"Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 сәуірде № 34219 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларында:

      2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) балдардың сәйкес келуі - осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асыратын балдарды қою нəтижелері бойынша бір мезгілде екі немесе одан да көп инвестициялық бағдарламалардың жинайтын балдары санының мәні;

      2) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы – жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту бағдарламасы, оның іс-шаралары жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) бір электр станциясының негізгі генерациялайтын қондырғысын қамтиды;

      3) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім – уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларын жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен жасасатын және жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған бір немесе бірнеше инвестициялық бағдарламаларды қамтитын келісім;

      4) жобаны дайындау және іске асырудың жоспар-графигі (бұдан әрі – Жоспар-график) – есепті көрсеткіштерді айқындайтын және іздестіру, логистикалық, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын іске асыру мерзімдерін көздейтін, энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы бекітетін инвестициялық келісімді іске асырудың егжей-тегжейлі графигі;

      5) жыл сайынғы қажетті қайтару деңгейі – энергия өндіруші ұйымның жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға инвестициялық салымдарды қайтару үшін қажетті жыл сайынғы жылдық табысы, ол электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф мәнінің және осы инвестициялық бағдарламаның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі мәнінің, сондай-ақ айлармен көрсетілген жыл ұзақтығы мәнінің көбейтіндісімен айқындалады;

      6) инвестициялық бағдарламаға қаржылық аудит – мамандандырылған аккредиттелген ұйым жүргізетін рәсім, оны жүргізгеннен кейін Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес келетін және энергия өндіруші ұйымның кредит төлеу қабілеттілігін, инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың орындылығы мен талап етілетін көлемін талдауды қамтитын аудиторлық қорытынды жасалады;

      7) негізгі генерациялайтын жабдық – қазандық қондырғы, турбиналық қондырғы және электр генераторы;

      8) рұқсат етілген көлем – 2015 жылғы инвестиция көлемінің 400 (төрт жүз) пайызының және алдыңғы кезеңдерде (жылдарда) жасасқан жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған қолданыстағы инвестициялық келісімдердің жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту инвестициялық бағдарламалары бойынша қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейі сомасының айырмасы;

      9) техникалық аудит – мамандандырылған аккредиттелген ұйым жүргізетін рәсім, оны жүргізгеннен кейін жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың оңтайлы схемасын, тозу және өнімділік динамикасын анықтауды, техникалық орындылығын талдауды, жобаны іске асыру үшін тиісті инфрақұрылымның және қажетті отын қорларының болуын қамтитын аудиторлық қорытынды жасалады.

      10) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      11) 2015 жылғы инвестициялар көлемі - 2015 жылы энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен келісімдер шеңберінде салған инвестицияларының (амортизациялық аударымдар есебінен жасалған инвестицияларды қоспағанда) жиынтық көлемі;

      Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасуға ниет білдіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар Жоспар-графикпен және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларының (бұдан әрі – инвестициялық бағдарламалар) негізгі параметрлері туралы ақпаратпен бірге инвестициялық бағдарламаларды қағаз және электрондық жеткізгіштерде Нарық кеңесіне жолдайды.

      Сондай-ақ Нарық кеңесіне инвестициялық бағдарламалармен бірге осы инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу барысында жүргізілген тәуелсіз техникалық және қаржылық аудиттердің қорытындылары және инвестициялық бағдарламаны беру сәтінде өзекті болып табылатын жабдық өндіруші зауыттардың және/немесе EPC (Engineering procurement construction) мердігерлерінің кемінде үш коммерциялық ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде № 10722 болып тіркелген) бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен жобалау құжаттамасы (техникалық-экономикалық негіздемелер / жобалау-сметалық құжаттама) енгізіледі.

      4. Нарық кеңесі осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес енгізілген әрбір инвестициялық бағдарлама бойынша жеке онда қамтылған құжаттар мен мәліметтердің толық болуын, Заңның 15-4-бабының талаптарына және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген қарауға жіберу өлшемшарттарына сәйкес келуін тексереді және оның іске асырылуының орындылығы немесе орынсыздығы, құны мен іске асыру мерзімінің негізділігі туралы ұсыным дайындайды.

      5. Нарық Кеңесінің іске асырудың орындылығы туралы ұсынымын алған инвестициялық бағдарламалар уәкілетті органның қарауына жіберіледі.

      Нарық кеңесі уәкілетті органның қарауына жіберілген инвестициялық бағдарламаларды, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның негізгі параметрлері туралы ақпаратты және оларға сәйкес келетін Нарық кеңесінің іске асыру орындылығы туралы ұсынымын инвестициялық бағдарлама Нарық кеңесіне енгізілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға енгізеді.

      Нарық Кеңесінің іске асырудың орындылығы туралы ұсынымын алмаған инвестициялық бағдарламалар бойынша қорытындылар уәкілетті органға мәлімет үшін енгізіледі.

      6. Нарық кеңесі уәкілетті органға қарауға жіберілген және жіберілмеген инвестициялық бағдарламалардың тізімін Нарық кеңесіне қарауға келіп түскен инвестициялық бағдарлама құжаттарының топтамасымен бірге инвестициялық бағдарлама Нарық кеңесінің қарауына келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің интернет-ресурсында жариялайды.";

      1-қосымшада:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына (атауын көрсету) салынған инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат *.

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге / (МВт * ай)

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жыл

Қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейі, мың теңге/жыл **

1

2

3

4

5

1.





      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері оннан бір бөлігіне дейін дәлдікпен көрсетіледі.

      ** - жаңадан енгізілген/қалпына келтірілген жабдықтан амортизациялық аударымдардың сомасы инвестициялық салымдарды қайтару көлемінде ескеріледі.";

      4-қосымшада:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Энергия өндіруші ұйым:

      1) осы Келісімге 1-қосымшаға және Жоспар-графикке сәйкес жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық бағдарламаның (бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға;

      2) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған, осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізу туралы есепті уәкілетті органға ұсынуға;

      3) тоқсан сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 10-шы күніне дейін өзінің интернет-ресурсында және энергетиканың цифрлық платформасында растайтын құжаттарды (шарттар, орындалған жұмыстар актілері, қабылдау-тапсыру актілері, шот-фактуралар және т.б.) жариялай отырып, Жоспар-графиктің іске асырылуы туралы есепті орналастыруға міндеттенеді. Жобаны іске асыру процесінде мүдделі тараптардың қатысуымен тоқсанына бір рет жария тыңдаулар өткізуге міндеттенеді.

      Осы Келісімнің 3-тармағының талаптары Заңның 15-4-бабының 9 және 9-1-тармақтары қолданылатын энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды. Бұл ретте осы Келісімге 1-ші және 2-қосымшалар толтырылмайды.";

      5-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) осы Келісім үшін әр жылға мына көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар белгілеуге міндетті: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға шартты отынның үлестік шығыстарының төмендеуі; қолда бар электр қуаты; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімі; авариялылықтың төмендеуі; негізгі генерациялайтын жабдықтың тозу дәрежесінің төмендеуі; экологиялық көрсеткіштердің жақсаруы (зиянды заттар шығарындыларының төмендеуі).".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады