"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 73-бабы 4 тармағының екінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 21-тармағының 93-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы |
С. Исабеков |
2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-40 Бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 21-тармағының 93-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің (бұдан әрі – қызметкерлер) жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Қызметкерлер тамақпен қамтамасыз етіледі:
1) Жауынгерлік кезекшілік атқаратындар және тәуліктік наряд құрамына кіретіндер;
2) казармалық жағдайдағы және (немесе) карантиндік аймақтағы, оның ішінде төтенше жағдай немесе төтенше жағдай әрекеттері кезеңдеріндегі;
3) оқу-жаттығуларға қатысатын, сондай-ақ далалық жағдайларда арнайы жиындардан өтетін);
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – МКҚ) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде емделуде немесе тексеріліп жүргендер;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі операцияларға, сондай-ақ операциялар жүргізу аймағына (ауданына) барған және кері қайтқан кезде қатысатындар.
3. Егер іссапар шығындары өтелсе, қызметкерлер қызметтік іссапарда болған кезеңде тамақпен қамтамасыз етілмейді.
4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы күн сайын сағат 13.00-ден кешіктірмей материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесіне осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тамақтануға өтінімді адам санын және жауынгерлік кезекшілік, тәуліктік кезекшілік (қарауыл) атқаратын орындарда, карантиндік аймақта орналасқан, арнайы жиындардан (далалық жағдайларда) өтетін, оқу-жаттығуларда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюына қатысатын, сондай-ақ операциялар жүргізу аймағына (ауданына) барған және кері қайтқан кездегі қызметкерлерді көрсете отырып, тамақтануға қажеттілікті келесі тәулікке (сенбіде келесі екі тәулікке, мереке күндері бір күнге) жібереді.
Бір ай ішінде қызметкерлердің саны және қызмет атқару орны, өзгеріссіз қалған жағдайларда тамақтануға қажеттілік алдағы айдың 1-күнінен кешіктірілмей бір айға беріледі.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесі күн сайын сағат 18.00-ден кешіктірмей қызмет көрсетушіге адамдар санын көрсете отырып, келесі тәулікке (сенбіде келесі екі тәулікке, мереке күндері бір күнге) қызметкерлердің тамақтануына өтінім жолдайды.
2 тарау. Қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз ету тәртібі
5. Қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз ету тиісті кезеңге арналған бюджет қаражатының бөлінген лимиттері шегінде азық-түлік үлесі нормаларына сәйкес пайдалануға дайын тамақ пен сусындар (таңғы ас, түскі және кешкі ас, сондай-ақ қосымша тамақтану) түрінде МКҚ-ның тиісті тамақтану пункттері (асханалар, тамақтану орындары) немесе жеке тамақтану рационы арқылы жүзеге асырылады.
6. Азық-түлік өнімдерін, тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді және жеке тамақтану үлесін сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Тағам қатаң бекітілген мәзірге (нақты мәзір) сәйкес дайындалады, азық-түлікті азық-түлік үлесінің нормаларына сәйкес бөледі.
8. Бір аптаға арналған азық-түліктің нақты мәзірін МКҚ-ның мүдделі бөлімшелерінің келісімі бойынша тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін бөгде ұйымның уәкілетті өкілі жасайды.
Қызметкерлерді өз бетінше тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастырған жағдайда, азық-түліктің нақты мәзірі тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жауапты қызметкер жасайды және қол қояды.
Азық-түліктің нақты мәзірі ол бойынша тамақтанатын қызметкерлер санына қарамастан, азық-түлік үлесінің әрбір нормасы бойынша жасалады және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басшысы үш данада бекітеді. Бір данасы қаржы бөлімшесіне беріледі, екінші және үшінші даналары асхананың асханасы мен пісіру залдарына орналастырылады.
9. Қызметкерлердің қызмет көрсету режимін ескере отырып тамақтану белгіленеді:
1) үш рет – қызметкерлер тәулік ішінде қызметтік міндетін атқарған кезде;
2) екі рет – қызметкерлер қызметтік міндетін он екі сағат шегінде атқарған кезде;
3) бір рет – қызметкерлер қызметтік уақыттың қалыпты ұзақтығы шегінде (сегіз сағатқа дейін) қызметтік міндетін атқарған кезде.
10. Түнгі уақытта қызмет міндетін атқару кезінде түнгі уақытта қызмет атқаратын қызметкерлер үшін қосымша тамақтану ұйымдастырылады.
11. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басшысының рұқсатынсыз өнімдердің бекітілген нақты мәзіріне өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
Әрбір өзгерістер енгізілгеннен кейін материалдық-техникалық қамтамасыз ету басшысы өз рұқсатын азық-түліктерді таратып салуда қолтаңбамен растайды.
12. Пайдалануға дайын тамақ пен сусындардың дайындалу процесі мен сапасын бақылау үшін лауазымды адамдар, оның ішінде МКҚ-ның әскери-медициналық (медициналық) бөлімшесі тағайындалады.
Әр тамақтану басталғанға дейін қызметкер тамақтануды қамтамасыз ету үшін нақты мәзірге сәйкес тағамды уақтылы, толық және сапалы дайындауды және осы қызметтерді жеткізушілер тарапынан шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылайды.
МКҚ-ның әскери-медициналық (медициналық) бөлімшесінің жұмыскері пайдалануға дайын тамақ пен сусындардың сапасын оны сынау арқылы тікелей ыстық цехта, сондай-ақ "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген (№ 32276 болып нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Реестірінде тіркелген) тамақ дайындау үй-жайлары мен тамақтану пунктіне қойылатын санитариялық қағидалардың талаптарын тексереді.
Бақылау нәтижелері тамақ дайындау сапасын бақылауды есепке алу кітабына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылады. Сол кітапта МКҚ-ның әскери-медициналық (медициналық) бөлімшесінің жұмыскері дайын тамақ пен сусындар сапасының "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген (№ 26866 болып нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген) (будан әрі - Санитариялық қағидалардың) Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы жазба жасайды, содан кейін жауапты кезекші қызметкерлерге тамақ беруге рұқсат береді.
Цехтар мен басқа да тамақтану орындарына барған кезде тамақтандыруды қамтамасыз ету процесін тексеретін адамдар санитариялық ережелерді сақтауға міндетті.
13. Дайын тағамның тасымалы оны қабылдау орнына дейін қамтамасыз етіледі.
14. Жауынгерлік кезекшілік, тәуліктік кезекшілік (қарауыл) атқаратын орындарға, карантиндік аймақта орналасқан, арнайы жиындардан (далалық жағдайларда) өтетін, оқу-жаттығуларда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюына қатысатын, сондай-ақ операциялар жүргізу аймағына (ауданына) барған және кері қайтқан кезде асханадан Санитариялық қағидаларға жауап беретін термостардағы (ыдыстағы) ыстық тағам жеткізіледі.
15. Тамақ ішуге арналған үй-жайда қызметкерлердің тамақ дайындауға (жылытуға) және қабылдауға, азық-түлік сақтауға және ыдыс жууға арналған Санитариялық қағидаларға сәйкес орындар жабдықталады.
16. Науқастарға тамақ дайындау МКҚ-ның әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің асханаларында жүргізіледі, дайын тамақ әскери госпиталь мен лазаретке жеткізіледі.
МКҚ-ның әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде асханалар болмаған жағдайда, дайын тамақ Санитариялық қағидаларды сақтай отырып, әскери госпитальге және лазаретке жеткізіледі.
17. МКҚ-ның әскери-медициналық мекемелерінде науқастар келіп түскен уақытына қарай тамақтануға қабылданады:
1) сағат 08.00 - ге дейін келгендер – таңғы астан;
2) сағат 08.00 - ден 13.00-ге дейін келгендер – түскі астан;
3) сағат 13.00 - ден 19.00-ге дейін келгендер – кешкі астан;
4) сағат 19.00 - ден 24.00 - ге дейін келгендер бір реттік тамақ алады.
Пісіру әр диета үшін бір аптаға құрастырылған азық-түліктерді таратып салуға сәйкес жасалады. Әскери госпитальде азық-түліктерді таратып салуын диетолог-дәрігер (диеталық мейірбике), тамақпен қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдармен бірлесіп жасайды.
__________________
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету қағидаларына 1-қосымша |
нысан
Материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысына ____________________________ (лауазымы, тегі және аты-жөні) |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметкерлерінің тамақтануына өтінім
"____" _____________ 20__жылғы
Р/с | Азық-түлікті жеткізу орны |
саны |
Бөлімше басшысы
________________________________________________________
(лауазымы, арнаулы (әскери) шені, қолы, тегі және аты жөні)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымша |
нысан
Дайын тамақтың сапасына бақылау жасауды есепке алу
______________________________________________________________
(бөлімше атауы)
Тамақ ішу | "__" _____ 20__ ж. берілетін тамақтың атауы | Қазанға салынғаны, кг | Нақты салмағы, г | Тамақ дайындаған аспаздың тегі | Дайын тағамның сапасы және асхананың санитарлық жағдайы туралы дәрігердің (фельдшердің) қорытындысы | Тамақты беруге жауапты кезекшінің рұқсат беруі | Құрылымдық бөлімше басшысының (уәкілетті лауазымды тұлғалардың) дайын тағамның дәмдік сапасына және үлестің толықтығына берген бағасы | ||||
ет (балық) | картоп |
жарма (макарон | тамақ | ет (балық) үлесі | |||||||
салмағы | % қалдық | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Таңғы ас | |||||||||||
Түскі ас | |||||||||||
Кешкі ас |
Аспаз
_______________________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Тамақтануды қамтамасыз етуге жауапты қызметкер
______________________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
"__" _____________20__ ж.
Ескерту:
1. Тамақты дайындау сапасына бақылауды есепке алу кітабы тамақты дайындаудың сапасына, үлестің толықтығына бақылау жасауға арналған.
2. Кітап асханада жүргізіледі.
3. 2-бағанды азық-түлікті салудың негізінде аспаз (аға аспаз) толтырады.
4. 3-6 бағандарды қалдықтың пайызын анықтағаннан және қазанға азық-түлікті салғаннан кейін асхана бойынша кезекшінің көзінше аспаз (аға аспаз) толтырады. Еттің салмағы бөлшекпен көрсетіледі: бірінші – еттің салмағы, екінші – сүйек салмағы.
Осы адамдар 7 және 8-бағандарды толтырады, 7-бағанда бірінші тамақ бойынша үлестің салмағы жазылады, екінші тамақ бойынша – етсіз және балықсыз гарнирдің және тұздықтың салмағы (бөлшек арқылы) жазылады. 8-бағанда ет пен балық үлесінің нақты салмағы жазылады.
5. 10-бағанда мыналар жазылады: тамақ сапасына баға – "Сапалы" немесе "Сапасыз"; санитарлық жай-күйге баға – "Жақсы", "Қанағаттанарлық" немесе "Қанағаттанарлықсыз".
6. 11-бағанда "Тамақты беруге рұқсат етемін" немесе "Тамақты беруге рұқсат етпеймін" деген жазулар жазылады.
7. 12-бағанда тамақтың дәмінің сапасына баға: "Өте жақсы", "Жақсы", "Қанағаттанарлық" немесе "Қанағаттанарлықсыз" деп, үлестің толықтығына – "Үлес толық" немесе "Үлес толық емес" деп жазылады. Үлестің толық еместігі анықталған кезде онда жетіспей тұрған азық-түлік көрсетіледі, кейін үлес толықтырылады.
8. 10-12 бағандардағы жазуларға осы жазбаларды жасаған лауазымды адам қол қояды.
__________________