"Ішкі су көлігі ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 408 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 ақпанда № 34059 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі су көлігі ұйымдарының басшылары, мамандарыжәне басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 408 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15454 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су көлігі ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      1-тарауда:

      "Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылысының (шлюз) бастығы" деген 1-параграфта

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін;

      Қазақстан Республикасының Су Кодексін;

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі –Күзет қызметі туралы заңы);

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Ішкі су көлігі туралы заңы);

      "Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 550 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11915 болып тіркелген) (бұдан әрі – Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидалары);

      "Кемелерді кеме қатынасы шлюздері арқылы өткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 95 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6843 болып тіркелген) (бұдан әрі – Кемелерді кеме қатынасы шлюздері арқылы өткізу қағидасы);

      "Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11347 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары);

      кеме қатынасы шлюзінің, оның жекелеген элементтерінің, құрылыстары мен жабдықтарының тағайындалуы мен құрылысы, олардың техникалық сипаттамалары, оларды пайдалану жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды;

      кеме қатынасы шлюзінің жалпы, оның жекелеген элементтерінің (жабдық, гидротехникалық құрылыстар) конструктивтік ерекшеліктері мен техникалық жай-күйін;

      кеме қатынасы шлюзін пайдаланудың режимдері мен жеке ерекшеліктерін;

      кеме қатынасы шлюзінде орнатылған бақылау-өлшеу аппаратурасының тағайындалуы, орналасуы, жұмыс қағидаты мен тәртібін;

      кеме қатынасы шлюзінің өндірістік жоспарын;

      кеме қатынасы шлюзі жұмыстарының өндіріс кестелерін;

      экономика негіздері, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру;

      ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды білуі тиіс.";

      "Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыс (шлюз) бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары" деген 7-параграфта

      2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заңы);";

      "Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыс (шлюз) бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары" деген 8-параграфта

      2-тармақтың төртінші және бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі);";

      "Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) бас механигі" деген 9-параграфта

      2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      "Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) бас гидротехнигі" деген 10-параграфта

      2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңы);";

      11-параграфта "Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстың (шлюздің) бас энергетигі"

      2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады