"Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 ақпанда № 34002 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23928 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсері туралы декларация ұсыну қағидаларына, сондай-ақ әсерге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандары мен оларды толтыру тәртібіне 7-қосымшада:

      I және II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініш формасында:

      4 және 5-кестелер мынадай редакцияда жазылсын:

      4-кесте Қалдықтарды жинақтау лимиттері

р/ с

Қалдықтардың атауы

Қалдықтардың пайда болу көлемі, тонна/жыл

Қолданыстағы жағдайға жинақталған қалдықтардың көлемі, тонна/жыл

Қайта пайдалануға, қайта өңдеуге жататын көлем, тонна/жыл

Бөгде ұйымдарға беруге жататын көлемі, тонна/жыл

Қалдықтардың жинақталу орны

Қалдықтардың жинақталу лимиттері, тонна/жыл

1

2

3

4

5

6

7

8


Барлығы, оның ішінде алаңдар бойынша:








1-алаң








Соның ішінде түрлер бойынша








Қауіпті қалдықтар








Қауіпті емес қалдықтар








"Айналы қалдықтар"








Жалпы








2-алаң








Соның ішінде түрлер бойынша








Қауіпті қалдықтар








Қауіпті емес қалдықтар








"Айналы қалдықтары"








Жалпы
















Барлығы







      5-кесте . Қалдықтарды көму лимиттері

Қалдықтардың атауы

Қалдықтардың пайда болу көлемі, тонна/жыл

Қолданыстағы жағдайға көмілген қалдықтардың көлемі, тонна/жыл

Көмуге жататын көлемі, тонна/жыл

Қалдықтардың жинақталу орны, тонна/жыл

Қалдықтардың жинақталу лимиттері, тонна/жыл

1

2

3

4

5

6

7


Барлығы, оның ішінде алаңдар бойынша:







1-алаң







Соның ішінде түрлер бойынша:







Қауіпті қалдықтар







Қауіпті емес қалдықтар







"Айналы қалдықтар"







Жиыны







2-алаң







Соның ішінде түрлер бойынша







Қауіпті қалдықтар







Қауіпті емес қалдықтар







"Айналы қалдықтар"







Жалпы














Барлығы






      Ескертпенің 1-тармағы:

      1. Экологиялық рұқсат алуға арналған өтінімдердің 2-6-кестелері барлық өндірістік объектінің қорытынды деректері түрінде және шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды жинақтау мен көму, күкіртті орналастыру үшін әрбір өнеркәсіптік алаң бойынша деректерді көрсете отырып толтырылады.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсері туралы декларация ұсыну қағидаларына, сондай-ақ әсерге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандары мен оларды толтыру тәртібі 8-қосымшада:

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде

      "І санат объектілері үшін әсер етуге экологиялық рұқсат беру" деген бөлімде: реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын::

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Құрылысқа және(немесе) пайдалануға әсер етуге рұқсат бірге де, жеке де беріледі
Көзделіп отырған қызметк - I санаттағы объектілердің құрылысына қатысты қоршаған ортаға әсер ету рұқсатын алу үшін ұсынылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі І санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат алуға өтініш;
2) I санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
3) эмиссиялар нормативтерінің жобасы (объектіні пайдалану үшін);
4) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
5) күкіртті ашық түрде күкірт карталарына орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде);
6) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
7) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
8) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлерінің оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
9) әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
I санаттағы объектіні пайдалану үшін әсер етуге рұқсат алуға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі І санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш;
2) I санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
3) эмиссиялар нормативтерінің жобасы (объектіні пайдалану үшін);
4) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
5) күкіртті ашық түрде күкірт карталарына орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде);
6) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
7) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
8) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлерінің оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
9) әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
I санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі әсер етуге рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш;
2) әсер етуге қайта ресімделетін рұқсат берілген объектіге (объектілерге) меншік құқығының ауысуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарын, экологиялық рұқсаттарын көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсері туралы декларация ұсыну қағидаларына, сондай-ақ әсерге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандары мен оларды толтыру тәртібіне 11-қосымшада:

      "II санат объектілері үшін әсер етуге экологиялық рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Құрылысқа және(немесе) пайдалануға әсер етуге рұқсат бірге де, жеке де беріледі
ІІ санаттағы құрылыс жұмыстарының жобалары бойынша әсер етуге, ІІ санатты рұқсат алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі ІІ санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш;
2) I санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
3) эмиссиялар нормативтерінің жобасы (объектіні пайдалану үшін);
4) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
5)өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
6) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
7) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлерінің оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
8) әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
9) күкіртті ашық түрде күкірт карталарына орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде);
ІІ санаттағы объектіні пайдалану үшін әсер етуге рұқсат алуға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі ІІ санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш;
2) эмиссиялар нормативтерінің жобасы (объектіні пайдалану үшін);
3) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
4)өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы (объектіні пайдалану үшін);
5) әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
6) күкіртті ашық түрде күкірт карталарына орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде);
7) ІІ санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
8) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
9) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлерінің оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрде әсер етуге рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш;
2) әсер етуге қайта ресімделетін рұқсат берілген объектіге (объектілерге) меншік құқығының ауысуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарын, экологиялық рұқсаттарын көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсері туралы декларация беру қағидаларына, сондай-ақ әсерге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандары мен оларды толтыру тәртібіне 14-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 15 ақпандағы
№ 31 Бұйрығына
қосымша/
  Бұйрығымен бекітілген
Әкімдіктің бірлескен
қаулысы мен шешіміне
қосымша /бірлескен қаулысы
мен шешімімен
бекітілген
  Экологиялық рұқсаттар беру,
қоршаған ортаға әсер ету
туралы декларацияны,
сондай-ақ әсер етуге
экологиялық рұқсат
бланкілерінің нысанын
және оларды толтыру тәртібін
ұсыну қағидаларына
14-қосымша

      Нысан

20__ – 20__ жылдар аралығындағы кезеңге арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Кәсіпорынның атауы:

      ______________________________________________________

      Объектінің атауы:

      _________________________________________________________

      Ластағыш заттардың жол берілетін шығарындылары мен төгінділерінің нормативтерін, қалдықтарды көму лимиттерін, күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттерін сақтауға байланысты іс-шаралар

Р/с №

Іс-шараның атауы

Ластану объектісі/көзі

Көрсеткіш (эмиссия нормативтері, қалдықтарды көму лимиттері, ашық карталарда күкіртті орналастыру лимиттері)

Негіздеме

Ағымдағы шама

Белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізудің күнтізбелік жоспары

1-жылдың (20__ жыл) соңына

2-жылдың (20__ жыл) соңына

1

2

3

4

5

6

7

8









      Кестенің жалғасы

Белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізудің күнтізбелік жоспары

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі, мың теңге

Іс шаралардан болған экологиялық тиімділік, тонна /жыл

3-жылдың (20__ жыл) соңына

4-жылдың (20__ жыл) соңына

5-жылдың (20__ жыл) соңына

6-жылдың (20__ жыл) соңына

7-жылдың (20__ жыл) соңына

8-жылдың (20__ жыл) соңына

9-жылдың (20__ жыл) соңына

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18











  Қоршаған ортаны қорғау
Жөніндегі іс-шаралар
жоспарына
қосымша

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын дайындау жөніндегі түсініктемелер

      1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы І және ІІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат алуға арналған өтінішке қосымша ретінде Кодекстің 125-бабының талаптарына сәйкес әзірленеді.

      2. Оператор эмиссиялар нормативтеріне, қалдықтарды көму лимиттеріне және күкірт карталарына ашық түрде орналастыру лимиттеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды I және II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініш немесе осындай рұқсатқа өзгеріс енгізуге өтініш беру кезеңінде осы нормативтер мен лимиттерді сақтау мүмкін болмаған кезде ұсынады.

      I және II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініш беру күнінен бұрын объект сәйкес келген экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, табиғат қорғауда маңызы бар құрылғыларды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспар жобасына енгізуге жатпайды.

      3. Әрбір іс-шара үшін оператор мыналарды көрсетеді:

      негізгі техникалық параметрлері көрсетілен, жалпы техникалық сипаттаманы;

      эмиссиялар нормативтерінің, қалдықтарды көму лимиттерінің және күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттерінің сақталуын қамтамасыз ететін ластану көздеріне сәйкестікті;

      іс-шаралар қозғайтын ластағыш заттарды;

      іс-шараларға қол жеткізуге бағытталған параметрлер/көрсеткіштерді (эмиссиялардың нормативтері, қалдықтарды көму лимиттері, күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері);

      қоршаған ортаға жанама жағымсыз әсер етуді;

      іс-шараны іске асыру үшін қажетті алдын ала шарттарды;

      жоспарланатын іс-шаралар кестесі экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын орындаудың әрбір күнтізбелік жылы бойынша бөле отырып айқындалады. Жобалық шешімдерге сәйкес нормативтерге кезең-кезеңмен қол жеткізу мүмкіндігі болған кезде - объектіні реконструкциялау, қайта жарақтандыру және жаңғырту жөніндегі тиісті іс-шаралар кешенін аяқтау мерзімдеріне байланысты айқындалатын қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңмен төмендету көрсеткіштеріне қол жеткізу кестесін көрсетеді;

      қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңмен төмендеткен жағдайда, жоспарланатын іс-шаралар графигі қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңмен төмендетудің әрбір тиісті көрсеткішіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін әрбір іс-шара бойынша жеке айқындалады;

      әрбір іс-шараға қатысты жоспарланатын іс-шаралар графигінде объектіге негізгі технологиялық жабдықты жеткізуге, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарына, жабдықты өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге байланысты іске асырудың негізгі кезеңдерін аяқтау мерзімдері қосымша айқындалады.

      4. Кестені толтыру жөніндегі түсініктемелер:

      1-баған: экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы іс-шарасының реттік нөмірі;

      2-баған: іс-шараның атауы;

      3-баған: тиісті объектінің, эмиссиялар көзінің, қалдықтардың атауы;

      4-баған: ұсынылатын іс-шаралар қол жеткізуге бағытталған көрсеткіштер (эмиссиялар нормативтері, қалдықтарды жинау және көму лимиттері);

      5-баған: талап етілетін көрсеткіштің негіздемесі, талаптардың дереккөзіне сілтеме;

      6-баған: осы көрсеткіштің ағымдағы шамасы;

      7-15-бағандар: жылдар бойынша көрсеткіштің шамасын көрсете отырып, талап етілетін көрсеткішке қол жеткізу графигі;

      16-баған: іс-шараны орындау (аяқталу) мерзімі;

      17-баған: іс-шараны іске асыруға арналған жалпы инвестициялық шығын;

      18 – іс-шараларды енгізу есебінен төмендеген эмиссия көлемін, жылына тоннаны көрсету қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады