"Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 ақпанда № 33989 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында:

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Мемлекеттік, шоғырландырылған бюджеттердің, облыс бюджетінің атқарылуы туралы есеп осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады:

      бұл ретте, 4-бағандағы "Шығару сомасы":

      І "Кірістер" бөлімі бойынша жиыны:

      кірістердің 2-санаты бойынша (1,0 миллиард теңге) – бұл төмен тұрған бюджеттерге берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) сомасы, кірістердің 4-санаты бойынша (230,0 миллиард теңге = 20,0 миллиард теңге + 210,0 миллиард теңге) - бұл бюджеттік алып қоюлар ретінде жоғары тұрған бюджеттен алынған және төмен тұрған бюджет жоғары тұрған бюджеттен субвенциялар, нысаналы ағымдағы трансферттер мен нысаналы даму трансферттері (жоғары тұрған бюджеттің резервінен алынған трансферттерді қоса алғанда) нысанында алынған трансферттердің сомасынан тұрады.

      II "Шығындар" бөлімі бойынша жиыны:

      жоғары тұрған бюджет төмен тұрған бюджетке берілген трансферттердің (90,0 миллиард теңге - субвенциялар, 80,0 миллиард теңге - нысаналы ағымдағы және нысаналы даму трансферттері), жоғары тұрған бюджетке төмен тұрған бюджеттен берілген трансферттердің (60,0 миллиард теңге - бюджеттік алымдар) және үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығындардың (1,0 миллиард теңге) сомаларынан тұрады.

      III "Таза бюджеттік кредит беру" бөлімі:

      "Бюджеттік кредиттер" кіші бөлімі бойынша жиын жоғары тұрған бюджеттің төмен тұрған бюджетке бөлінген кредиттердің сомасынан тұрады.

      Қаралатын мысалда жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға (40,0 миллиард теңге) және төмен тұрған бюджеттердегі қолма-қол ақша тапшылығын жабуға (1,0 миллиард теңге) бөлінген кредиттер сомасы орын алады. Егер жоғары тұрған бюджеттің резерві төмен тұрған бюджеттерде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бөлінбеген жағдайда, онда мемлекеттік, шоғырландырылған бюджеттердің, облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру кезінде оның сомасы алынып тасталмайды.

      Қаралатын мысалда "Кредиттерді өтеу" кіші бөлімінің жиыны төмен тұрған бюджет жоғары тұрған бюджеттен қолма-қол ақша тапшылығын жабуға алған кредитті төмен тұрған бюджеттің толық өтеу сомасымен берілген. Егер бұл резерв мемлекеттік, шоғырландырылған бюджеттердің, облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру күніне бөлінбеген немесе ішінара бөлінген жағдайда, онда алып тастау үшін сома не болмайды, не ол төмен тұрған бюджетке бөлінген және олардың өтеуіне жататын резервтің сол бөлігін құрайтын болады.

      VI "Бюджет тапшылығын қаржыландыру" бөлімі бойынша:

      қаралатын мысалда "Қарыздар түсімі" жолы бойынша сома жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттер сомасына тең, ал "Қарыздарды өтеу" жолының сомасы төмен тұрған бюджеттің кредиттерін өтеу сомасына тең. Қаралатын мысалда ағымдағы қаржы жылында өтелуге жататын төмен тұрған бюджет алған 1,0 миллиард теңге сомасындағы кредит өтелуге жатады. Ағымдағы қаржы жылында төмен тұрған бюджет алған 40,0 миллиард теңге сомасындағы кредит, айталық, 2 жылдан кейін өтелуге жатады, осыған байланысты ағымдағы қаржы жылында төмен тұрған бюджет оны өтеу бойынша шығыстарды көтермейді.

      8 "Шығару сомасы" бағанында:

      I "Кірістер" бөлімі бойынша жиын:

      ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке келіп түскен трансферттер сомасынан тұрады.

      II "Шығындар" бөлімі бойынша жиын:

      ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілген трансферттер сомасынан тұрады.

      12 "Шығару сомасы" бағанында:

      I "Кірістер" бөлімі бойынша жиын:

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін және әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін – ӘлМСҚ-ға республикалық бюджеттен берілген нысаналы жарна сомасынан (38,0 миллиард теңге = 28,0 миллиард теңге + 10,0 миллиард теңге) тұрады.

      II "Шығындар" бөлімі бойынша жиын:

      ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін және әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін – ӘлМСҚ-ға республикалық бюджеттен берілген нысаналы жарна сомасынан (38,0 миллиард теңге = 28,0 миллиард теңге + 10,0 миллиард теңге) тұрады.";

      104-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104-2. МӘСҚ түсімдері мен шығыстары туралы айлық/жылдық есепті орталық уәкілетті орган жасайды және ол мына бөлімдерді қамтиды:

      1) Түсімдер, барлығы (I),

      2) Шығыстар (II);

      3) Түсімдер мен шығыстар сальдосы (III);

      4) Қаржы жылының басындағы МӘСҚ ақша қалдығы (IV);

      5) Есепті кезеңнің соңындағы МӘСҚ ақша қалдығы (V);

      I "Түсімдер" бөлімі МӘСҚ түсетін түсімдер сомасын көрсетеді.

      II "Шығыстар" бөлімі МӘСҚ жүргізілген төлемдер сомасын көрсетеді.

      III "Түсімдер мен шығыстар сальдосы" бөлімі I "Түсімдер" және II "Шығыстар" бөлімдері арасындағы айырма сомасын көрсетеді.

      IV "Қаржы жылының басындағы МӘСҚ ақша қалдығы" бөлімі қаржы жылының басындағы МӘСҚ ақша қалдығының сомасын көрсетеді.

      V "Есепті кезеңнің соңындағы МӘСҚ ақша қалдығы" бөлімі III "Түсімдер мен шығыстар сальдосы" және IV "Қаржы жылының басындағы МӘСҚ ақша қалдығы" бөлімдерінің жиынтық сомасын көрсетеді.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есептіден кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде ұсынады.

      ӘлМСҚ түсімдері мен шығыстары туралы айлық/жылдық есепті орталық уәкілетті орган жасайды және ол мына бөлімдерді қамтиды:

      1) Түсімдер, барлығы (I),

      оның ішінде нысаналы жарна:

      ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін;

      әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін;

      2) Шығыстар (II);

      3) Түсімдер мен шығыстар сальдосы (III);

      4) Қаржы жылының басындағы ӘлМСҚ ақша қалдығы (IV);

      5) Есепті кезеңнің соңындағы ӘлМСҚ ақша қалдығы (V);

      I "Түсімдер" бөлімі республикалық бюджеттен берілетін нысаналы жарнаның жеке жолын көрсете отырып, ӘлМСҚ түсетін түсімдер сомасын көрсетеді.

      II "Шығыстар" бөлімі ӘлМСҚ жүргізілген төлемдер сомасын көрсетеді.

      III "Түсімдер мен шығыстар сальдосы" бөлімі І "Түсімдер" және II "Шығыстар" бөлімдері арасындағы айырма сомасын көрсетеді.

      IV "Қаржы жылының басындағы ӘлМСҚ ақша қалдығы" бөлімі қаржы жылының басындағы ӘлМСҚ ақша қалдығының сомасын көрсетеді.

      V "Есепті кезеңнің соңындағы ӘлМСҚ ақша қалдығы" бөлімі III "Түсімдер мен шығыстар сальдосы" және IV "Қаржы жылының басындағы ӘлМСҚ ақша қалдығы" бөлімдерінің жиынтық сомасын көрсетеді.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есептіден кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде ұсынады.";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Жылдық және жартыжылдық есептерге ақпарат "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаның құрамында көрініс табады (ҚЕ-5-нысан) және қысқаша жазылуы және мына бөлімдер бойынша: жалпы ережелер мен бюджеттік есептілік нысандары жөніндегі түсіндірмені қамтуы тиіс.";

      аталған Қағидалардың 9-2-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған Қағидалардың 21-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 71 Бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
9-2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға

      Нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.minfin.gov.kz

      Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп

      Индекс: 8-ӘлМСҚ нысан

      Кезеңділігі: ай сайын, жылдық

      Есепті кезең:____________________ жылдарға арналған

      Ұсынатын тұлғалар тобы: бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есептіден кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде.

      мың теңге

Атауы

Болжам

Нақты орындау

Есепті кезеңге

Жыл басынан

Есепті кезеңге

Жыл басынан

1

2

3

4

5

I. түсімдер, барлығы -





оның ішінде нысаналы жарна:





мемлекет жарналары





ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін





әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін





II. шығыстар, барлығы





III. түсімдер мен шығыстар сальдосы





IV. қаржы жылының басындағы ӘлМСҚ ақша қалдығы

\




V. есепті кезеңнің соңындағы ӘлМСҚ ақша қалдығы





      Атауы _____________________________

      Мекенжайы _________________________

      Телефон ____________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________

      Орындаушы ___________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы, телефоны

      Басшы ________ ______________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Мөр орны

      Бас бухгалтер ______ __________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      МӘСҚ – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;

      ӘлМСҚ – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

      ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі;

      МӘМС – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру;

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Қағидалардың 104-2-тармағында келтірілген.

  2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 71 Бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
  21-қосымша

Шоғырландырылған, мемлекеттік бюджеттердің, облыс бюджетінің атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру үлгісі

Бөлімдер

Кодтар

Бюджет көрсеткіштерінің атауы

Республикалық бюджет/облыстық бюдже

Жергілікті бюджеттер (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті) / аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері

Республикалық бюджет+жергілікті бюджеттер/ облыстық бюджет+аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері

Алып тасталатын сома

Түсімдер сыныптамасы

Шығыстардың функционалдық сыныптамасы




А

1

2

3

4

I



Кірістер

1120,0

570,0

1690,0

231,0

1


Салықтық түсімдер

960,0

350,0

1310,0

-



Оның ішінде кедендік әкету баждары

1,0


1,0


2


Салықтық емес түсімдер

75,0

5,0

80,0

1,0

3


Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

15,0

5,0

20,0

-

4


Трансферттер түсімдері

70,0

210,0

280,0

230,0




оның ішінде:








төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан берілетін трансферттер

20,0


20,0

20,0




жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан берілетін трансферттер


210,0

210,0

210,0




Ұлттық қордан берілетін трансферттер

50,0


50,0





Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер








Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер








МӘСҚ-ға түсетін түсімдер








ӘлМСҚ-ға түсетін түсімдер








Оның ішінде
нысаналы жарна








ТМККК шеңберінде қызмет көрсетуге ақы төлеу үшін








әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы үшін





II



Шығындар

1050,0

590,0

1640,0

231,0



1

Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

70,0

30,0

100,0

-



2

Қорғаныс

70,0

10,0

80,0

0,3



3

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқарушылық қызметі

100,0

25,0

125,0

0,7



4

Білім беру

60,0

165,0

225,0

11,0



5

Денсаулық сақтау

60,0

100,0

160,0

5,0




Оның ішінде мемлекет жарналары








ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге бюджеттен трансферттер








әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілеріне қызметтер көрсетуге ақы төлеуге арналған қордың шығындарын өтеуге бюджеттен трансферттер







6

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

280,0

38,0

318,0

1,5



7

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

25,0

60,0

85,0

30,0



8

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

20,0

30,0

50,0

3,5



9

Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану

28,0

10,0

38,0

9,0



10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары

60,0

10,0

70,0

1,0



11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

1,5

0,5

2,0

-



12

Көлік және коммуникация

90,0

25,0

115,0

13,0



13

өзгелер

60,0

25,0

85,0

5,0



14

Борышқа қызмет көрсету

35,5

1,5

37,0

1,0



15

Трансферттер

90,0

60,0

150,0

150,0




Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер








Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды өтеу





III



Таза бюджеттік кредит беру

44,0

4,0

48,0

40,0



Бюджеттік кредиттер

65,0

10,0

75,0

41,0


4

Білім беру

8,0

-

8,0

-


7

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

40,0

-

40,0

40,0


10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары

3,0

8,0

11,0

-


12

Көлік және коммуникация

6,0

-

6,0

-


13

Өзгелер

8,0

2,0

10,0

1,0



Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-нан төлемдер







Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды өтеу







МӘСҚ шығыстары







ӘлМСҚ шығыстары







БИҚҚ шығыстары







Таза бюджеттік кредит беру

44,0

4,0

48,0

40,0



Бюджеттік кредиттер

65,0

10,0

75,0

41,0

5


Бюджеттік кредиттерді өтеу

21,0

6,0

27,0

1,0

IV



Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

68,0

9,0

77,0

-



Қаржы активтерін сатып алу

70,0

10,0

80,0

-

6


Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

2,0

1,0

3,0

-

V



Бюджет тапшылығы /профициті

-42,0

-33,0

-75,0

-40,0

VI



Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы/ мұнайға қатысты емес профициті

-93,0

-33,0

-126,0

-40,0

VII



Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

42,0

33,0

75,0

40,0

7


Қарыздар түсімі

200,0

31,0

231,0

41,0


16

Қарыздарды өтеу

158,0

1,0

159,0

1,0

8


Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

-

3,0

3,0

-




Анықтама үшін:








Бюджет қаражатының қалдықтары








Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары








Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары





      Кестенің жалғасы

Мемлекеттік бюджет/облыс бюджеті

Ұлттық қордан түсетін түсімдер мен шығыстар

Алып тасталатын сома

Жәбірленушілерге өтемақы қорынан түсетін түсімдер мен төлемдер

МӘСҚ

ӘлМСҚ

БИҚҚ

Алып тасталатын сома

Шоғырландырылған бюджет

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1459,0

680,0

50,0

13,0

99,0

88,0

500,0

39,0

2750,0

1310,0

677,0







1987,0

1,0








1,0

79,0

2,0


10



400,0


491,0

20,0

1,0







21,0

50,0


50,0






0,0


















0,0









0,0

50,0








50,0




3,0



100,0


103,0


10







10





99,0




99,0






88,0



88,0






1,0


1,0







28,0


28,0

0






10,0


10,0

0

1409,0

50,0

50,0





39,0

1370,0

100,0








100,0

79,7








79,7

124,3








124,3

214,0








214,0

155,0








155,0






1,0


1,0







28,0


28,0

0,0






10,0


10,0

0,0

316,5








316,5

55,0








55,0

46,5








46,5

29,0








29,0

69,0








69,0

2,0








2,0

102,0








102,0

80,0








80,0

36,0








36,0

0,0








0,0


50






50

0


10







10

8,0








8,0

34,0








34,0

8,0








8,0

0,0








0,0

11,0








11,0

6,0








6,0

9,0








9,0




10,0





10,0


10,0







10,0





90,0




90,0






80,0



80,0







500,0


500,0

8,0








8,0

34,0








34,0

26,0








26,0

77,0

0,5







77,5

80,0








80,0

3,0

0,5







3,5

-35,0

629,5


3,0

9,0

8,0



624,5

-86,0

629,5








35,0

-629,5


-3,0

-9,0

-8,0



-624,5

190,0








190,0

158,0








158,0

3,0








-656,5





































      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      МӘСҚ – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;

      ӘлМСҚ – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

      ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі;

      МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру;

      БИҚҚ – Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады