"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабы 1-тармағының екінші бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Қаржылық қамтамасыз ету департаменті белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің интернет-ресурсында орналасуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы |
С. Исабеков |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-39 бұйрығына қосымша |
Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленген және қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – МКҚ) қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алушы – мәйітті жеткізуді әзірлеуді, мәйітті жеткізуді, жерлеуді, құлпытас дайындауды және оны орнатуды жүзеге асыратын адам;
2) жауапты құрылымдық бөлімше – мекеменің кадрлар бөлімшесі.
3. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған қызметкерлерді, МКҚ-де келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің мәйітін жеткізуді әзірлеуге, мәйітін жеткізуге байланысты шығыстарды өтеу (бұдан әрі – шығыстарды өтеу) егер олар қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған жағдайда жүргізіледі.
МКҚ-дағы қызметтен шығарылған адамдарға шығыстарды өтеу егер олар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына және бітімгершілік операцияларға қатысқан адамдар болса ғана жүзеге асырылады.
4. Шығыстарды өтеу "Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1102 қаулысымен белгіленген мөлшеріне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Шығыстарды өтеу тек қана бір рет жүзеге асырылады. Бұл ретте шығыстарды өтеу мөлшерін есептеу үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдардың қаза табу (қайтыс болу) күніне айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
2-тарау. Шығыстарды өтеу тәртібі
6. Шығыстарды өтеуді МКҚ жүзеге асырады.
Шығыстарды өтеу үшін алушы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның соңғы қызмет орны бойынша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) қайтыс болу туралы куәліктің (ескерту хатының) көшірмесі;
3) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) теңгедегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;
5) алушының мүдделерін заңды өкіл өкілдік еткен жағдайда заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.
7. Жауапты құрылымдық бөлімше өтінішті тіркеу күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мәліметтерді салыстырып тексеруді жүзеге асырады және оған қоса мыналарды тіркейді:
1) қызметкердің, МКҚ-де келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің қаза табу (қайтыс болу) себептері мен жағдаяттарын қызметтік тексеру материалдарын;
2) қызмет өткеру кезеңінде алған мертiгу (жаралану, жарақаттану, контузия), ауыру нәтижесінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдардың қаза болуымен байланысты себепті анықтай отырып, әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясының қорытындысын.
Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, оларды өтініш білдірушіге пысықтау үшін өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарылады.
8. Жауапты құрылымдық бөлімше он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды шығыстарды өтеу үшін қаржылық бөлімшесіне жолдайды.
9. Қаржылық бөлімше шығыстарды өтеуге құжаттарды алғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде оның төлемін қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері арқылы белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Нысан
Кімге _________________________ (шығыстарды өтеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің басшысы) ___________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) тұратын мекенжайы: _________ ___________________________ тел. _______________________ |
Шығыстарды өтеуге өтініш
Сізден ______________________________ қаза табуына (қайтыс болуына)
(қаза тапқан (қайтыс болған) күні, тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)
байланысты маған ___________________________________________________
(шығыстар түрі көрсетіледі: мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін
_____________________________________ үшін шығыстарды өтеуді сұраймын,
жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға)
бұдан бұрын шығыстарды өтеу үшін мен және менің туысқандарым өтемақы
_____________.
(алған/ алмаған)
Тиесілі өтемақы шығыстарын мынаған жіберуіңізді сұраймын:
банк атауы __________________________________________________
банк шотының №________________________________________________
_________________________________________________________ атына
(тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)
Алушының ЖСН ________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. _____________________________________________________________
2. _____________________________________________________________
3. _____________________________________________________________
"_____" _______ 20__ж. Өтініш беруші_____ ____________________
(күні) (айы) (жыл) қолы (тегі, аты, әкесінің аты
(егер бар болса)