БҰЙЫРАМЫН:
1. "Валидациялау мен верификациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26587 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Валидациялау және верификациялауды жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 7-1), 8-1), 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) аккредиттеу аттестаты – аккредиттеу жөніндегі орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласында жұмыстарды орындауға құзыреттілігін куәландыратын құжат;";
"7-1) валидатор – валидациялауды жүргізуге және валидация бойынша есеп жасауға жауапты құзыретті және бейтарап тұлға;";
"8-1) валидациялау және верификациялау жөніндегі жоспар – валидациялау және верификациялау жөніндегі орган әзірлеген және іс-қимылдар мен кестелерді сипаттайтын құжаттамалық ресімделген іс-шаралар кешені, оның ішінде:
валидациялау/верификациялаудың мақсаттары мен қолдану аясы;
валидациялау/верификациялау командасының мүшелерін және олардың командадағы рөлдері мен міндеттерін айқындау;
валидациялау/верификациялау жөніндегі қызметтің мерзімдері мен ұзақтығы;
белгілі бір талаптар;";
"9-1) верификатор – верификациялауды жүргізуге және верификациялау жөніндегі хаттамаға жауапты құзыретті және бейтарап тұлға;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Валидациялау және верификациялауды жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасында қабылданған ҚР СТ ISO 14064-3 "Парниктік газдар. 3-бөлім. Парниктік газдар жөніндегі өтініштерге қатысты валидациялау және верификациялау жөніндегі талаптар мен нұсқаулық", ҚР СТ ISO 14065 "Қоршаған орта туралы ақпаратты валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар", ҚР СТ ISO 14066 "Парниктік газдар. Парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі топтардың құзыреттілігіне қойылатын талаптар", ҚР СТ ISO/EIC 17029 "Сәйкестікті бағалау. Валидациялау және верификациялау органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар" ұлттық және халықаралық стандарттарды ескере отырып қолданылады.";
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) валидациялау және верификациялау жөніндегі органның парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе сіңірулерін ұлғайту жөніндегі қондырғының бүкіл кешеніне немесе жобаға аудит жүргізуге, сондай-ақ валидациялауды немесе верификациялауды қабілетті валидациялау немесе верификациялау жөніндегі топты таңдау үшін қажетті құзыретінің, персонал мен ресурстардың болуын бағалау, сондай-ақ ҚР СТ ISO/IEC 17029 "Сәйкестікті бағалау. Валидациялау және верификациялау органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар" 9.4.1-тармағында көзделген уағдаласқан қатынастар шеңберінде квоталау субъектісі Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 293-бабының 2-тармағында және 294-бабының 2-тармағында көзделген құжаттамаларды ұсынғанға дейін валидациялауды немесе верификациялауды мерзімінде сәтті аяқтау;";
11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Валидациялау және верификациялау жоспарында валидациялау және верификациялау жүргізуге байланысты барлық ықтимал тәуекелдер және ықтимал тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар көзделеді. Ықтимал тәуекелдерді азайту шараларына мыналар жатады:
1) 5 жылдан астам уақыт бойы квоталанатын қондырғының бір операторы бойынша валидациялау және верификациялау қызметтері тұрақты көрсетілген жағдайларда валидациялау және верификациялау жүргізуге тартылған адамдар арасында мүдделер қақтығысын болғызбау, оларды кезең-кезеңімен ротациялау;
2) валидациялау және верификациялау үшін деректердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) валидациялау және верификациялау жүргізу кезінде алаңға бару;
4) валидациялау және верификациялау процесін мониторингілеу;
5) ҚР СТ ISO 14066 "Парниктік газдар. Парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі топтардың құзыреттілігіне қойылатын талаптар" ұлттық стандартына сәйкес валидациялау және верификациялау жүргізуге тартылған адамдардың құзыреттілігін қамтамасыз ету.".
30-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Тәуелсіз рецензент ішкі құжаттаманы және валидациялау жөніндегі есеп жобасын қарағаннан кейін валидациялау және верификациялау жөніндегі орган Қазақстан Республикасының ҚР СТ ISO 14064-3 "Парниктік газдар. 3-бөлім. Парниктік газдар жөніндегі өтініштерге қатысты валидациялау және верификациялау жөніндегі талаптар мен нұсқаулық" стандартының талаптарына сәйкес валидациялау жөніндегі түпкілікті есепті әзірлейді.";
39-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) квоталау субъектісінің есебі толық болып табыла ма және ол Қазақстан Республикасының Экология кодексінің, осы Қағидалардың талаптарына және ҚР СТ ISO 14064-3 "Парниктік газдар. 3-бөлім. Парниктік газдар жөніндегі өтініштерге қатысты валидациялау және верификациялау жөніндегі талаптар мен нұсқаулық", ҚР СТ ISO 14065 "Қоршаған орта туралы ақпаратты валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар", ҚР СТ ISO 14066 "Парниктік газдар. Парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі топтардың құзыреттілігіне қойылатын талаптар", ҚР СТ ISO/EIC 17029 "Сәйкестікті бағалау. Валидациялау және верификациялау органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар" ұлттық стандарттарына сәйкес келе ме;";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. ҚР СТ ISO 14064-3 "Парниктік газдар. 3-бөлім. Парниктік газдар жөніндегі өтініштерге қатысты валидациялау және верификациялау жөніндегі талаптар мен нұсқаулық" стандартында көрсетілген валидациялау және верификациялау қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін верификация жөніндегі топ квоталау субъектісі немесе жобаның өтініш берушісі ұсынған деректерді салыстыру және растау, деректердің толықтығы және сараптамалық қорытындысына ақпарат пен дәлелдемелер жинау үшін алаңға баруды жүзеге асырады.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Валидациялау және верификациялау жөніндегі орган парниктік газдар шығарындыларының есебін тексеру кезінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31735 болып тіркелген) Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелерге сәйкес парниктік газдар шығарындылары коэффициенттерін қолданудың дұрыстығын тексереді.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Тәуелсіз рецензент ішкі құжаттаманы және верификациялау жөніндегі есеп жобасын қарағаннан кейін валидациялау және верификациялау жөніндегі орган Қазақстан Республикасының СТ РК ISO 14064-3 "Парниктік газдар. 3-бөлім. Парниктік газдар жөніндегі өтініштерге қатысты валидациялау және верификациялау жөніндегі талаптар мен нұсқаулық" стандартының талаптарына сәйкес верификация жөніндегі түпкілікті есепті әзірлейді.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі