БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
644 және 645-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"644. Жекелеген бағыттар, жүктердің түрлері, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай, магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге ең төмен индекс түрінде айқындалған тарифтің ең төмен деңгейін уәкілетті органның ведомствосы мынадай формула бойынша айқындайды:
Imin = ((Шt-At) + Шt қауіпсіздік + Шt қарыз) – Шшартты-тұрақты t) /Кt, мұндағы:
Imin – жекелеген бағыттар, жүктердің түрлері, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай, магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге ең төмен индекс түрінде айқындалған тарифтің ең төмен деңгейі;
Шt – жекелеген бағыттар, жүктердің түрлері, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай, магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынумен байланысты, t жылға бекітілген тарифте ескерілген субъект шығыстарының сомасы, теңге;
At – t жылға бекітілген тарифте ескерілген амортизациялық аударымдар, теңге;
Шt қауіпсіздік – инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, субъектінің пайдасы қаржыландыру көзі болып табылатын, t жылға бекітілген тарифте ескерілген субъект шығындары, теңге;
Шt қарыз – инвестициялық жобаларға бағытталған, қарыз қаражатты тартумен іске асырылатын, субъектінің пайдасы қаржыландыру көзі болып табылатын, t жылға бекітілген тарифте ескерілген субъект шығындары, теңге;
Ш шартты-тұрақты t – жекелеген бағыттар, жүктердің түрлері, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай, магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынумен байланысты, t жылға бекітілген тарифте ескерілген субъектінің шартты-тұрақты шығыстарының сомасы, тенге;
Kt – магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынудан түсетін, t жылға бекітілген тарифте ескерілген кірістің болжамды сомасы, теңге.
645. Жекелеген бағыттар, жүктердің түрлері, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай, магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге ең жоғары индекс түрінде айқындалған тарифтің ең жоғары деңгейін уәкілетті органның ведомствосы мынадай формула бойынша айқындайды:
Imax = (Шt+ПЖДt-Кмақсатқа сай пайдаланб.t-НБішкіt + Ш шартты-тұрақты t ) /Кt, мұндағы:
Imax – жекелеген бағыттар, жүктердің түрлері, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай, магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге ең жоғары индекс түрінде айқындалған тарифтің ең жоғары деңгейі;
Шt – жекелеген бағыттар, жүктердің түрлері, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай, магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынумен байланысты, t жылға бекітілген тарифте ескерілген субъект шығыстарының сомасы, теңге;
ПЖДt – осы Қағидалардың 11-тарауына сәйкес Субъект пайдасының жол берілетін деңгейін айқындау қағидаларына сай айқындалған магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынуға пайданың жол берілетін деңгейі;
Кt – жекелеген бағыттар, жүктердің түрлері, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай, магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынудан түсетін, t жылға бекітілген тарифте ескерілген кірістің болжамды сомасы, теңге;
НБішкіt – жекелеген бағыттар, жүктердің түрлерi, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай, магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынудан түстін, тарифті бекітудің жоспарланған кезеңіне негізгі борыш, теңге;
Кмақсатқа сай пайдаланб.t – магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан түсетін және осы Қағидалардың 651-2-тармағына сәйкес айқындалған мақсатқа сай пайдаланбауға бағытталған нақты кірістер сомасы.
Ш шартты-тұрақты t – жекелеген бағыттар, жүктердің түрлері, жылжымалы құрамның типтері бойынша және магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынумен байланысты тасудың арақашықтығына қарай, t жылға бекітілген тарифте ескерілген, осы Қағидалардың 644-тармағына сәйкес тарифтің ең төменгі деңгейін есептеу кезінде қабылданатын субъектінің шартты-тұрақты шығыстарының сомасы, теңге.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі