"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 141/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 наурызда № 34153 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесінде:

      1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Ақпараттық жүйелер:

      1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

      2) "электрондық үкіметтің" шлюзі;

      3) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      4) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      5) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      6) "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі" ақпараттық жүйесі;

      7) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;

      8) "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      9) "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      10) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы" ақпараттық жүйесі;

      11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

      12) кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      13) тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;

      14) статистика, талдау, сыртқы сауда статистикасының деректеріне қолжетімділікті ұйымдастыру;

      15) голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркаларын пайдаланумен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;

      16) акцизделген өнімнің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);

      17) интеграцияланған деректер қоймасы;

      18) "Web-декларант" электрондық декларациялау кешені;

      19) қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

      20) "АХАЖ" ақпараттық жүйесі;

      21) "Жылжитын мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесі;

      22) "Ұлттық зияткерлік меншік институты" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      23) "e-learnіng" электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;

      24) "Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы" ақпараттық жүйесі;

      25) "Салық есептілігін өңдеу жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      26) "Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы" ақпараттық жүйесі;

      27) "Интеграцияланған салық ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      28) "Деректерді бірыңғай сақтау орны" ақпараттық жүйесі;

      29) "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесі;

      30) "ҚР Қаржымині МКК Web-порталы" ақпараттық жүйесі;

      31) "Салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің тізілімі" ақпараттық жүйесі;

      32) "Электрондық шот фактуралар" ақпараттық жүйесі;

      33) "Жедел басқару орталығы" ақпараттық жүйесі;

      34) "Интеграцияланған кедендік тариф" ақпараттық жүйесі;

      35) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі" ақпараттық жүйесі;

      36) "Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесі;

      37) "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      38) "Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесі;

      39) "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

      40) "ASHYQ" Платформасы" бағдарламалық жасақтама (электрондық-есептеу машинасына арналған бағдарлама);

      41) "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі;

      42) "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" ақпараттық жүйесі;

      43) "Е-қызмет" персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

      44) "Е-заң көмегі" заң көмегінің бірынғай ақпараттық жүйесі;

      45) "Біріңғай нотаритаттық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесі;

      46) "Есепке алу-бақылау маркаларды, акциздік маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру";

      47) "Е-КТРМ" техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады