысады, сондай-ақ уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері сұратады және алады.

  Ықпалдастырылған ақпараттық
жүйеде "Б" корпусының
мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға
іріктеу және конкурс өткізудің
уақытша қағидаларына
1-қосымша

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білу тестілеу бағдарламасы

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасы:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тесттің (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут;

      2) Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тесттер.

      Тестілеуден өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (55 сұрақ) кемінде 30 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша кемінде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындаудың жалпы уақыты 55 минутты құрайды.

  Ықпалдастырылған ақпараттық
жүйеде "Б" корпусының
мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға
іріктеу және конкурс өткізудің
уақытша қағидаларына
2-қосымша
  нысан

СЕРТИФИКАТ

__________________________________ "Б" корпусының (үміткердіңтегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден 20__ жылы өткенін растайды.


 

Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны





ҚОРЫТЫНДЫ




      Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеуден өткен күннен бастап бір жылды құрайды.

      Бұл сертификат ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеуге және өткізуге қатысу үшін жарамды.


 


 

"___" ___________________ 20 __ ж.


  Ықпалдастырылған ақпараттық
жүйеде "Б" корпусының
мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға
іріктеу және конкурс өткізудің
уақытша қағидаларына
3-қосымша

Жеке қасиеттерінбағалау

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау

Эссе жазудыбағалау

Сұхбаттыбағалау

Жеке қасиеттердібағалаубойыншақорытынды балл мынадай формула бойыншаесептеледі:
T = 0,02 х S мұнда:
T – қорытынды балл; 0,02 – жекеқасиеттерінбағалаукоэффициенті;
S – жауаптардыңрастықдеңгейініңпайызы

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T = Т1 + Т2 мұнда:
Т – мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл;
T1 – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл;
T2 – сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл.
Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі:
T1 = 0,1 х S1 мұнда:
T1 – қорытынды балл;
0,1 – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау коэффициенті;
S1 – дұрыс жауаптардың саны. Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі:
T2 = 0,1 х S2 мұнда:
T2 – қорытынды балл; 0,1 – сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау коэффициенті;
S2 – дұрыс жауаптардың саны.

0 балл -үміткер эссе тақырыбын жазбаған немесе ашпаған (сұрақты білмегендігін көрсетеді);
1 – 2 балл-үміткер эссе тақырыбын ішінара ашты (тиісті сала туралы жалпы білімі мен түсінігі бар);
3 – 4 балл -үміткер эссе тақырыбын жақсы ашты (тиісті сала туралы кең білімі мен түсінігі, тәуелсіз және сыни талдаудың өте жақсы деңгейі бар);
5 балл – үміткер эссе тақырыбын толық ашты (тиісті сала туралы терең білімі мен түсінігі, тәуелсіз және сыни талдаудың жоғары деңгейі бар, саланы жетілдіру бойынша шараларды ұсынады).

0 балл - үміткер әңгімелесу қабілетін көрсетпеді 1 балл-үміткер әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға нашар жауап береді;
2 балл – үміткер кәсіби тақырыпта қысылып әңгімелеседі, бірақ жетекші сұрақтарға жауап береді;
3 балл - үміткер кәсіби тақырып бойынша еркін әңгімелеседі, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.

  Ықпалдастырылған ақпараттық
жүйеде "Б" корпусының
мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға
іріктеу және конкурс өткізудің
уақытша қағидаларына
4-қосымша

Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеуді және конкурстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Тізбесі

      2024 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

      2. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      5. Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары;

      6. Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары;

      2024 жылғы 1 ақпанынан 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

      2. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі;

      3. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      5. Қазақстан Республикасының Саудажәне интеграция министрлігі;

      6. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;

      7. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

      8. Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары;

      9. Ақмола облысының жергілікті өкілді органдары;

      10. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы;

      11. Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары;

      12. Шымкент қаласының жергілікті өкілді органы;

      13. Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы;

      14. Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары;

      15. Астана қаласының жергілікті өкілді органы;

      16. Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы;

      17. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары;

      18. Қарағанды облысының жергілікті өкілді органдары;

      19. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы;

      20. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары;

      21. Павлодар облысының жергілікті өкілді органдары;

      22. Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы.

      2024 жылғы 1 шілдесінен 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:

      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі;

      2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      6. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      7. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      8. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары;

      9. Ақтөбе облысының жергілікті өкілді органдары;

      10. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы;

      11. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары;

      12. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді органдары;

      13. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы;

      14. Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары;

      15. Батыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді органдары;

      16. Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы;

      17. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары;

      18. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті өкілді органдары;

      19. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы;

      20. Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары;

      21. Маңғыстау облысының жергілікті өкілді органдары;

      22. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады