"Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-195/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 наурызда № 34154 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-195/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 18 қарашада № 21654 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Оң нәтиже болған жағдайда гигиеналық оқытуды жүргізген жеке және заңды тұлғалар емтихан тапсыру туралы мәліметтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне енгізеді.";

      3-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады