БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24367 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны (270.00-нысан);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны (270.00-нысан);
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау қағидалары бекітілсін.";
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес 3 және 4-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау қағидаларында (270.00-нысан):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Декларация жыл сайын, Салық кодексінің 633-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдан кейінгі келесі жылдан бастап, есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынылады.
Декларация (1-қосымша) осы Қағидаларға сәйкес жасалады және 2022 жылдан бастап 2023 жыл арасына ұсынылады:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының, "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларация табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар табыс етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және жеке тұлғаның 2023 жылға декларация табыс ету бойынша салықтық міндеттемелеріне байланысты, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарына қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Репсубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 29 наурыздағы № 169 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына 3-қосымша |
270.00-нысан 01-бет
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ
A бөлімі. Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат
1. ЖСН (ол болған кезде)__________________ 2. Салық кезеңі: _____ жыл
3. Т.А.Ә. _____________________________________
4. Телефон нөмірі_____________Электрондық мекенжайы _______________________
5. Заңды өкіл болып табылатын адам, өкілдік ететін адамның ЖСН көрсетіңіз ________
(кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі)
6. Жұбайының ЖСН ________________________________
7. Декларацияның түрі (тиісті торкөзге X түрінде көрсетіңіз)
бастапқы
кезекті қосымша хабарлама бойынша қосымша8. Кірістер мен мүліктің болуы (тиісті торкөзге X түрінде көрсетіңіз):
A. | Сізде жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірісі бар ма (мүліктік кірістер, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған кірістер, үй қызметкерінің кірісі, медиатордың кірісі, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс ): | |
Егер "Иә", белгілеңіз және № 1 қосымшаны (270.01 н.) толтырыңыз | ||
B. | Сіз ЖТС бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызуды немесе қайтаруды қалайсыз ба* | |
Егер "Иә", белгілеңіз және № 2 қосымшаны (270.02 н.) толтырыңыз | ||
С. | Сізде жеке практикамен айналысатын тұлғаның кірісі бар ма (жекеше нотариус, сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор): | |
Егер "Иә" , белгілеңіз және № 3 қосымшаны (270.03 н.) толтырыңыз | ||
D. | Сіздің Қазақстан Республикасынан тыс жерде мүлкіңіз бар ма: | |
Егер "Иә", белгілеңіз және № 4 қосымшаны (270.04 н.) толтырыңыз | ||
| Сіз есептілік күнтізбелік жыл ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде мүлік сатып алдыңыз ба және (немесе) иеліктен шығардыңыз ба ("Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен осы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар ғана толтырады) | |
Егер "Иә", белгілеңіз және № 5 қосымшаны (270.05 н.) толтырыңыз | ||
F. | Сізде есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша дебиторлық/кредиторлық берешек бар ма (Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар алдындағы берешекті қоспағанда): | |
Егер "Иә", белгілеңіз және №6 қосымшаны (270.06 н.) толтырыңыз | ||
G. | Сізде бақыланатын шетелдік компанияның (БШК) қаржылық пайдасы бар ма: | |
Егер "Иә", белгілеңіз және № 7 қосымшаны (270.07 н.) толтырыңыз |
*2025 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады
В бөлімі. Салық төлеушінің мәліметтерді ашуға келісімі (ұяшықта Х түрінде көрсетіңіз): | |
Осымен мен банк мекемелерінің жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсаған шығыстары туралы мәліметтерді беруге келісім беремін |
С бөлімі. Салық төлеушінің жауапкершілігі
Мен осы декларацияда келтірілген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық туралы хабардармын.
1. Салық төлеушінің/заңды немесе уәкілеттік берілген өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) | ______________________________________ |
2. Декларация тапсырылған күн _ / / | 3. Мемлекеттік кірістер органының коды / / / |
4. Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) | ______________________________________ |
5. Декларацияны қабылдаған күні_ /_ / ______ | |
6. Құжаттың кіріс нөмір ____________ | 7. Пошта штемпелінің күні / / |
270.00-нысан 02-бет
Аббревиатуралардың толық жазылуы: |
270.01- нысан 01-бет
Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірісі туралы мәліметтер (Декларацияға 1-қосымша) А бөлімі. Жалпы ақпарат
1. ЖСН _______________________ 2. Салық кезеңі: _____ жыл
B бөлімі. Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын күнтізбелік жылдағы кірісі
Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірісі туралы мәліметер, шегерімдермен мен түзетулер | Сомасы | |||
A | Мүліктік кіріс: | |||
1. | Құн өсімінен түсетін кіріс, оның ішінде: | |||
1) | Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізуден түскен кіріс | |||
2) | Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алынған мүлікті өткізуден түскен кірісі | |||
2 | Жарғылық капиталға салым ретінде мүлікті беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс | |||
3 | Жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті жалға (жалға алуға) беруден алған кірісі | |||
4 | Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі үлесін басқаға беруден түсетін кіріс | |||
5 | Салық кодексінің 334-бабында көрсетілген өзге де активтерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс | |||
B | Басқа кірістер, оның ішінде: | |||
1 | Қазақстан Республикасынан тыс жердегі көздерден алынған кірістер, оның ішінде: | |||
1) | еңбек (ұжымдық) шарттары бойынша кірістер | |||
2) | нысанасы қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер | |||
3) | ұтыстар түріндегі кірістер | |||
4) | дивидендтер түріндегі кірістер | |||
5) | сыйақы түріндегі кірістер | |||
6) | стипендия түріндегі кірістер | |||
7) | сақтандыру төлемдері түріндегі кірістер | |||
8) | зейнетақы төлемдері түріндегі кірістер | |||
9) | Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алынған басқа да кірістер | |||
2 | Үй жұмыскерлерінің салық агенті болып табылмайтын адамнан алған кірісі | |||
3 | Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алған кірістері | |||
4 | Салық агенттері болып табылмайтын кәсіби медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың кірістері | |||
5 | ЖТС ұсталмаған жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамның кірістері | |||
6 | Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірістері | |||
7 | Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған басқа да кірістер (В бөлімнің 1 – 6-жолдарында көрсетілмеген) | |||
С | БШК-ның және БШК ТМ-ның жиынтық пайдасы | |||
D | Салық салуға жататын кірістердің қорытынды сомалары | |||
Е | Кірістерді түзету, оның ішінде: | |||
1 | Салық кодексінің 341-бабына сәйкес | |||
2 | Салық кодексінің 654-бабына сәйкес | |||
3 | халықаралық шарттарға сәйкес | |||
4 | "АХҚО туралы" ҚР Конституциялық Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес босатылатын кірістер | |||
F | Салықтық шегерімдер, оның ішінде: | |||
1 | стандартты салық шегерімдері | |||
2 | басқа да салық шегерімдері | |||
G | Салық салуға жататын кіріс сомасы (D жол – E жол – F жол) | |||
H | Есептелген жеке табыс салығы сомасы | |||
I | Шетелдік салықты есепке жатқызу | |||
J | БШК-ның және БШК ТМ-ның қаржылық пайдасынан есепке жатқызылған шетелдік салықтың сомасы | |||
К | Бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығының сомасы (H жол – I жол – J жол) | |||
Жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттың БСН |
270.02- нысан 01-бет
ЖТС бойынша асып кетуді есепке жатқызу және қайтару туралы талап (Декларацияға 2-қосымша) А бөлімі. Жалпы ақпарат
1. ЖСН _______________________ 2. Салық кезеңі: _____ жыл
В бөлімі. ЖТС бойынша асып кетуді есепке жатқызу туралы талап
ЖТС бойынша асып кетуді есепке жатқызу туралы талап сомасы: | ||||||
№ | ЖТС бойынша асып кетуді есепке жатқызу: | |||||
1 | Салық берешегі бойынша: | БСК | Салық сомасы |
Өсімпұл | МКО коды | |
2 | Алдағы төлемдер бойынша: | БСК | Салық сомасы | - | МКО коды | |
С бөлімі. ЖТС бойынша асып кетуді қайтару туралы талап ЖТС бойынша асып кетуді қайтару туралы талап "бар болса" болса кестені толтырыңыз
№ | Салық берешегін өтегеннен және алдағы төлемдер есебіне енгізгеннен кейінгі ЖТС сомасын банк шотыма қайтаруды сұраймын | |||
Бенефициар банктің ЖСК (шот нөмірі) | Банк коды (банктің сәйкестендіру коды) |
270.03-нысан 01-бет
Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі туралы мәліметтер (Декларацияға 3-қосымша) А бөлімі. Жалпы ақпарат
1. ЖСН _______________________ 2. Салық кезеңі: _____ жыл
В бөлімі. Жекеше нотариус, сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор толтырады
№ | (A) кезең (ай) | (B) Қызметті жүзеге асырудан түскен барлық кірістер | C) Бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығының барлық сомасы |
1 | Қаңтар | ||
2 | Ақпан | ||
3 | Наурыз | ||
4 | Сәуір | ||
5 | Мамыр | ||
6 | Маусым | ||
7 | Шілде | ||
8 | Тамыз | ||
9 | Қыркүйек | ||
10 | Қазан | ||
11 | Қараша | ||
12 | Желтоқсан | ||
13 | Барлығы | ||
Жеке практикамен айналысатын адамның орналасқан жері бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттың БСН | |||
Жеке практикамен айналысатын адамның орналасқан жері бойынша облыстық маңызы бар қаланың, аудандардың республикалық маңызы бар қалалардың МКО коды |
270.04-нысан 01-бет
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік туралы мәліметтер (Декларацияға 4-қосымша) А бөлімі. Жалпы ақпарат
1. ЖСН _______________________ 2. Салық кезеңі: _____ жыл
В бөлімі. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлікті сатып алу, иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу туралы ақпарат ( "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен осы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген адамдар толтырмайды)
(А) № | (B) Мүлікті сатып алу/ алу, иеліктен шығару тәсілі | (C) Мүлік түрі | (D) Саны | (E) Мүліктің сәйкестендіру нөмірі немесе келісімшарт нөмірі | (F) Мүлікті мемлекеттік немесе өзге де тіркеу күні | (G) Беруші тұлғаның сәйкестендіру нөмірі | (H) Ел коды | (I) Валюта коды | (J) Құны (бағасы) |
С бөлімі. Есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында 1000 АЕК-ден асатын сомадағы ақша туралы мәліметтер
(A) № | (B) Банк мекемесінің сәйкестендіру нөмірі | (C) Банк мекемесінің атауы | (D) Ел коды | (E) валюта коды | (F) Сомасы |
D бөлімі. Есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дебиторлық/кредиторлық берешектің болуы туралы мәліметтер
(A) № |
(B) Берешек түрі (дебиторлық |
(C) Сәйкестендіру нөмірі (борышкердің | D) Валюта коды | (E) Берешек сомасы | (F) Шартқа сәйкес қайтару мерзімі | (G) Нотариаттық іс-әрекеттерді жасаған нотариус лицензиясының/сот шешімінің нөмірі мен күні |
Е бөлiмi. Есептi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мүлiк пен активтердің болуы туралы мәлiметтер
(A) № | (B) Мүлік түрі | (C) Сәйкестендіру нөмірі | (D) Ел коды | (E) Тіркелген мекенжай |
270.05-нысан 01-бет
Мүлікті сатып алу (алу) және (немесе) иеліктен шығару туралы және мүлік сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер (Декларацияға 5-қосымша) А бөлімі. Жалпы ақпарат
1. ЖСН _______________________ 2. Салық кезеңі: _____ жыл
В бөлімі. Мүлікті (оның ішінде ақшаны) сатып алу (алу) туралы және есепті салық кезеңі ішінде мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мүлік сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер ("Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен осы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар ғана толтырады)
(01) Мүлікті (оның ішінде ақшаны) сатып алу (алу) туралы мәліметтер | (02) Мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер | |||||||||||
|
(В) |
*(С) |
(D) |
(Е) |
(F) |
(G) |
(H) |
(I) |
(J) |
(K) |
(L) | (M) Сомасы |
С бөлімі. Есепті салық кезеңі ішінде мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мүлікті иеліктен шығару туралы мәліметтер ("Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен осы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар ғана толтырады)
(А) № |
(В) |
*(С) |
(D) |
(Е) |
(F) |
(G) |
(H) |
(I) |
*Заңды тұлғаға қатысу үлесін сатып алған (алған) және (немесе) иеліктен шығарған жағдайда заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
Тұрғын үй құрылысындағы үлесті сатып алған (алған) және (немесе) иеліктен шығарған жағдайда шарттың нөмірі көрсетіледі.
270.06-нысан 01-бет
Қазақстан Республикасы аумағындағы дебиторлық/кредиторлық берешек туралы мәліметтер (Декларацияға 6-қосымша) А бөлімі. Жалпы ақпарат
1. ЖСН _______________________ 2. Салық кезеңі: _____ жыл
В бөлімі. Есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы дебиторлық/кредиторлық берешектің болуы туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың берешегін қоспағанда).
(A) № |
(B) Берешек түрі (дебиторлық |
(C) | (D) Валюта коды | (E) Берешек сомасы | (F) Шартқа сәйкес қайтару мерзімі | (G) Нотариаттық іс-әрекеттерді жасаған нотариус лицензиясының/сот шешімінің нөмірі мен күні |
270.07- нысаны 01 бет
Бақыланатын шетелдік компанияның (БШК) қаржылық пайдасы (Декларацияға 7-қосымша) А бөлімі. Жалпы ақпарат
1. ЖСН _______________________ 2. Салық кезеңі: _____ жыл
Бөлім B. Бақыланатын шетелдік компанияның (БШК) қаржылық пайдасы
(А) № | (B) БШК немесе БШК ТМ атауы | C) Тіркелген елінің коды | (D) БШК немесе БШК ТМ мемлекеттік (салықтық) тіркеу нөмірі | (E) Қатысу немесе бақылау коэффициенті (E) | (F) Валюта коды | (G) ) Салық салынғанға дейінгі шетел валютасында қаржылық пайда |
(H) |
(I) |
(J) |
(К) |
(L) |
(M) |
* Есепті кезеңнің алдындағы екі кезеңде пайда болған БШК немесе БШК ТМ шығындарының сомалары; шетел валютасындағы азайту сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы азайту сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы азайту сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы азайту сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы азайту сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы азайту сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы азайту сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы азайту сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы азайту сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы азайту сомасы; Салық кодексінің 340-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес шетел валютасындағы азайту сомасы; БШК немесе БШК ТМ шетел валютасындағы азайту мен шығындарын ескере отырып қаржылық пайдасы; шетел валютасында салық салуға жататын қаржылық пайда; Ұлттық валютада салық салуға жататын қаржылық пайда; шетел валютасындағы қаржылық есептілік бойынша шетелдік табыс салығының сомалары; шетел валютасында төленген шетелдік табыс салығының сомасы; есепке жатқызылатын шетелдік табыс салығының сомасы, ұлттық валютада; БШК және БШК ТМ жиынтық пайдасы; жеңілдетілген салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, БШК және БШК ТМ салық салынатын кірісінің сомасы; жеңілдетілген салық салынатын мемлекеттерде тіркелген БШК және БШК ТМ салық салынатын кірісінің сомасы; БШК немесе БШК ТМ қаржылық пайдасына шетелдік салықты есепке алу болған жағдайда толтырылады.
Қазақстан Репсубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 29 наурыздағы № 169 Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына 4-қосымша |
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау қағидалары (270.00-нысан)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 206-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды.
2. Декларация жыл сайын, Салық кодексінің 633-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдан кейінгі келесі жылдан бастап, есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынылады.
Декларация (3-қосымша) осы Қағидаларға сәйкес жасалады және мыналар ұсынады:
1) 2024 жылдан бастап:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының, "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларация табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар;
мемлекеттік мекеменің жұмысшылары және олардың жұбайлары;
квазимемлекеттік секторынындағы жұмысшылар және олардың жұбайлары;
2) 2025 жылдан бастап:
заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) мен олардың жұбайлары;
дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары;
жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған жылдан кейінгі жылдан бастап:
3) 2026 жылдан бастап:
кәмелетке толған тұлғалар;
Қазақстан Республикасының азаматтары;
қандастар;
тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі болған кезде бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
кәмелетке толмаған тұлғалар ұсынады.
Бұл ретте, кәмелетке толмаған адамдар Декларацияны есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мынадай жағдайлардың кез келгені басталған кезде:
меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі, құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі бар болған;
құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жылжымайтын мүлік құрылысында үлесі болған;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердің банктік шоттарында барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) мың еселенген мөлшерінен асатын жиынтық ақша сомасы болған;
шарт немесе міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған өзге де құжат болған кезде, басқа тұлғалардың осы тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) сомасының және (немесе) осы тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек) сомасы болған кезде тапсырады.
Кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілет етуі шектелген адамның Декларация тапсыру бойынша міндеттемесін заңды өкілі орындайды.
3. Декларация жеке тұлғалардың:
1) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметтен алған декларациялауға жататын кірістерін қоспағанда, жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістері;
2) салықтық шегерімдер;
3) мүлікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару, оның ішінде өтеусіз алу;
4) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын, оның ішінде Салық кодексінің 351-бабында айқындалған салық шегерімі қолданылған кезде, жеке тұлғаның банк мекемелерінің Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстары туралы мәліметтерді ұсынуға келісімін көрсете отырып, есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талаптар (бұдан әрі – ЖТС бойынша асып кетуді есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талап).
ЖТС бойынша асып кетуді есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талап 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап толтырылады.
5) жиынтығында АЕК-тің мың еселенген мөлшерінен асатын сомада Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша;
6) есепті салықтық кезеңде 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы қолда бар мүлікі:
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер;
инвестициялық алтын;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
7) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банк қызметі туралы заң) сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (растаған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде басқа адамдардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа адамдар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы ақпараттарды ақпараттарды көрсетуі үшін арналған.
1. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді.
2. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
3. Декларация:
1) қағаз тасымалдағышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып;
2) электрондық тасымалдағышта – салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы жасалады.
4. Қағаз тасымалдағышта жасалған Декларацияға жеке тұлға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, нотариат растаған немесе оған теңестірілген сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкілі қол қояды.
Электрондық тасымалдағышта жасалған Декларация:
1) жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы;
2) бір реттік парольді пайдалана отырып куәландырылады.
5. Декларация Салық кодексінің 208-бабының 6-тармағын ескере отырып, қағаз тасымалдағышта келу тәртібінде ұсынған кезде екі данада жасалады.
2-тарау. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау тәртібі
1-параграф. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау
6. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" деген А бөлімінде:
1) 1-жолда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);
2) 2-жолда – Декларация табыс етілетін салық кезеңі араб цифрларымен;
күнтізбелік жыл Декларацияны табыс ету үшін салық кезеңі болып табылады;
3) 3-жолда – жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
4) 4-жолда – телефон нөмірі (қалауы бойынша) және электрондық мекенжайы (қалауы бойынша);
5) 5-жолда – ұсынатын тұлғаның ЖСН. Егер Декларацияны жасайтын жеке тұлға, кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі тұлғаның заңды өкілі болса толтырады;
6) 6-жолда – жұбайының ЖСН;
7) 7-жолда – Декларацияның түрі көрсетіледі.
Салық есептілігінің мынадай:
бастапқы – мұндай Декларацияны табыс ету бойынша белгіленген міндет алғаш рет туындауына байланысты жеке тұлға табыс ететін Декларация;
кезекті – бастапқы Декларация табыс етілгеннен кейінгі келесі салық кезеңдеріне ұсынылатын Декларация;
қосымша – оған осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салықтық кезең үшін бұрын табыс етілген Декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын Декларация;
хабарлама бойынша қосымша – мемлекеттік кірістер органы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салықтық кезең үшін бұрын табыс етілген Декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жеке тұлға табыс ететін Декларация түрлеріне жатқызуды ескере отырып тиісті торкөз белгіленеді;
8) 8-жолда – кіріс пен мүліктің болуы. Мәліметтердің болуы туралы ұсынылған қосымшалар ескертіле отырып тиісті торкөз белгіленеді (барлық көрсеткіштар есепті күні олар болған кезде белгіленеді):
8А жолында – жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірісі туралы (мүліктік кірістер, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған кірістер, үй қызметкерінің кірісі, медиатордың кірісі, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс және Салық кодексінің 321-бабында көрсетілген, салық агенті болып табылмайтын тұлғалардан алынған басқа кірістер);
8В жолында - ЖТС бойынша асып кетуді есепке жатқызу және қайтару туралы талап;
8С жолында – жеке практикамен айналысатын тұлғаның кірісі туралы (жеке нотариус, сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
8D жолында – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүлік болуы туралы;
8E жолында – есепті салық кезеңі ішінде мүлікті сатып алу (алу) және (немесе) иеліктен шығару туралы және мүлікті оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы ("Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң) сәйкес декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар ғана толтырады);
8F жолында – есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің болуы туралы (Банк қызметі туралы заңға сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың берешегін қоспағанда);
8G жолында – бақыланатын шетелдік компанияның (бұдан әрі - БШК) қаржылық пайдасының болуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
7. "Салық төлеушінің мәліметтерді ашуға келісімі" деген В бөлімде салық төлеуші банк мекемелерінің жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсаған шығыстары туралы мәліметтерді беруге келісімін береді.
8. "Салық төлеушінің жауапкершілігі" деген C бөлімде:
1) "Салық төлеушінің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)" деген ашық жолда – жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес салық төлеушінің/заңды немесе уәкілеттік берілген өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
2) "Декларация тапсырылған күні" деген ашық жолда – мемлекеттік кірістер органына Декларация табыс етілген күн;
3) "Мемлекеттік кірістер органының коды" деген ашық жолда:
дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар үшін – тұрғылықты (болатын) жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар үшін – тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
4) "Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)" деген ашық жолда – Декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
5) Декларацияны қабылдау күні – Салық кодексінің 209-бабының 2-тармағына сәйкес Декларацияны табыс ету күні;
6) құжаттың кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органы беретін Декларацияның тіркеу нөмірі;
7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
Осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларын Декларацияны қағаз тасымалдағышта қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.
2-параграф. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияға 270.01-нысанын (1-қосымша) жасау
9. "Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірісі туралы мәліметтер" деген 1-қосымша егер Декларацияда 8А жолы белгіленсе толтырылады.
10. "Жалпы ақпарат" деген А бөлімде:
1) 1-жолда – жеке тұлғаның сәйкестендіру нөмірі;
2) 2-жолда – араб сандарымен Декларация табыс етілетін салық кезеңі көрсетіледі.
Декларацияны табыс ету үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.
11. "Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын күнтізбелік жылдағы кірісі" деген В бөлімде:
1) А жолында Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерден алған мүліктік кірістің, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүлікті өткізуден түскен кірістің сомалары көрсетіледі. Бұл жол А1, А2, А3, А4, А5 жолдарының қосындысы ретінде айқындалады.
А1 жолында 1) және 2) жолдың қосындысы ретінде құн өсімінен түскен кіріс көрсетіледі:
1) жолда Салық кодексінің 331-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізуден түскен кіріс көрсетіледі;
2) жолда Салық кодексінің 332-бабына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түскен кіріс көрсетіледі;
А2 жолында Салық кодексінің 333-бабын сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде мүлікті (ақшадан басқа) беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс көрсетіледі;
А3 жолында салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның алған кірісі көрсетіледі;
А4 жолында талап ету құқығын, оның ішінде Салық кодекстің 335-бабына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесін басқаға беруден түсетін кіріс көрсетіледі;
А5 жолында шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Салық кодексінің 334-бабында көрсетілген өзге де активтерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс көрсетіледі;
2) В бөлімінің А жолында көрсетуге жатпайтын, басқа кірістер көрсетіледі, оның ішінде:
В1 жолында Салық кодексінің 322-338-баптарына сәйкес айқындалатын шетелдік көздерден есепті салық кезеңінде алынған немесе алынуға жататын кіріс сомасы көрсетіледі. Осы жолға 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) жолдың қортынды мәні көшіріледі:
1) жол есепті салық кезеңінде шетелдік көздерден алынған немесе алынуға жататын еңбек (ұжымдық) шарты бойынша кіріс сомасын көрсетуге арналған;
2) жол жол шетелдік көздерден есепті салық кезеңінде алынған немесе алынуға жататын, нысанасы қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс сомасын көрсетуге арналған;
3) жол есепті салық кезеңінде шетелдік көздерден алынған немесе алуға жататын ұтыстар түріндегі кіріс сомасын көрсетуге арналған;
4) жол есепті салық кезеңінде шетелдік көздерден алынған немесе алынуға жататын дивидендтер түріндегі кіріс сомасын көрсетуге арналған;
5) жол есепті салық кезеңінде шетелдік көздерден алынған немесе алынуға жататын сыйақы түріндегі кіріс сомасын көрсетуге арналған;
6) жолы есепті салық кезеңінде шетелдік көздерден алынған немесе алынуға жататын стипендия түріндегі кіріс сомасын көрсетуге арналған;
7) жол есепті салық кезеңінде шетелдік көздерден алынған немесе алынуға жататын сақтандыру төлемдері түріндегі кіріс сомасын көрсетуге арналған;
8) жол есепті салық кезеңінде шетелдік көздерден алынған немесе алынуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасын көрсетуге арналған;
9) жол есепті салық кезеңінде шетелдік көздерден алынған немесе алынуға жататын басқа да кіріс сомасын көрсетуге арналған;
В2 жолында Салық кодексінің 357-бабының 1-тармағына сәйкес үй жұмыскерлерінің салық агенті болып табылмайтын адамнан алмаған кіріс сомасы көрсетіледі;
В3 жолында Салық кодексінің 363-бабы 1-тармағының 6) және 7) тармақшасына сәйкес еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары алған кіріс сомасы көрсетіледі;
В4 жолында Салық кодексінің 357-бабы 1-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылмайтын адамдардан алған кәсіби медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың кіріс сомасы көрсетіледі;
В5 жолында "Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, Салық кодексінің 357-бабының 1-тармағына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді ұсынуына байланысты төлем көзінен ЖТС ұстап қалу жүргізілмеген салық салуға жататын кіріс сомасы көрсетіледі;
В6 жолында Салық кодексінің 642-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент-еңбекші көшіп келушілер алған өзге де кіріс сомасы көрсетіледі;
В7 жолында Салық кодексінің 321-бабында көзделген, салық агенті болып табылмайтын тұлғалардан алынған және В бөлімінің 1-6-жолдарында көрсетілмеген басқа кірістер;
3) С жолында Салық кодексінің 297 және 340-бабына сәйкес айқындалған бақыланатын шетелдік компаниялардың (бұдан әрі – БШК) және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің (бұдан әрі – БШК ТМ) жиынтық пайдасы көрсетіледі;
4) D жолында A, B және С жолының сомасы ретінде айқындалатын, салық салуға жататын кірістің қорытынды сомасы көрсетіледі
5) Е жолында кірістерді түзетудің жалпы сомасы көрсетіледі:
Е1 жолында Салық кодексінің 341-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын кірістерден алып тасталған кіріс сомасы көрсетіледі;
Е2 жолында Салық кодексінің 654-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын кірістерден алып тасталған кіріс сомасы көрсетіледі;
Е3 жолында халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жатпайтын кіріс сомасы көрсетіледі;
Е4 жолында "Астана" Халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес босатылатын кіріс сомасы көрсетіледі;
6) F жолында егер мұндай шегерімдер төлем көзінен салық салынатын кірісті айқындау кезінде жүргізілмесе, Салық кодексінің 342-бабына сәйкес салық шегерімдерінің сомасы көрсетіледі, оның ішінде:
F1 жолында стандартты салық шегерімдерінің сомасы көрсетіледі;
F2 жолында басқа да салық шегерімдерінің сомасы көрсетіледі;
7) G жолында Салық кодексінің 357-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалатын салық салуға жататын кіріс сомас көрсетіледі (D жолы – E жолы – F жолы);
8) Н жолында есептелген ЖТС сомасы көрсетіледі;
9) I жолында Салық кодексінің 359-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалатын шетелдегі көздерден алынған кірісінен есепке жатқызылған шетелдік салықтың сомасы көрсетіледі;
10) J жолында Салық кодексінің 359-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын БШК-ның және БШК ТМ-ның қаржылық пайдасынан есепке жатқызылған шетелдік салықтың сомасы көрсетіледі;
11) K жолында H, I және J (H жолы – I жолы – J жолы) жолының айырмасы ретінде айқындалатын, мүліктік және басқа да кіріс бойынша салық кезеңі үшін төленуге жататын ЖТС сомасы көрсетіледі;
12) "Жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кент және ауылдық округ әкімі аппараттың БСН" деген жолда тұлғаның тұрғылықты жері бойынша аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі.
3-параграф. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияға 270.02-нысанын (2-қосымша) жасау
12. 2-қосымша "ЖТС бойынша асып кетуді есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талап" 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап толтырылады.
13. 2-қосымша Декларацияда 8В жолы белгіленсе ЖТС бойынша асып кетуді есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талап толтырылады.
14. "ЖТС бойынша асып кетуді есепке жатқызу туралы талап" деген В бөлімінде салық төлеуші ЖТС бойынша асып кетуді есепке жатқызуды қабылдауды талап еткен асып кету сомасы көрсетіледі;
18. "ЖТС бойынша асып кетуді есепке жатқызу туралы талап сомасы" деген жолда есепке жатқызу үшін ЖТС асып кетуінің жалпы сомасы көрсетіледі.
"Салық берешегі бойынша" деген 1-жолда:
1) "БСК" деген ұяшықта берешегі бар салықтың БСК-сы көрсетіледі;
2) "Салық сомасы" деген ұяшықта берешегі бар салық бойынша сомасы көрсетіледі;
3) "Өсімпұл сомасы" деген ұяшықта берешегі бар салық бойынша өсімпұл сомасы көрсетіледі;
4) "МКО коды" деген ұяшықта аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қала аудандарының МКО-ның коды көрсетіледі.
"Алдағы төлемдер" деген 2-жолда:
1) "БСК" деген ұяшықта есепке жатқызатын салықтың БСК-сы көрсетіледі;
2) "Салық сомасы" деген ұяшықта есепке жатқызатын салықтың сомасы көрсетіледі;
3) "МКО коды" деген ұяшықта аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қала аудандарының МКО-ның коды көрсетіледі.
19. "ЖТС бойынша асып кетуді қайтару туралы талап" деген С бөлімде ЖТС-тің асып кетуін қайтаруға ниет білдірген салық төлеуші:
1) "Салық берешегін өтегеннен және алдағы төлемдер есебіне енгізгеннен кейінгі ЖТС сомасын банк шотыма қайтаруды сұраймын" деген ұяшықта банк шотына қайтару үшін ЖТС сомасын көрсетеді;
2) "Бенефициар банктің ЖСК (шот нөмірі)" деген ұяшықта ЖТС бойынша асып кету сомасын аудару үшін қажет бенефициар банктің ЖСК-сын және банк шотының нөмірін көрсетеді;
3) "Банк коды (банктің сәйкестендіру коды)" деген ұяшықта ЖТС бойынша асып кету сомасын банк шотына аудару үшін қажет банктің сәйкестендіру кодын көрсетеді.
4-параграф. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияға 270.03-нысанын (3-қосымша) жасау
20. Егер Декларацияда 8C жолы белгіленсе, "Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі туралы мәліметтер" 3-қосымша толтырылады.
21. "Жалпы ақпарат" деген А бөлімде:
1) 1-жолда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) 2-жолда – Декларация табыс етілетін салық кезеңі араб цифрымен көрсетіледі.
Күнтізбелік жыл Декларацияны табыс ету үшін салық кезеңі болып табылады.
22. "Жекеше нотариустың, сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың толтырады" деген В бөлімде салық төлеуші есепті кезеңде олар болған кезде мынадай деректерді:
1) А бағанында – кіріс алынған кезеңді (ай);
2) В бағанында – есепті салық кезеңінің әрбір айы үшін алынған кіріс сомасын;
3) С бағанында – есепті салық кезеңінің әрбір айы үшін бюджетке төленуге жататын ЖТС сомасын көрсетеді;
4) "Жеке практикамен айналысатын адамның орналасқан жері бойынша аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кент және ауылдық округ әкімі аппаратының БСН" деген бағанда тұлғаның орналасқан жері бойынша аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
5) "Жеке практикамен айналысатын адамның орналасқан тұратын жері бойынша облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қала аудандарының МКО коды" деген бағанда жеке практикамен айналысатын адамның тұрғылықты тұратын жері бойынша облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қала аудандарының мемлекеттік кірістер органдарының коды көрсетіледі.
5-параграф. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияға 270.04-нысанын (4-қосымша) жасау
23. Егер Декларацияда 8D жолы белгіленсе, "Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік туралы мәліметтер" 4-қосымша толтырылады.
"Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік туралы мәлімет" деген 4-қосымшаны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сәйкес осы декларацияны тапсыру бойынша міндет жүктелген тұлғалар толтырмайды.
24. "Жалпы ақпарат" деген А бөлімде:
1) 1-жолда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) 2-жолда –Декларация табыс етілетін салық кезеңі араб цифрымен көрсетіледі.
Күнтізбелік жыл Декларацияны табыс ету үшін салық кезеңі болып табылады.
25. "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алынған және (немесе) иеліктен шығарылған және (немесе) өтеусіз алынған мүлік туралы мәлімет" деген В бөлімде салық төлеуші есепті кезеңде олар болған кезде мынадай деректерді:
А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірін;
В бағанында – мүлікті сатып алу/алу, иеліктен шығару тәсілін;
С бағанында – мүлік түрлері:
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлікті;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды, цифрлық активтерді;
инвестициялық алтынды;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
D бағанында – санын;
E бағанында – құқық белгілейтін құжаттар негізінде С бағанында көрсетілген мүліктің сәйкестендіру нөмірін не шарттың нөмірін;
F бағанында – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүліктің тіркеу күнін;
G бағанында – беруші тұлғаның сәйкестендіру нөмірін;
H бағанында – мүлікті тіркеу елінің кодын көрсетеді. Елдің коды "Кедендік декларацияны толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы космиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №378 шешімімен бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
I бағанында – № 378 КОК шешімімен бекітілген "Валюталар жіктеуіші" 23-қосымшасында белгіленген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетілетін валюта коды;
J бағанында – мүліктің құнын (бағасын) көрсетеді.
26. "Есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарда, жиынтығында 1000 АЕК-ден асатын сомадағы ақша туралы мәліметтер" деген С бөлімде cалық төлеуші мынадай деректерді:
А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірін;
В бағанында – банк мекемесінің сәйкестендіру нөмірін;
С бағанында – ақша сақталатын банк мекемесінің атауын;
D бағанында – банк мекемесін тіркеген елдің кодын көрсетеді. Елдің коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Е бағанында – № 378 КОК шешімімен бекітілген "Валюталар жіктеуіші" 23-қосымшасында белгіленген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетілетін валюта кодын;
F бағанында – жиынтығында АЕК-тің мың еселенген мөлшерінен асатын сомада Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақшаны көрсетеді.
27. "Есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дебиторлық/кредиторлық берешектің болуы туралы мәліметтер" деген D бөлімде егер шарт немесе міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (растаған) өзге құжат болған кезде Декларацияны табыс ететін жеке тұлғаның алдындағы басқа тұлғалардың берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) Декларацияны табыс ететін жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек) болған кезде толтырылады.
Есепті күнге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болған жағдайда салық төлеуші мынадай деректерді:
А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірін;
В бағанында – берешек түрін (дебиторлық/кредиторлық);
С бағанында – дебитордың/кредитордың сәйкестендіру нөмірін;
D бағанында – дебитордың/кредитордың тіркелген елінің кодын көрсетеді. Елдің коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
Е бағанында – есептелген сыйақы (пайыздар) сомасын қоса алғанда, берешек сомасы;
F бағанында – шартқа сәйкес қайтару мерзімі;
G бағанында – нотариаттық іс-әрекеттерді жүргізген нотариус лицензиясының немесе сот шешімінің нөмірі мен күні.
28. "Есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде мүлiк пен активтердің болуы туралы мәліметтер" деген Е бөлімде салық төлеуші есепті күнге олар болған кезде мынадай деректерді:
А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірін;
В бағанында – мүліктің түрі:
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүліктің түрін;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды, цифрлық активтерді;
инвестициялық алтынды;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
С бағанында – құқық белгілейтін құжаттар негізінде В бағанында көрсетілген мүліктің сәйкестендіру нөмірін;
D бағанында – мүлікті тіркеу елінің кодын көрсетеді. Елдің коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
E бағанында – мүлікті тіркеу мекенжайын көрсетеді.
6-параграф. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияға 270.05-нысанын (5-қосымша) жасау
29. Егер Декларацияда 8E жолы белгіленсе "Мүлікті сатып алу (алу) және (немесе) иеліктен шығару туралы және мүлік сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер" 5-қосымша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сәйкес осы декларациясын тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар ғана толтырады.
30. "Жалпы ақпарат" деген А бөлімде:
1) 1-жолда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) 2-жолда – Декларация табыс етілетін салық кезеңі араб цифрымен көрсетіледі. Күнтізбелік жыл Декларацияны табыс ету үшін салық кезеңі болып табылады.
31. "Мүлікті сатып алу (алу) (оның ішінде ақша) туралы және мүлік сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер" деген В бөлімде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңына заңға сәйкес жеке тұлғалардың декларациясын тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар есепті кезеңде олар болған кезде, мынадай деректерді:
01 жолында – сатып алынған (алынған) мүлік (оның ішінде ақша) туралы:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірін;
2) В бағанында – сатып алынған (алынған) мүліктің түрін;
3) С бағанында – құқық белгілейтін құжаттар негізінде В бағанында көрсетілген мүліктің сәйкестендіру нөмірін көрсетеді. Сатып алған (алған) кезде:
заңды тұлғаға қатысу үлесі заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
тұрғын үй құрылысындағы үлесі шарттың нөмірі көрсетіледі.
4) D бағанында – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүліктің тіркеу күні;
5) Е бағанында – сатып алынған мүлік елінің коды. Елдің коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
6) F бағанында – объектінің орналасқан мекенжайы;
7) G бағанында – валюта коды көрсетіледі.
Валюта коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Валюталар жіктеуіші" 23-қосымшасында белгіленген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
8) Н бағанында – мүлік сатып алынған құнын (бағасын);
02 жолында – мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабуға арналған кіріс көздері туралы:
1) I бағанында – шығыстарды жабу көздері;
2) J бағанында – мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабуға арналған кіріс көзінің сәйкестендіру нөмірін;
3) К бағанында – мүлікті сатып алу үшін шығыстарды жабуға арналған кіріс көзінің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
4) L бағанында – валюта коды көрсетіледі.
Валюта коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Валюталар жіктеуіші" 23-қосымшасында белгіленген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
5) М бағанында – мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабуға арналған кіріс көзінің сомасын көрсетеді.
32. "Есепті салық кезеңі ішінде мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мүлікті иеліктен шығару туралы мәліметтер" (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сәйкес осы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар ғана толтырады) деген С бөлімінде салық төлеуші салық кезеңінде болған кезде мынадай деректерді:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірін;
2) В бағанында – иеліктен шығарылған (берілген) мүліктің түрін;
3) С бағанында – құқық белгілейтін құжаттар негізінде В бағанында көрсетілген мүліктің сәйкестендіру нөмірін;
4) D бағанында – мүліктің тіркелген күнін (болған кезде);
5) Е бағанында – иеліктен шығарылған мүлік орналасқан елдің коды. Елдің коды КОК-тың № 378 шешімімен бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
6) F бағанында – объектінің орналасқан мекенжайын (болған кезде);
7) G бағанында – сатып алушының/алушының атауы тегі, аты, әкесінің атын (болған кезде);
8) Н бағанында – сатып алушының/алушының атауы ЖСН/БСН;
7) І бағанында – өткізілген мүліктің теңгедегі құнын (бағасын) көрсетеді.
7-параграф. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияға 270.06-нысанын (6-қосымша) жасау
33. Егер Декларацияда 8 F жолы белгіленсе "Дебиторлық/кредиторлық берешек туралы мәліметтер" 6-қосымша толтырылады.
34. "Жалпы ақпарат" деген А бөлімде:
1) 1-жолда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);
2) 2-жолда –Декларация табыс етілетін салық кезеңі араб цифрымен көрсетіледі.
Күнтізбелік жыл Декларацияны табыс ету үшін салық кезеңі болып табылады.
35. Есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы дебиторлық/кредиторлық берешектің болуы туралы мәліметтер (Банк қызметі туралы заңға сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың берешегін қоспағанда) деген В бөлімінде шарт немесе міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (растаған) өзге құжат болған кезде Декларацияны табыс ететін жеке тұлғаның алдындағы басқа тұлғалардың берешегін (дебиторлық берешек) және (немесе) Банк қызметі туралы заңға сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, Декларацияны табыс ететін жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек) болған кезде толтырылады.
Салық төлеуші есепті күні олар болған кезде мынадай деректерді:
А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірін;
В бағанында – берешек түрін (дебиторлық/кредиторлық);
С бағанында – дебитордың/кредитордың сәйкестендіру нөмірін;
D бағанында – берешегі бар валюта кодын көрсетеді.
Валюта коды №378 КОК шешімімен бекітілген "Валюталар жіктеуіші" 23-қосымшасында белгіленген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
E бағанында – есептелген сыйақы (пайыздар) сомасын қоса алғанда, берешек сомасын;
F бағанында – шартқа сәйкес қайтару мерзімін;
G бағанында – нотариаттық іс-әрекеттерді жүргізген нотариус лицензиясының немесе сот шешімінің нөмірі мен күні көрсетеді.
8-параграф. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияға 270.07-нысанын (7-қосымша) жасау
36. Егер Декларацияда 8 G жолы белгіленсе "Бақыланатын шетелдік компанияның (БШК) қаржылық пайдасы" 7-қосымша толтырылады.
Бұл нысан БШК қаржылық пайдасының немесе БШК ТМ қаржылық пайдасының, есепке жатқызылуы тиіс БШК қаржылық пайдасынан немесе БШК ТМ қаржылық пайдасынан пайдаға салынатын салықтың, БШК кірісінен төлем көзінен ұсталған КТС-тың немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, БШК-ның салық салынатын кірісінен төленген КТС-тың сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Резидент-салық төлеушіде Салық кодексінің 296-бабының 2-тармағында айқындалған растайтын құжаттары болған кезде, осы қосымшада Салық кодексінің 340-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатылуы тиіс БШК қаржылық пайдасы немесе БШК ТМ қаржылық пайдасы көрсетілмейді.
37. А бөлімінде "Жалпы ақпарат":
1) 1-жолда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) 2-жолда – араб сандарымен Декларация табыс етілетін салық кезеңі көрсетіледі.
Декларацияны табыс ету үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.
38. В бөлімінде "Бақыланатын шетелдік компанияның (БШК) қаржылық пайдасы" салық төлеуші есепті кезеңде олар болған кезде мынадай деректерді:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі;
2) В бағанында – әрбір БШК-ның немесе әрбір БШК ТМ-ның атауы көрсетіледі. БШК және БШК ТМ айқындау Салық кодексінің 294-бабында берілген;
3) С бағанында – БШК-нің немесе БШК ТМ құрылған (инкорпорацияланған) елдің кодын көрсетеді.
Елдің коды КОК № 378 шешімімен бекітілген "Әлем елдерінің жіктеуіші" 22-қосымшасына сәйкес екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
4) D бағанында – олар құрылған (инкорпорацияланған) елдегі әрбір БШК-нің немесе әрбір БШК ТМ-ның мемлекеттік (салықтық) тіркеу нөмірі көрсетіледі. БШК-де немесе БШК ТМ-да екі тіркеу болған кезде: мемлекеттік және салықтық тіркеу болса, онда осы бағанда салықтық тіркеу нөмірін көрсету қажет;
5) E бағанында – Салық кодексінің 294-бабына және 297-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалатын дербес немесе бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) арқылы резидент-салық төлеушінің БШК-де тікелей, жанама, конструктивті иелік етуі немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылауы кезінде әрбір БШК-де тікелей, жанама, конструктивті қатысуы немесе бақылау коэффициентінің жалпы мөлшері;
6) F бағанында – валютаның, қаржылық пайданың кодын көрсетеді;
Валюта коды № 378 КОК шешімімен бекітілген "Валюталар жіктеуіші" 23-қосымшасында белгіленген үш таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі;
7) G бағанында – Салық кодексінің 340-бабы 1-тармағына, 297-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалатын, әрбір БШК-ге немесе әрбір БШК ТМ-ға салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың шетел валютасындағы оң шамасын;
8) H бағанында – резидент-салық төлеушіде Салық кодексінің 297-бабының 10-тармағында айқындалған растайтын құжаттар болған кезде, Салық кодексінің 340-бабының 3-тармағына сәйкес БШК-ның қаржылық пайдасынан немесе БШК ТМ-ның қаржылық пайдасынан жүргізілген азайтулар сомасы шетелдік валютада көрсетіледі.
Егер резидент-салық төлеуші Салық кодексінің 340-бабының 3-тармағын қолданбаған жағдайда, онда бұл бағанда "0" көрсетіледі;
9) I бағанында –Қазақстан Республикасында салық салынуы тиіс қаржылық пайданың шетел валютасындағы оң шамасы көрсетіледі, ол мынадай тәртіптердің бірімен:
егер G бағанында көрсетілген қаржылық пайда Салық кодексінің 297-бабының 5-тармағына сәйкес түзетуге жатпаса, G және Н бағандарының (G бағаны – Н бағаны) х Е бағаны) арасындағы айырма ретінде айқындалатын шамасы мен Е бағанының туындысы ретінде;
Салық кодексінің 297-бабының 5-тармағына сәйкес түзету коэффициенттерін қолдана отырып, осы тармақшаның екінші абзацына сәйкес айқындалған шамасы мен Е бағанының туындысы ретінде айқындалады;
10) J бағанында – І бағанында көрсетілген және Салық кодексінің 297-бабының 6-тармағына сәйкес ұлттық валютада қайта есептелген, Қазақстан Республикасында салық салынуы тиіс қаржылық пайданың оң шамасы көрсетіледі;
11) K бағанында резидент-салық төлеушіде Салық кодексінің 359-бабының 2-тармағында көрсетілген растайтын құжаттардың болу шарты кезінде, Салық кодексінің 359-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жатқызылуға жататын пайда салығының сомасы ұлттық валютада көрсетіледі.
Осы бағанда мынадай:
Салық кодексінің 359-бабының 2-тармағына сәйкес (Салық кодексінің 294-бабының 4-тармағы 12) тармақшасының екінші абзацына сәйкес айқындалатын тиімді мөлшерлемені қолдана отырып) есептелген, салық салуға дейін БШК қаржылық пайдасына немесе салық салуға дейін БШК ТМ қаржылық пайдасына салынған пайда салығының;
Салық кодексінің 359-бабының 2-тармағына сәйкес (Салық кодексінің 294-бабының 4-тармағы 12) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес айқындалатын тиімді мөлшерлемені қолдана отырып) есептелген, салық салуға дейін БШК қаржылық пайдасына немесе салық салуға дейін БШК ТМ қаржылық пайдасына салынған пайда салығының төленген сомасының ең аз шамалары көрсетіледі.
Бұл бағанда валюта айырбастаудың мынадай:
егер бұл бағанда осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген пайда салығының сомасы көрсетілуі тиіс болса – есепті кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамын;
егер бұл бағанда осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілген пайда салығының сомасы көрсетілуі тиіс болса – шет мемлекетте осындай пайдаға салық төленген күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып ұлттық валютада қайта есептелген пайда салығының сомасы көрсетіледі.
12) L бағанында БШК-ның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістері ұлттық валютада көрсетіледі.