ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 28-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру қағидалары;
2) Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер тізбесі (бұдан әрі - Тізбе);
3) Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер нысаны (бұдан әрі - Нысан) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан Репсубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 19 наурыздағы № 160 Бұйрықпен бекітілген |
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 28-тармағына сәйкес әзірленді және мәліметтерді беру бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - МКО АЖ) интеграциялау арқылы мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) аппараттық-бағдарламалық кешен - ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
2) бәс тігу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм;
3) бәс тігуге қатысушы - бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;
4) ойын бизнесiн ұйымдастырушы – құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) сайт пен браузер арасында деректер алмасу қауіпсіз арна – SSL сертификаты арқылы жүргізілетінін растайтын интернет – ресурстың цифрлық куәлігі;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жинағы;
7) eXtensible markup language (бұдан әрі – XML) – құрылымдық және машинада оқылатын форматта деректерді сақтау және беру үшін қолданылатын белгілеудің кеңейтілген тілі;
8) hypertext transfer protocol secure (бұдан әрі – HTTPS) – гипермәтінді беру хаттамасы;
9) simple object access protocol (бұдан әрі – SOAP) – ақпараттық жүйелерді интеграциялау кезінде хабарламаларды жіберуге арналған XML-ге негізделген хаттама;
10) web Service definition language – веб-сервис интерфейстерін сипаттау стандарты (бұдан әрі – WSDL).
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де салаларында қолданылатын мағынада қолданылады.
2-тарау. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру тәртібі
3. Ойын бизнесін ұйымдастырушы МКО АЖ-мен аппараттық-бағдарламалық кешендерді интеграциялау арқылы мәліметтерді беру мақсатында мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша аппараттық-бағдарламалық кешен серверінің болуын;
2) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарында белгіленген тәртіппен МКО АЖ-мен интеграциялауды;
3) Тізбе мен Нысанға сәйкес күнделікті негізде мәліметтерді тәулік бойы үздіксіз өңдеуді және автоматты режимде беруді.
Тізбе бойынша мәліметтерді беру мыналарды:
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген SSL-сертификаттарды тіркеу куәліктерін қолдана отырып, HTTPS кеңейтілген көлік хаттамасын;
SOAP өзара әрекеттесу хаттамасын;
WSDL сипаттау тілін;
қол қойылған ЭЦҚ;
веб-әдістер мен олардың параметрлері үшін берілетін XML деректерді;
ақпарат алу кезеңділігін - Астана қаласының уақыты бойынша сағат 03:00-ден кешіктірмей:
ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша қаражатын алуды;
жеке тұлғаның ойын бизнесін ұйымдастырушыдан ақша қаражатын алуды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
4) аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмыс режиміндегі іркілістер немесе оны ауыстыру кезінде жұмыстың ақаулыққа төзімділігі және резервтік деректерді құруды;
5) деректердің өспелі қорытындысымен есепке алуды жүргізуді;
6) техникалық іркіліс туындаған кезде Тізбе бойынша мәліметтерді беру мүмкін еместігі туралы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына жазбаша түрде хабарлауды;
7) Тізбе бойынша мәліметтерді осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген іркіліс болған кезеңі үшін ақпараттық жүйелердегі іркіліс себептері жойылған күннен бастап 3 (үш) тәуліктен кешіктірмей жолдауды;
8) деректерді:
микро-, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – ойын бизнесін ұйымдастырушылармен бәс тігуге қатысушылар арасында бәс тігу жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап кемінде 3 (үш) жыл;
ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – ойын бизнесін ұйымдастырушылармен бәс тігуге қатысушылар арасында бәс тігу жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап кемінде 5 (бес) жыл ішінде сақтауды қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік кірістер органдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тізбеге сәйкес алынған мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;
2) МКО АЖ сервистерінің тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді;
3) Тізбе бойынша мәліметтерді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушыларға себебін көрсете отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
Қазақстан Репсубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 19 наурыздағы № 160 Бұйрықпен бекітілген |
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер тізбесі
1. Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі.
2. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша қаражатын алған күні мен уақыты.
3. Заңда көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан алған ақша қаражатының сомасы.
4. Заңда көзделген тәсілдермен жеке тұлғаның букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан ақша қаражатын алған күні мен уақыты.
5. Заңда көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан жеке тұлғаның алған ақша қаражатының сомасы.
Қазақстан Репсубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 19 наурыздағы № 160 Бұйрықпен бекітілген |
|
Нысан |
____________________________________________________________________ (Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер
№ | Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі | 2. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша қаражатын алған күні мен уақыты | "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан алған ақша қаражатының сомасы | |
Күні | Уақыты | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Кестенің жалғасы:
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен жеке тұлғаның букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан ақша қаражатын алған күні мен уақыты | "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан жеке тұлғаның алған ақша қаражатының сомасы | |
Күні | Уақыты | |
6 | 7 | 8 |