"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комиетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 34/қе бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының мынадай санаттағы қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) мемлекет есебінен тамақпен қамтамасыз етіледі:
1) тәуліктік наряд құрамына кіретін, жауынгерлік кезекшілік және/немесе жауынгерлік қызмет (жауынгерлік қызметті 24 сағаттық режимде атқару кезінде) атқарушы қызметкерлер;
2) әскери, арнаулы оқу мекемелерінің казармалық жағдайдағы курсанттары, тыңдаушылары;
3) оқу жаттығуларға қатысушы, сондай-ақ арнаулы жиындарды өткеруші (далалық жағдайда) қызметкерлер, егер бұл іс-шаралар бір тәуліктен асатын болса;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) әскери-медициналық бөлімшелерінде емделуші немесе тексеруден өтуші қызметкерлер;
5) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысушы қызметкерлер.
3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген қызметкерлер, олардың тәуліктік іссапарлық шығыстары белгіленген тәртіппен өтелген жағдайда, тамақпен қамтамасыз етілмейді.
4. Қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардан тиісті қызметтерді, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Тамақпен қамтамасыз ету тәртібі
5. Қызметкерлер тамақпен белгіленген заттай нормалар бойынша пайдалануға дайын тағам және сусындар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, сондай-ақ қосымша тамақ) түрінде ҰҚО тиісті тамақтану пункттері (асханалар, тамақтану орындары ) арқылы қамтамасыз етіледі.
Азық-түлік үлесін беру кезінде азық-түлік өнімдерін басқа өнімдерге алмастырудың заттай нормаларында белгіленген өнімдердің өзара алмасу нормалары шегінде рұқсат беріледі.
Заттай нормалар "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11442 болып тіркелген).
6. Қызметкерлерді пайдалануға дайын тағаммен және сусындармен уақтылы қамтамасыз ету, сондай-ақ пайдалануға дайын тағамның және сусындардың сапасын бақылау тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
Жекелеген жағдайларда тамақпен қамтамасыз етудің заттай нормаларында көзделген құрғақ азық үлесін беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте құрғақ азықпен тамақтандыру үш тәуліктен аспау қажет.
7. Тамақ қатаң түрде бекітілген мәзір бойынша, тамақпен қамтамасыз етудің заттай нормаларының өнімдерін тарата отырып (тарату мәзірі) дайындалады. Үш мезгіл тамақтану кезінде жабдықтау нормалары энергетикалық құндылығы (құнарлылығы) бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32276 болып тіркелген) бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес бөлінеді.
8. Апталық азық-түлікті тарату мәзірін айына бір рет тамақтандыруды ұйымдастыруды жүзеге асыратын ҰҚО мүдделі бөлімшелерімен келісім бойынша тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін басқа ұйымның уәкілетті өкілі дайындайды.
ҰҚО мекемелері қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз етуді дербес ұйымдастырған жағдайда, онда азық-түлікті тарату мәзірін тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жауапты қызметкер дайындайды.
Азық-түлікті тарату мәзірі қамтамасыз етудің әр заттай нормасы бойынша тамақтандырылатын адам санына қарамастан жасалады және оны материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының (бөлімнің) бастығы, тамақтандыруды ұйымдастыруға жауапты лауазымды адам, тамақпен қамтамасыз етілетін бөлімшенің жауапты лауазымды адам, медициналық қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адам қол қояды және ҰҚО мекеме басшысы не болмаса оның міндетін атқарушы адам үш данада бекітеді. Бір данасы ҰҚО мекемесінің бухгалтериясына беріледі, екінші мен үшінші даналары тамақтану және пісіру залдарына орналастырылады.
Бекітілген азық-түлікті тарату мәзіріне өзгеріс енгізу ҰҚО мекеме басшысының не болмаса оның міндетін атқарушы адамның жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі.
9. Тамақ дайындау процесін және пайдалануға дайын тағам мен сусындардың сапасын бақылау үшін жауапты лауазымды адамдар, соның ішінде ҰҚО медициналық бөлімшесінің жұмыскері тағайындалады.
Әр тамақ қабылдау алдында бақылауды жүзеге асыратын адамдар азық-түлікті тарату мәзіріне сәйкес тамақпен қамтамасыз етудің заттай нормасының толық жеткізілуін, сондай-ақ пайдалануға дайын тағам мен сусындардың сапасын тексереді.
Медициналық бөлімшенің жұмыскері пайдалануға дайын тағам мен сусындардың сапасын тікелей ыстық ас цехында татып көру арқылы, ас дайындау және тамақ қабылдау пунктері үй-жайларының санитарлық жағдайын тексереді.
Бақылау қорытындысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағамды дайындау сапасын бақылауды есепке алу кітабына жазылады. Осы кітапта медициналық бөлімшенің жауапты жұмыскері дайын тағам мен сусындардың сапасы туралы, өзі тексерген үй-жайлардың санитарлық жағдайы туралы жазады, сондай-ақ оны пайдалануға рұқсат береді, осыдан кейін қызметкерлерге тамақ беруге рұқсат етіледі.
Тамақтандыруды ұйымдастыруды тексеретін адамдар цехтарға және басқа да тамақтану орындарының үй-жайларына барған кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларды (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сақтайды.
10. Қызметкерлердің тамақтануды бастауы алдында дайындалған астың температурасы Санитариялық қағидалардың талаптарына сай болуы тиіс.
11. ҰҚО қызметкерлері (курсанттары мен тыңдаушылары) қызметтік іссапарда және/немесе далалық дайындықта, оқу-жаттығуларда (бір тәуліктен аса) болған кезде, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің, Авиация қызметінің және Шекара академиясының бөлімшелерінде уақытша орын ауыстырған және/немесе керісінше кезде, оларды тамақпен қамтамасыз ету олар тоқтаған ҰҚО бөлімшесінің қамтамасыз ету нормаларына сәйкес осы бөлімшенің қаражаты есебінен жүзеге асырылады..
12. ҰҚО қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз ететін ҰҚО мекемелерінің басшылары ҰҚК материалдық-техникалық және медициналық бөлімше қызметкерлерінің қатарынан, сондай-ақ тамақпен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің қатарынан лауазымды адамдардың тамақтандыруды ұйымдастыруға жеке жауапкершілігін белгілейді.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінен тамақтандыруды ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдар:
1) тамақтанушылар саны туралы мәлімет мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған сәттен бастап жеткізіледі;
2) ай сайын тамақпен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің бөлімше бастығы не болмаса оны алмастыратын адам бекіткен, осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша күн сайынғы жүк құжатын қоса ұсына отырып, бір айлық тамақтандыру туралы есептің негізінде қызметті жеткізіп берушімен өзара есеп айырысуды жүргізеді және есептік айға орындалған қызметтердің актісін бекіту үшін жасайды;
3) әрбір тамақ қабылдар алдында тарату мәзіріне сәйкес тамақпен қамтамасыз етудің заттай нормаларының толық жеткізілуін тексереді;
4) дайын тамақты ас қабылдау орнына дейін Санитариялық қағидаларды сақтай отырып, тасымалдауды ұйымдастырады.
13. Тамақпен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің бөлімшесінен тамақтандыруды ұйымдастыруға жауапты лауазымды адам:
1) әр айдың 3 кешіктірмей материалдық-қамтамасыз ету бөлімшесіне бөлімше бастығының не болмаса оны алмастыратын адамның қолымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің саны мен тамақтану орнын көрсете отырып (тамақтанатын адам саны көбейген жағдайда қосымша нақтыланған өтінім және хат-негіздеме жолданады) алдағы айға арналған өтінім жолдайды;
2) әр айдың 3-інен кешіктірмей бөлімше бастығының не болмаса оны алмастырушы адам бекіткен осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша күн сайынғы жүк құжатын қоса ұсына отырып, бір айлық тамақтандыру туралы есепті материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесіне жолдайды.
14. Медициналық бөлімшеден тамақтандыруды ұйымдастыруға жауапты лауазымды адам күн сайын әрбір тамақ қабылдар алдында тікелей ыстық ас цехында татып көру арқылы тексеруді, дайын тағам мен сусынды қызметкерлердің қабылдауына рұқсат беру не болмаса тыйым салу туралы жүргізілген тексеруді тағамды дайындау сапасын бақылауды есепке алу кітабына жазуды жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін тамақпенқамтамасыз ету қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Тағамды дайындау сапасын бақылауды есепке алу КІТАБЫ _____________________________________ (бөлімшенің атауы)
____ ж. "______"_____ басталды
____ ж. "_____"_____ аяқталды
Ас қабылдау | "__" _____ 20__ ж таратылымы бойынша тағамның атауы. | Қазанға салынды, кг | нақты масса, г | Тағамды дайындаған аспаздың тегі | Дайын тағамның сапасы және асхананың санитарлық жай-күйі туралы Дәрігердің қорытындысы (фельдшер) | Тағамды беруге ҰҚО республикалық мемлекеттік мекемесі (бөлімше) бойынша кезекшінің рұқсаты | Дайын тағамның дәмдік сапасы және өлшемнің толық салмағын ҰҚО республикалық мемлекеттік мекемесі (бөлімшесі) басшысының (уәкілетті адамдардың) бағалауы | ||||
ет (балық) | картоп | жарма (макарон бұйымдарының) | тағам | Ет (балық) өлшемі | |||||||
масса | % қалдық | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 1 | 2 | 3 | 4 |
Таңғы ас | |||||||||||
Түскі ас | |||||||||||
Кешкі ас |
Аспаз __________________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жазудың дұрыс жүргізілуі
________________________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ ж. "__" _____________
Ескертпе:
1. Тағамды дайындау сапасын бақылауды есепке алу кітабы өлшемдердің толық салмағын, тағамды дайындау сапасына бақылауды есепке алу үшін арналған.
2. Кітап ҰҚО республикалық мемлекеттік мекемесінің (бөлімшенің) асханасында жүргізіледі.
3. 2-бағанын азық-түліктің таратылымы негізінде аспазшы (аға аспазшы) толтырады.
4. 3-6-бағандар қазанға азық-түліктерді салу және қалдық пайызын анықтағаннан кейін асхана бойынша кезекшінің қатысуымен аспазшы (аға аспазшы) толтырады. Еттің салмағы бөлшек түрінде: алымында – еттің салмағы, бөлгіште – сүйектің салмағы көрсетіледі.
Осы адамдар бірінші тағам бойынша 7 және 8-бағандарды толтырады, 7-бағанда етсіз және балықсыз өлшемнің салмағы, екінші тағам бойынша – гарнир мен тұздықдың салмағы (жарнақ арқылы) жазылады. 8-бағанда ет пен балықтың нақты өлшемі жазылады.
5. 10-бағанда тағамның сапасы – "Сапалы" немесе "Сапасыз"; санитарлық күйін бағалау – "Жақсы", "Қанағаттанарлық" немесе "Қанағаттанарлықсыз" деп жазылады.
6. 11-бағанда: "Тағамды беруге рұқсат етемін" немесе "Тағамды беруге рұқсат етпеймін" деп жазылады.
7. 12-бағанда тағамның дәмдік сапасын бағалау жазылады: "Өте жақсы", "Жақсы", "Қанағаттанарлық" немесе "Қанағаттанарлықсыз", өлшемнің толық салмағы – "Өлшемнің салмағы толық" немесе "Өлшемнің салмағы толық емес". Өлшемнің салмағы толық еместігін байқаған кезде ондағы жетіспейтін азық-түліктер көрсетіледі.
8. 10-12-бағандарда осы жазуларды енгізген адамдар қол қояды.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
_____________________________________ (тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі бойынша жеткізіп берушінің атауы) 20__ жылғы "___" _________ № ___ жүк құжат
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
Тапсырды (жіберді) ________________________________
(лауазымы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Қабылдады ________________________________
(лауазымы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз ету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Бекітемін _________________________ (лауазымы) __________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болса) |
20__ жылғы __________ _____________________ (бөлімше) қызметкерлерін тамақтандыру туралы есебі
Р/с № | Күні | Саны (адам) | Ескертпе |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
6 |
Есепті құрастырған _________________________________
(лауазымы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
20__жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз ету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
_________________________ (лауазымы) __________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болса) |
20__жылғы "___" _________ __________________ (бөлімше) қызметкерлерін тамақтандыруға арналған өтінім
Р/с № | Тамақты қабылдау орны | Саны (адам) |
________________________________
Жауапты адам
20_____ ж. "____" _____________