"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери қызметшісінің шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі мінез-құлық стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, қызметкерлері мен жұмыскерлері оларға қатысты бөлігінде таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 22 ақпандағы № №36/қе бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери қызметшісінің шекаралық бақылауды жүргізу кезіндегі мінез-құлық стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) арқылы өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) әскери қызметшілері жүзеге асырады.
2. Осы Стандартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасына келу немесе Қазақстан Республикасынан кету құқығына арналған құжаттар (бұдан әрі – Мемлекеттік шекарадан өту құқығына арналған құжаттар) – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген немесе өзара түсіністік қағидаты негізінде Қазақстан Республикасы танитын құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, оларға Мемлекеттік шекараны кесіп өту құқығын беретін құжаттары;
2) жарамды құжат – барлық бөліктері мен деректемелері белгіленген үлгілерге сай келетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген деректерді қамтитын, қолданылу мерзімі өтпеген, көрсетушіге тиесілі, берген иесінің құқықтық мәртебесі мен жынысына сәйкес келетін, ондағы деректер мен қорғалу дәрежесі сәйкестендіруге жататын, жоғалған (ұрланған) құжаттардың тізімін кірмейтін Мемлекеттік шекараны кесіп өту құқығына арналған Қазақстан Республикасы танитын жеке басты куәландыратын құжат;
3) жеке басты сәйкестендіру – Мемлекеттік шекараны кесіп өту құқығына құжатты ұсынушының жеке басымен салыстыру процесі, ол Мемлекеттік шекараны кесіп өту құқығына құжатты ұсынған адамның арасында фотосуретте бейнеленген ұқсастықты анықтау болып табылады.
2-тарау. Шекара қызметі әскери қызметшісінің шекаралық бақылауды жүргізу кезіндегі мінез-құлық стандарты
3. Шекаралық бақылау рәсімдерін жүргізу кезінде Шекара қызметінің әскери қызметшісіне шыдамдылық, әдептілік пен сыпайылық, көмек көрсетуге дайын болу, сондай-ақ басқа адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдардың деструктивті мінез-құлқына қатысты нөлдік төзімділік саясатын ұстану керек.
4. Шекара қызметінің әскери қызметшілері шекаралық бақылау кезінде:
1) құжаттар мен адамдарды, оның ішінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау, биометриялық дербес деректерді өңдеу рәсімі арқылы тексеруді;
2) адамдарға сауалнама жүргізу мен тексеруді;
3) көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан әкетуге өткізу пункттерінде барлық бақылаушы органдардың рұқсат беру белгілерінің болуын тексеру;
4) арнайы (тереңдетілген) – көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды тексеру, қажет болған жағдайда;
5) көлік құралдарын сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Шекара қызметінің әскери қызметшілері тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады.
5. Мемлекеттік шекарадан өту құқығына арналған құжаттармен жұмыс істеу кезінде Шекара қызметінің әскери қызметшілері:
1) зерттелетін құжаттарды өзгеріссіз сақтау;
2) Мемлекеттік шекарадан өту құқығына арналған құжаттардың тұтастығын бұзуға жол бермеу;
3) құжаттарды тек бұрыннан бар бүктемелерге сәйкес бүгу;
4) белгілер, қарарлар мен жазулар қоюға, қарындашпен, сиямен және басқа да химиялық құрамдармен астын сызуға жол бермеу керек.
6. Мемлекеттік шекараны кесіп өту құқығына арналған құжаттарды, егер құжат әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс бойынша заттай дәлелдеме деп танылған, жарамсыз немесе жалған деп танылған жағдайларда, сондай-ақ осы құжаттардың заңды иеленушісімін дейтін, кіруге құқығы жоқ адамдардан "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 795-бабына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32971 болып тіркелді) 43-тармағына сәйкес Шекара қызметінің әскери қызметшілері алып қояды.
7. Көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды тексеру (бұдан әрі – тексеру), қажет болған жағдайларда - арнайы (тереңдетілген) Шекара қызметінің әскери қызметшілері Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау және ұстау мақсатында көлік құралдарының жүк орын-жайларын не сыйымдылықтарды, контейнерлерді, сондай-ақ пломбалардың, мөрлердің, тауарлардың қаптамасының тұтастығын тексеру жолымен жүргізіледі.
8. Шекара қызметінің әскери қызметшілері өткізу пункттерінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің бұзу белгілері болған жағдайда көлік құралдары, жүктер мен тауарлардың арнайы (тереңдетілген) тексеруі:
арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан ақпарат келіп түскенде;
тәуекел бейіндерімен сәйкестіктер болған жағдайда;
қызметтік иттің өзіндік өзін-өзі ұстау реакциясы;
тексеріп қарау техникалық құралының сигналы;
Мемлекеттік шекарадан тасымалдауға тыйым салынған (шектелген) заттардың немесе адамдардың жасырынып қалу белгілері бар болған жағдайларда өткізіледі.
Арнайы (тереңдетілген) тексеруді бөлінген алаңға (орынға) жалпы ағыннан шығара отырып, оның ішінде пломбаланған вагонды, контейнерді, автомобильді, трюмді және көлік құралдарының өзге де үй-жайларын аша отырып жүргізеді.
9. Шекара қызметі әскери қызметшісінің мінез-құлық сызығына мыналар жатады:
кәсібилік және құзыреттілік;
мінез-құлықтағы қарапайымдылық пен ұстамдылық;
қабылданған шешімдердің заңдылығы мен әділдігі;
сыртқы түріне, қызметтік немесе әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне қарамастан Мемлекеттік шекарадан өтетін адамдарға толерантты қарым-қатынас;
Мемлекеттік шекарадан өтетін адамдармен, әсіресе балалармен, әйелдермен, мүмкіндігі шектеулі адамдармен және қарт адамдармен қарым-қатынас кезінде сыпайылық пен әдептілік;
өз құзыреті шегінде адамдарда туындаған кезде әңгімелесушіге деген ізгі ниет және құрметпен Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге байланысты мәселелерді түсіндіру;
Мемлекеттік шекара арқылы өтетін адамдар, көлік ұйымдарының қызметкерлері, өткізу пунктінің қызмет көрсетуші персоналы және бақылаушы органдардың лауазымды адамдары тарапынан сыбайлас жемқорлық және құқыққа қарсы іс-қимыл фактілерінің жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жасау;
заңнамада тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу;
шекаралық бақылау жүргізу кезінде қызметтік жануарлар мен бейнетіркеу құралдарын пайдалану туралы ескерту;
өз ескертулері мен талаптарын дұрыс және сенімді түрде баяндау, шыдамдылық пен ұстамдылық таныту.
10. Шекара қызметі әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның сыртқы келбеті мемлекеттік қызметшінің беделін нығайтуға ықпал етеді.
Шекара қызметінің әскери қызметшісі:
үтіктелген, таза және ұқыпты киім нысанымен;
жылтыратылған аяқ киіммен;
таза, ұқыпты қысқартылған және таралған шашпен болуы қажет.
Әскери әйелдер үшін парфюмерияға, зергерлік бұйымдарға, макияжға және аксессуарларға қойылатын негізгі талап қарапайымдылық пен талғампаздық болып табылады.
11. Шекара қызметінің әскери қызметшісі тарапынан Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдармен қарым-қатынаста мыналарға жол берілмейді:
жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, азаматтығына, әлеуметтік, мүліктік немесе отбасылық жағдайына, саяси немесе діни қалауына байланысты кемсітушілік сипаттағы кез келген мәлімдеме мен әрекет;
қоқан-лоққылар, қорлайтын сөздер немесе белгілер;
жаргон және балағат сөздерді қолдану;
Мемлекеттік шекарадан өту құқығына арналған құжаттарды және Қазақстан Республикасының аумағында болудың заңдылығын растайтын құжаттарды негізсіз, негізсіз қайта тексеру;
Мемлекеттік шекара арқылы өтетін адамдардан, көлік ұйымдарының қызметкерлерінен, өткізу пунктінің қызмет көрсетуші персоналынан және бақылаушы органдардың лауазымды адамдарынан заттар мен құндылықтарды қабылдау немесе беру;
қызметтік ақпаратты бөгде адамдар мен ұйымдарға беру.
12. Шекаралық бақылау жүргізу барысында жанжалды жағдайлар туындаған кезде Шекара қызметінің әскери қызметшісі мынадай талаптарды ұстанады:
сұхбаттасушыға тыныш түрде диалог жүргізеді, оның сөйлеу үні мен сөздері эмоционалды шиеленісті жеңілдетуге бағытталуы тиіс;
төзімділік пен қадір-қасиетті сақтайды, өзінің сыртқы келбетімен және іс-әрекетімен сенімділік пен тыныштықты көрсетеді;
жанжалды жағдайлар кезінде сабырлылықты көрсетеді, өзін жанжалға тартуға жол бермейді, әрекеттерді тіркеу мақсатында аудио және бейне құжаттаманы жүзеге асырады;
құқық бұзушыға оның әрекеттерінің заңсыздығын сенімді және анық түсіндіреді, қатал сөздерден аулақ болады.
13. Жанжалды жағдайды шешу мүмкіндігі болмаған кезде, сондай-ақ өткізу пунктінде құқыққа қарсы іс-қимылдарды тоқтату туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес талаптарға бағынбаған жағдайда, Шекара қызметінің әскери қызметшілері бақылаушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, өткізу пунктінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және даулы жағдайды оқшаулауға, оның ішінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару мен арнайы құралдарды қолдана отырып шаралар қабылдайды.