"Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 13 ақпанда № 33997 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15539 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларында:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және шетелдік әскери оқу орындарында (бұдан әрі – шетелдік ӘОО) даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін ұйымдастыру және іріктеу тәртібін айқындайды.

      2. Әскери қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-да оқуға іріктеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында (бұдан әрі – Қабылдау қағидалары) көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-да оқуға іріктеу ҚР ҚМ ӘОО бастығының атына берілген баянат негізінде шетелдік ӘОО-да одан әрі оқу мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ҚР ҚМ ӘОО) бірінші курсына оқуға түскен әскери қызметшілер қатарынан іріктеу жылының 30 тамызына дейін жүзеге асырылады.

      Азаматтардың одан әрі шетелдік ӘОО-да оқу мақсатында ҚР ҚМ ӘОО-сына оқуға түсуі Қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Іріктеу жүзеге асырылатын шетелдік ӘОО-лар тізімі, сондай-ақ қойылатын талаптар, іріктеу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат іріктеу жылының 30 мамырына дейін жергілікті әскери басқару органдарында орналастырылады.

      Баянатта кандидаттың әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), туған жылы мен айы, ол оқуға түсуге ниет білдіретін шетелдік ӘОО-ның атауы және мамандығы көрсетіледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлері бас қолбасшыларының немесе әскер тегі қолбасшыларының орынбасарлары қатарынан біреуі тағайындалады, ҚР ҚМ ӘОО бастығы төрағаның орынбасары болып табылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Шетелдік ӘОО денсаулық жағдайына анағұрлым жоғары медициналық талаптар қойған жағдайда әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес кезектен тыс медициналық куәландыруға жіберілуге тиіс.";

      Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2024 жылғы 12 ақпандағы
№ 133 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 371 бұйрығына
қосымша

      Нысан

№ ____ ХАТТАМА

      ________________________________ іріктеу (апелляциялық) комиссиясының отырысы

      (комиссия құрылатын органның атауы)

      ______________________________________ іріктеуден өткені (бас тартылғаны) туралы

      (ӘОО-ның атауы)

      Комиссия құрамы: төрағасы _______________ төрағаның орынбасары _____________

      мүшелері: ________________________________________________________________

      өз отырысында кандидаттарды қарады, зерделеді және қаулы етті:

Р/с №

Т.А.Ә.
(бар болған кезде)

Туған күні, айы және жылы

Оқуға түсетін шетелдік ӘОО атауы және мамандығы

ҰБТ нәтижесі

Оқыту тілі бойынша тестілеу нәтижесі

Психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеу

Жалпы балы

Комиссия шешімі










      Комиссия төрағасы: _______________________________________________________

      (әскери атағы, инициалы және тегі)

      Комиссия мүшелері: _______________________________________________________

      (әскери атағы, инициалы және тегі)

      Комиссия хатшысы: _______________________________________________________

      (әскери атағы, инициалы және тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады