Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 наурызда № 34184 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Репсубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 168 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алу бойынша тендер тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.

      Әлеуетті өнім берушінің осы тармақта қойылатын талаптарға сәйкестігін веб-портал Индустриялық даму саласындағы уәкілетті органның және (немесе) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының деректері негізінде автоматты түрде айқындайды.

      Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.";

      147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Егер әлеуетті өнім берушінің техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға өтінімнің бағасы "Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 223-НҚ бұйрығымен бекітілген құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.";

      287-тармақ мынадай мазмұндағы 39) тармақшасымен толықтырылсын:

      "39) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын офтейк-келісімшарттардың нысанасы болып табылатын тауарларды сатып алу.";

      мынадай мазмұндағы 359-1-тармақпен толықтырылсын:

      "359-1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алу бойынша тендер тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.

      Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.";

      460-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "460. Егер әлеуетті өнім берушінің техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға өтінімнің бағасы "Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 223-НҚ бұйрығымен бекітілген құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 22-қосымша:

      Тауарларды сатып алу туралы үлгілік шартта:

      2.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін, Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді. Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, тауарларды қабылдап алу-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді2.

      Егер Өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде болса, Тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде шарт сомасының 30 % мөлшерінде аванстық төлем жүргізеді.

      Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.";

      3.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.1. Өнім беруші:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын> (<қамтамасыз ету сомасы жазумен>) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3 (үш) пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:

      сатып алу веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> <кепілдікті жарнаға арналған шот> №, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна;

      не:

      Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін.

      Осы тармақшаның талаптары тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі өнім берушілерге қолданылмайды;

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа 2-қосымшада (техникалық ерекшелік) көрсетілген талаптарға тауарлардың сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      4) Тауарларды түпкілікті арналған пунктіне тасымалдау кезінде олардың бұзылудан немесе бүлінуден сақтай алатын орауын қамтамасыз етуге. Орауы қандай да бір шектеусіз қарқынды жүктеу-тасымалдау өңдеуі мен экстремалды температуралардың әсерлерге, тасымалдау кезінде тұздар мен жауын-шашынға, сондай-ақ ашық түрде сақтауға төзе алатын болуы қажет. Оралған жәшіктер габариттері мен олардың салмақтарын айқындау кезінде Тауарлар тасымалының барлық пункттерінде жеткізудің соңғы пунктінің алыстылығын және қуатты жүккөтергіш құралдарының бар болуын ескеру қажет;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс.

      6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;

      7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынуға;

      8) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге;

      9) веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген тауарларды қабылдап алу-беру актісін ресімдеуге және Тапсырыс берушіге жіберуге;

      10) Тапсырыс беруші тауар(лар)ды қабылдап алу-беру актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазып беруге міндеттенеді.

      <n) жаңа тармақша>.";

      7.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.3. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.

      Егер Өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде болса, онда тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 3 % аспауға тиіс.";

      көрсетілген Қағидаларға 23-қосымша:

      Құрылыс саласындағы жұмыстарды сатып алу туралы үлгілік шартта:

      3.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.2. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Қағидалардың 151-тармағына сәйкес соманы енгізгеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүргізеді.

      Қалған соманы Тапсырыс беруші Мердігердің/Орындаушының <ақы төлеу шарты> есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, бұдан бұрын төленген авансты тепе-тең ұстап қалумен Тараптар Орындалған жұмыстардың актісіне қол қойған күннен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей төлейді.

      Бұл ретте, жұмыс көлемі қосалқы мердігерлікке берілген жағдайда, Мердігер тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге бөлінген соманың 30 % мөлшерінде аванстық төлем төлеуге міндеттенеді.

      Орындалған жұмыс үшін төлемді <төлем шарты> Тапсырыс беруші Тараптар орындаған жұмыстардың актісіне қол қойған күнінен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді.

      Мердігер орындалған жұмыстар үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге ақы төлеуді Мердігердің есеп шотына Тапсырыс берушіден төлем түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды бір қаржы жылының шеңберінде орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіні тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5 %-ын төлейді.

      Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні құрылысты аяқтаудың соңғы жылында пайдалануға қабылдау туралы актіні <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5 %-ын төлейді.";

      4.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.1. Мердігер/Орындаушы:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде <сома> теңгеге тең Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, <сондай-ақ <сома> теңгеге тең антидемпинг шараларына сәйкес соманы> енгізуге міндеттенеді, бұл жалпы алғанда:

      сатып алу веб-порталында растау құжатының көшірмелерін орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің № <кепілдік жарнасына арналған шот> банктік шотына <қала> қаласы бойынша <банктің атауына> кепілді ақшалай жарна;

      не:

      Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Мердігер/Орындаушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;

      4) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28243 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;

      6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;

      7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      8) Мердігердің/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге;

      9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін ресімдеуге және жіберуге;

      10) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазып беруге;

      11) объектілер құрылысымен байланысты инвестициялық жобаны іске асыру кезінде сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша қаражатты жұмсауды сатып алу шоттары арқылы жүзеге асыруға;

      12) объектілер құрылысымен байланысты сатып алу туралы шарт бойынша қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуға. Мұндай талап тиісті қосалқы мердігерлік (бірлесіп орындаушылық) шарттарында көрсетіледі;

      13) қосалқы мердігерлермен жасалатын шарттар бойынша ол қосалқы мердігерлік шарттарында ашылатын сатып алу шоттарына ақшалай қаражат аудару туралы талаптың болуын және Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес шот-фактуралардың үзінді-көшірмесін жазып беру шартының болуын қамтамасыз етуге;

      14) тәуекелдердің жоқтығы тұрғысынан талдау жүргізілген қосалқы мердігерлердің тізбесін ұсынуға;

      15) шартта ашылатын сатып алу шоттарының деректемелерін көрсетуге;

      16) төлем сертификатын ұсынуға, сондай-ақ Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес қосалқы мердігердің төлем сертификатын ұсынуын қамтамасыз етуге;

      17) объектілер құрылысымен байланысты шартты Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар арқылы орындауға міндеттенеді.";

      4.3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7) тармақшасымен толықтырылсын:

      "7) Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталға Мердігердің байланыс деректері бар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамада көзделген негізгі құрылыс материалдары, жабдықтар, бұйымдар мен конструкциялар қажеттілігінің жиынтық ведомосын (тізілімін) жүктеуге міндеттенеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 24-қосымша:

      Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы үлгілік шартта:

      4.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.1. Жобалаушы/Орындаушы:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде <сома> теңгеге тең Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, <сондай-ақ <сома> теңгеге тең антидемпинг шараларына сәйкес соманы> енгізуге міндеттенеді, бұл жалпы алғанда:

      сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) растау құжатының көшірмелерін орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің № <кепілдік жарнасына арналған шот> банктік шотына <қала> қаласы бойынша <банктің атауы> кепілді ақшалай жарна;

      не:

      Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік;

      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Жобалаушы/Орындаушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталғанға дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      4) жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28243 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен құрастырмаларды пайдалануды көрсетуге;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың талаптарын орындау үшін Жобалаушы/Орындаушы тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндетті. Көрсетілген ақпарат осы персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуі тиіс;

      6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шартты іске асыру мақсаттарынан басқа, жоғарыда аталған құжаттар мен ақпаратты пайдаланбауға;

      7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруге;

      8) Тапсырыс берушіге Жобалаушының/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз әрекеттерден туындаған өзіне келтірілген залалды толық көлемде өтеуге;

      9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін ресімдеуге және жіберуге;

      10) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін шот-фактураны электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беру қағидалрына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жазып беруге міндеттенеді.".

      3. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 07.10.2024 № 671 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады