Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді.";
5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) міндетті арнайы тексерудің оң нәтижесін алмаған адамды тағайындауға болмайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексерудің оң нәтижесін алғаннан кейін және тұрғылықты жері бойынша салық органына Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген нысан бойынша декларацияны және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мәліметтерді тапсырған соң жүзеге асырылады.";
7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы магистратурасының түлектері немесе оқуын Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен жасасқан білім беру қызметін көрсету туралы шарттар шеңберінде Ұлттық Банк қаржыландырған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары магистратурасының түлектері;";
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Ұлттық Банктің атауы, орналасқан жері, кадр қызметінің телефон нөмірлері;";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Қағидалардың 12-тармағының 4) тармақшасында белгіленген құжаттарды қабылдау мерзімінен кешіктірмей ұсынған құжаттар қарау үшін қабылданады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Адам капиталын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |