"Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 18 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 сәуірде № 34208 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың мынадай тізбесі белгіленсін:

      1) Америка Құрама Штаттары (тек Американдық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтарының бөлігінде ғана);

      2) Андорра Князьдігі;

      3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;

      4) Багам аралдары Достастығы;

      5) Барбадос мемлекеті;

      6) Белиз мемлекеті;

      7) Бруней Даруссалам мемлекеті;

      8) Біріккен Танзания Республикасы;

      9) Вануату Республикасы;

      10) Гватемала Республикасы;

      11) Гренада мемлекеті;

      12) Джибути Республикасы;

      13) Доминика Достастығы;

      14) Доминикан Республикасы;

      15) Жаңа Зеландия (тек Кука және Ниуэ аралдары аумағының бөлігінде ғана);

      16) Испания (тек Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);

      17) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;

      18) Кооперативтік Гайана Республикасы;

      19) Коста-Рика Республикасы;

      20) Қытай Халық Республикасы (тек Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік ауданның аумақтары бөлігінде ғана);

      21) Либерия Республикасы;

      22) Ливан Республикасы;

      23) Мавритания Ислам Республикасы;

      24) Малайзия (тек Лабуан анклава аумағының бөлігінде ғана);

      25) Мальдив Республикасы;

      26) Мальта Республикасы;

      27) Мариан аралдары;

      28) Маршалл аралдары Республикасы;

      29) Марокко корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана);

      30) Мьянма Одағы;

      31) Науру Республикасы;

      32) Нигерия Федеративтік Республикасы;

      33) Нидерланд (тек Аруба аралының аумағындағы және Антил аралдарының тәуелді аумақтар бөлігінде ғана);

      34) Палау Республикасы;

      35) Панама Республикасы;

      36) Португалия (тек Мадейра аралдары аумағының бөлігінде ғана);

      37) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;

      38) Сейшель аралдары Республикасы;

      39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;

      40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;

      41) Сент-Люсия мемлекеті;

      42) Суринам Республикасы;

      43) Тонга Корольдігі;

      44) Тринидад және Тобаго Республикалары;

      45) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі (тек мынадай аумақтар бөлігінде ғана):

      Ангилья аралдары;

      Бермуд аралдары;

      Британдық Виргин аралдары;

      Гибралтар;

      Кайман аралдары;

      Монтсеррат аралы;

      Норманд аралдары (Сарк, Олдерни аралдары);

      Оңтүстік Георгия аралы;

      Оңтүстік Сандвич аралдары;

      Теркс және Кайкос аралдары;

      Чагос аралы;

      46) Фиджи Тәуелсіз Демократиялық Республикасы;

      47) Филиппин Республикасы;

      48) Француз Республикасы (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):

      Кергелен аралдары;

      Француздық Гвиана;

      Француздық Полинезия;

      49) Черногория Республикасы;

      50) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;

      51) Ямайка.".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады