"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 224) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 16 ақпандағы № 62 Бұйрыққа қосымша |
Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасың Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 224) тармақшасына сәйкес әзірленді және басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жабдықтары (бұдан әрі – жабдық) – ауыл шаруашылығы жұмыстарын механикаландыруға, электрлендіруге және автоматтандыруға арналған техника, оны пайдаланылу ерекшелігіне байланысты технологиялық процестерді орындау кезінде тірек бетіне қатысты құрылымның негізгі және корпустық элементтерінің қозғалмайтындығымен сипатталады;
2) ауыл шаруашылығы машинасы (бұдан әрі – машина) – технологиялық процестерді орындау кезінде тірек бетіне қатысты базалық және корпустық элементтердің қозғалғыштығымен сипатталатын ауыл шаруашылығы жұмыстарын механикаландыруға арналған (егіншілікте және мал шаруашылығында) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы, тіркемелі және аспалы құралдар;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) –Қазақстан Республикасымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының және халықаралық шарттардың азаматтық заңнамасына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;
4) "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат – тауарды шығарған ел, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесі туралы куәландыратын құжат;
5) өтініш беруші – өндірілетін ауыл шаруашылығы машинасы мен жабдығын Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізуге ниетті тұлға.
3. Тізбеге:
1) қолданыстағы келісім болған жағдайда тракторлардың, астық жинайтын комбайндардың және сүрлем жинайтын комбайндардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтары бойынша ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтары;
2) "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданыстағы сертификат болған жағдайда, тракторлардың, астық жинайтын комбайндардың және сүрлем жинау комбайндардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарын қоспағанда, ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтары қосылады.
4. Тізбені Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – Комитет) қалыптастырады және "Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 225) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Тізбеде "СТ-KZ" нысанындағы қолданыстағы келісімнің және (немесе) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың болуы туралы мәліметтер қамтылады және жарты жылда бір рет және тиісті жылдың 1 маусымы мен 1 қарашасынан кешіктірілмей өзектендіріледі.
Өтініш беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын өткізу кезінде сатып алушыға қолданыстағы келісімнің және "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың болуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді
2-тарау. Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру тәртібі
5. Өтінім беруші өндіретін ауыл шаруашылығы машинасын және (немесе) жабдығын Тізбеге енгізу үшін өтінімді қағаз және (немесе) электрондық нысанда Комитетке қосымшамен бірге береді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өндірілетін ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін;
2) тракторлардың, астық жинайтын комбайндардың және сүрлем жинайтын комбайндардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтары бойынша ауыл шаруашылығы техникасы үшін қолданыстағы келісім немесе тракторлардың, астық жинайтын комбайндардың және сүрлем жинайтын комбайндардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы техникасына арналған "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданыстағы сертификат.
6. Комитет осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардағы мәліметтердің дұрыстығын тексереді.
7. Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) олардағы анық емес мәліметтерді көрсеткен жағдайда, Комитет осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзім ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, оған қоса берілген құжаттармен бірге өтінімді қайтарады.
Өтініш беруші анықталған ескертулер жойылғаннан кейін осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды қайта жібереді.
8. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған және оларда қамтылған анық мәліметтерді көрсеткен жағдайда, Комитет 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және Тізбеге енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
9. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі Тізбеге енгізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
10. Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде Комитет өтініш берушіге өзінің алдын ала шешімі туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама заңды тұлғаның өтінішін қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама берілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша Комитет Тізбеге енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесі
№ | Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының атауы | Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының техникалық сипаттамалары | СЭҚ ТН коды | Қолданыстағы өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің және (немесе) "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат мәліметтері |