Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 наурызда № 34188 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың

      1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы

  Қазақстан Репсубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 27 наурыздағы
№ 166 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16878 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау" ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылақ бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 873 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17690 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Мемлекеттік аудиторлар жеткілікті және тиісті дәлелдемелерді алу мақсатында, келесі аудиторлық рәсімдерді жүргізеді:

      тиімділік аудитінің нысанасы бойынша зерттелетін құжаттаманы талдау;

      тиімділік аудиті нысанасының бағыты бойынша мемлекеттік аудит объектісіне ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін бағалау;

      тиімділік аудитінің нысанасына байланысты тұлғаларға (мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғалары, контрагенттер, мемлекеттік қызметтерді алушылар және басқа да жеке және заңды тұлғалар) сұхбат (сауалнама) жүргізу;

      бақылау және қарап тексеру (басқа тұлғалар орындайтын процесті немесе рәсімді бақылау);

      талдамалық рәсімдер (кезеңдердегі ақпаратты салыстырып тексеру, қаржылық есесптілік элементтерінің көрсеткіштерін салыстырып тексеру, аудит жүргізілетін кезеңдегі қаржылық және қаржылық емес ақпарат көрсеткіштерінің деректері арасындағы өзара байланысты зерделеу, тиімділік аудиті нысанасының элементтері арасындағы өзара байланысты зерделеу);

      инспекциялау (сенімділігі әртүрлі дәрежедегі аудиторлық дәлелдемелерді (сипаты мен көздеріне байланысты) қамтамасыз ететін, қағаз немесе электрондық нысандағы, немесе өзге де ақпарат тасығыштардағы ішкі немесе сыртқы жазбаларды, немесе құжаттарды тексеру));

      сұрау салу және растау (ауызша немесе жазбаша сұрау салу нысанындағы басқа да аудиторлық рәсімдерге қосымша);

      қайта есептеу (құжаттар мен жазбалардың арифметикалық дәлдігін тексеру);

      қайта орындау (олар қолданатын бақылау құралдары бойынша мемлекеттік аудит объектісінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік аудитордың бақылау әрекеттері).

      Мемлекеттік аудиторлар тиімділік аудитінің барлық кезеңдерінде орындайтын аудиторлық рәсімдерінің ашықтығы мен түсініктілігін қамтамасыз етеді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Тиімділік аудитін өткізу кезінде анықталған фактілердің белгісі:

      1) жоғары тиімді қызмет (тиімділік аудитінің нысанасын немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін сипаттайтын нақты мәндердің тиімділік аудиті көрсеткіштерінен оң ауытқу орын алады);

      2) тиімді қызмет (тиімділік аудитінің нысанасын немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін сипаттайтын нақты мәндер тиімділік аудитінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді);

      3) тиімсіз қызмет (тиімділік аудитінің нысанасын немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін сипаттайтын нақты мәндердің тиімділік аудитінің көрсеткіштерінен нашар жағына ауытқу орын алады) болып табылады.".

      3. "Сәйкестік аудиті" ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26715 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сәйкестік аудиті" ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      Сәйкестік аудит бағыттары бойынша сәйкестік аудитін жүргізуге қойылатын талаптарда:

      6-тармақша мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау, сондай-ақ оларды пайдалану.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің іске асырылуын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шығындарын қалай өтелгенін және қандай шарттарда жүргізілгенін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қойылатын нормалар талаптарының сақталғанын;

      концессиялық ұсыныстардың Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкестігін;

      концессия шарттарының болуын (негіздеме, келіссөздер хаттамалары, концессиялар жөніндегі комиссияның ұсыныстары) тексереді;".

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  "Ішкі аудит қызметтері
жұмысының тиімділігін
бағалау" ішкі мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
6-қосымша

Ішкі аудит қызметі жұмысының тиімділігін бағалау өлшемшарттары

Бағалау өлшемшарттары

Көрсеткіштер

Балл

1

Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатасымен, ішкі мемлекеттік аудиттің уәкілетті органымен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларымен тексерулердің қайталану фактілерінің Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде болмауы

10

2

Тиісті жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін орындау

Ағымдағы жылы Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген мемлекеттік аудит объектілерін қамту:
Тиісті жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін орындамау фактілерінің болмауы;
тиісті жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін орындамау
1-ден 3-ке дейін;
3-тен 5-ке дейін;
5 және одан көп

 
15
-5
-7
-10

3

Тиісті жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу*

Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілген өзгерістердің саны (мемлекеттік аудит объектілерінің санын азайту):
2-ден 5-ке дейін;
5-тен 7-ге дейін;
7 және одан көп

 
-2
-5
-7

4

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар, тапсырмалар санынан орындалған ұсынымдар, шешімдер үлесі (орындау мерзімдері басталған)

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдардың орындалған тармақтарының үлесі:
70% - дан 80%-ға дейін;
80% - дан 90% - ға дейін;
90% және одан жоғары;
70%-дан кем

 
5
10
15
-5

5

Қозғалған қылмыстық іс және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберіндегі қаражатты қоспағанда, сондай-ақ ІАҚ аудитінің материалдары бойынша аудит объектілерінің қарсылығы бар қаражатты қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша қаражатты өтеу (қалпына келтіру).

Есепті кезеңде бюджетке өтелуге жататын бұзушылықтардың жалпы сомасында бюджетке өтелген бұзушылықтар сомаларының үлес салмағы:
0% - дан 10%-ға дейін;
10%-дан 20 %-ға дейін;
20%-дан 30%-ға дейін;
30%-дан 40%-ға дейін;
40%-дан 50%-ға дейін;
50%-дан 60%-ға дейін;
60%-дан 70%-ға дейін;
70%-дан 80%-ға дейін;
80%-дан 90%-ға дейін;
90%-дан 100%-ға дейін

 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
15

Есепті кезеңде қалпына келтіруге және есепке алу бойынша көрсетуге жататын бұзушылықтардың жалпы сомасында қалпына келтірілген және есепке алу бойынша көрсетілген бұзушылықтар сомасының үлес салмағы:
0%-дан 10%-ға дейін;
10%-дан 20%-ға дейін;
20%-дан 30%-ға дейін;
30%-дан 40%-ға дейін;
40%-дан 50%-ға дейін;
50%-дан 60%-ға дейін;
60%-дан 70%-ға дейін;
70%-дан 80%-ға дейін;
80%-дан 90%-ға дейін;
90%-дан 100%-ға дейін

 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
15

6

Ішкі процестерді (бизнес-процестерді) жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу және қабылдау**

Ішкі процестерді (бизнес-процестерді) жетілдіру жөнінде енгізілген және қабылданған ұсыныстар саны

Әрбір қабылданған ұсыныс үшін плюс 1 (ең жоғары - 15)

7

"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын кері қайтарып алу

Мемлекеттік аудитор сертификаты кері қайтарып алынған ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің саны

Әрбір жағдай үшін -10

8

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейтін құжаттардың болуы

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізген сапаны бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейтін аудит материалдарының саны:
1 материал;
2-ден 3 материалға дейін;
4 материалдардан және одан да көп

 
- 5
- 7
- 10

9

Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттеріне жүгіну жағдайларын растау

Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттеріне жасалған өтініштердің расталған жағдайларының саны

Әрбір жағдай үшін
- 5

10

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесі шешімдерінің толықтығы, сапасы және уақтылы орындалуы

Үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындамау, уақтылы және/немесе сапалы орындамау фактілерінің болмауы

10

Үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындамау фактілерінің болуы:
1-2 факт;
3-5 факт;
5-тен астам факт

 
-5
-8
-10

Үйлестіру кеңесінің шешімдерін уақтылы және / немесе сапалы орындамау фактілерінің болуы:
1-2 факт;
3-5 факт;
5-тен астам факт

 
-5
-8
-10

11

Тиімділік аудитін жүргізу

Жүргізілген аудиттердің жалпы санына тиімділік аудитін үлес салмағы 30% немесе одан да көп

 
5

12

Электрондық ішкі мемлекеттік аудитін жүргізу

Жүргізілген аудиттердің жалпы санына электрондық түрде аудиторлық іс-шаралардың үлес салмағы:
30%-дан 60%-ға дейін;
60%-дан 90%-ға дейін;
90% және одан жоғары

 
5
10
15

13

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін ІАҚ құрамына кіретін мемлекеттік органның қаржылық есептілік аудитіне ІАҚ қатысуы (Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы болған кезде)

Қатысу

5

Қатыспау (Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы болған кезде)

0

14

Мемлекеттік аудит материалдарын уәкілетті органның электрондық құжат айналымы жүйесіне уақтылы енгізу (Қаржылық бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі)

"Тәуекелдерді басқару жүйесі. Қаржылық бақылау" кіші жүйесіне мемлекеттік аудит туралы заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкес (материалдарды енгізудің толықтығы) есепті жылдағы аудиторлық іс-шаралар санынан мемлекеттік аудит істерінің уақтылы енгізілмеген материалдарының үлесі 70%-дан кем

 
-5

15

Төлеу мерзімі басталған, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алуға берілген әкімшілік айыппұлдардың сомаларын бюджет кірісіне өндіріп алу

Төлеу мерзімі басталған есепті кезеңде және соттар шығарған, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алуға берілген қаулыларда салынған айыппұлдардың жалпы сомасындағы бюджет кірісіне өндіріп алынған әкімшілік айыппұлдар сомаларының үлес салмағы:
50%-ге дейін;
50%-дан 60%-ға дейін;
60%-дан 70%-ға дейін;
70%-дан 80%-ға дейін;
80%-дан 90%-ға дейін;
90%-дан 100%-ға дейін

 
0
1
2
3
4
5

16

Құқық қорғау органдарына берілген ІАҚ материалдары бойынша соттардың талап-арыздарын қанағаттандыруы

Құқық қорғау органдарына жіберілген материалдар бойынша есепті кезеңде ІАҚ материалдары бойынша соттар қанағаттандырған талап қоюлардың үлес салмағы:
0%-дан 20%-ға дейін;
20%-дан 40%-ға дейін;
40%-дан 60%-ға дейін;
60%-дан 80%-ға дейін;
80%-дан 100%-ға дейін

 
1
2
3
4
5

17

Аудит объектісінің анықталған бұзушылықтарды жою туралы шешімдерді орындауына бақылаудың болмауы

Әрбір жағдай үшін

-1

      Ескертпе:

      * Карантиндік және басқа да шектеу шаралары енгізілген жағдайда бұл өлшем бағалауға жатпайды.

      ** Ішкі процестер (бизнес-процестер) – белгілі бір міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралар немесе жұмыстар жиынтығы.

      Ішкі процестерді (бизнес-процестерді) жетілдіру жөніндегі ІАҚ ұсыныстары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді;

      2) тиісті уәкілетті орган қабылдаған қызметті жақсартуды қамтиды;

      3) облыс әкімімен қабылданатын және жергілікті атқарушы органның басшысына орындауға жолданатын жергілікті атқарушы органның қызметін жетілдіру және сәйкестендіру жөніндегі ұсыныстар.

      Бұл ретте, мемлекеттік аудит объектілеріне жіберілген ұсынымдар осы өлшемшарт бойынша есепке алынуға жатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады