"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 наурызда № 34119 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 21281 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнің мерзiмі өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша соттылығының жоқтығы.
Экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептерінде қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің жоқтығы

Құжат ұсынылмайды

Қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда шетелдік азаматтарды қоспағанда соттылықтың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ішкі істер органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттық жүйесінен алады.
Жарамдылық мерзімдері өтпеген құжаттар топтамасын өтініш беруші ұсынғаннан кейін құжаттарды қараушы ішкі істер органдарының қызметкері экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептерінде қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы ақпаратты сұратады.

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын::

      "

8.

Тауарды импорттаушының азаматтық және қызметтік қарудың, оның негізгі (құрамдас) бөлшектері мен патрондарының "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңның 12-бабының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, көрсетілген пайдаланушыларға сататыны туралы кепіл береді

Азаматтық және қызметтік қарулар, оның негізгі (құрама) бөліктері Заңның 12-бабының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, көрсетілген пайдаланушыларға сататыны туралы кепіл береді


      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнің мерзiмі өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша соттылығының жоқтығы.
Экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептерінде қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің жоқтығы

Құжат ұсынылмайды

Қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда алады шетелдік азаматтарды қоспағанда соттылықтың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ішкі істер органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттық жүйесінен. Жарамдылық мерзімдері өтпеген құжаттар топтамасын өтініш беруші ұсынғаннан кейін құжаттарды қараушы ішкі істер органдарының қызметкері экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептерінде қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы ақпаратты сұратады.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнің мерзiмі өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша соттылығының жоқтығы.
Экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептерінде қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің жоқтығы

Құжат ұсынылмайды

Қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда соттылықтың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ішкі істер органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттық жүйесінен алады.
Жарамдылық мерзімдері өтпеген құжаттар топтамасын өтініш беруші ұсынғаннан кейін құжаттарды қараушы ішкі істер органдарының қызметкері экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептерінде қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы ақпаратты сұратады.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнің мерзiмі өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша соттылығының жоқтығы.
Экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептерінде қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің жоқтығы

Құжат ұсынылмайды

Қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда соттылықтың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ішкі істер органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттық жүйесінен алады.
Жарамдылық мерзімдері өтпеген құжаттар топтамасын өтініш беруші ұсынғаннан кейін құжаттарды қараушы ішкі істер органдарының қызметкері экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептерінде қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы ақпаратты сұратады.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнің мерзiмі өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша соттылығының жоқтығы.
Экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептерінде қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің жоқтығы

Құжат ұсынылмайды

Қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда соттылықтың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ішкі істер органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттық жүйесінен алады.
Жарамдылық мерзімдері өтпеген құжаттар топтамасын өтініш беруші ұсынғаннан кейін құжаттарды қараушы ішкі істер органдарының қызметкері экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептерінде қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы ақпаратты сұратады.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады