"Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 7-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 сәуірде № 34227 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      903. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуі бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Стандарт сыртқы мемлекеттік аудит органдарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік аудит органдары сараптамалық талдау іс-шарасын жүргізуге тартатын мемлекеттік органдардың мамандарына, сарапшыларға қолданылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сараптамалық-талдау іс-шарасы дербес іс-шара ретінде жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша сараптамалық-талдау қорытындысы қалыптастырылады.";

      14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Сараптамалық-талдау іс-шарасы сыртқы мемлекеттік аудит органдарының тиісті жылға арналған жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігінің, тиісті сыртқы мемлекеттік аудит органы басшысының тапсырмалары осындай сараптамалық-талдау іс-шарасының тақырыптарын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасын алдағы тиімділік аудиттерінің тақырыптары бойынша жүзеге асыру жоспарланған жағдайда, оның нәтижелерін аудиторлық қызметте пайдалану мақсатында оны жүргізу мерзімдері тиімділік аудитін бастау жоспарланған кезеңнен ерте жоспарланады.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасының ұзақтығы зерттелетін нысананың ауқымына және күрделілігіне, соның ішінде зерттелетін өзекті проблемалардың ерекшеліктеріне байланысты.

      Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) жылдық жоспарында сараптамалық-талдау іс-шарасын жоспарлаған кезде сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесіне сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу мерзімін айқындау туралы қызметтік жазба жібереді.

      Cараптамалық-талдау қорытындысының бекітілуі сараптамалық-талдау іс-шарасының аяқталу мерзімі болып табылады.

      15. Сараптамалық-талдау іс-шарасы мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

      1. Дайындық кезеңі:

      1) сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша ақпаратты жинау, жүйелеу және зерделеу;

      2) сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасын әзірлеу және бекіту;

      2. Негізгі кезең:

      1) қолданыстағы ғылыми және экономикалық-математикалық әдістерді пайдалана отырып, талдау жасау;

      3. Қорытынды кезең:

      1) жүйелі тұжырымдар мен ұсынымдарды көрсете отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасы қорытындысының жобасын қалыптастыру;

      2) сараптамалық-талдау қорытындысының жобасын Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесіне келісу үшін және одан әрі Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Төрағасына қарауға жіберу үшін жолдау.

      3) сараптамалық-талдау қорытындысының нәтижелерін сараптамалық-талдау іс-шарасы объектілерінің қатысуымен Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысында қарау.

      16. Сараптамалық-талдау іс-шарасына қатысуға осы нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитті жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалған тәртіппен сарапшылар тартылуы мүмкін.

      17. Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуді жалпы ұйымдастыру және бақылау оны іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына жүктеледі.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге тікелей басшылықты Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) өзіне бекітілген жұмыс бағыты бойынша жүргізуге жауапты мүшесі жүзеге асырады.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасын іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы сараптамалық-талдау іс-шарасы тобының құрамын: топ жетекшісі мен жауапты жұмыскерлерді қалыптастыруды жүзеге асырады.

      Топ жетекшісі сараптамалық-талдау іс-шарасына қатысушылардың іс-қимылдарын оның барлық кезеңінде үйлестіруді жүзеге асырады.

      Топ жетекшісі сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының келісімі бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу туралы хабарлама-хатты дайындайды және Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) сараптамалық-талдау іс-шарасына жауапты мүшесінің қол қоюымен сараптамалық-талдау іс-шарасының объектісіне сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізудің дайындық кезеңі басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Сараптамалық-талдау тобы сараптамалық-талдау іс-шарасын жоспарлау процесінде осы Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша, тақырыбын және қалыптастырылған топтың қатарынан жауапты орындаушылар бойынша ранжирлей отырып, зерделеуге ұсынылатын негізгі бағыттарын, оны өткізу мерзімдерін көрсететін сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасын әзірлейді.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасына сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы қол қояды және ол Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесіне келісуге және бекітуге жіберіледі.";

      22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Бірінші кезектегі тәртіппен жинау, жүйелеу және зерделеу Жоғары аудиторлық палатаның Интеграцияланған ақпараттық жүйесінде, қашықтықтан қол жеткізуге рұқсат алынған мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелерінде, ашық деректер порталында, жарияланған мемлекеттік немесе ведомстволық статистикада және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау нәтижелерінде қамтылатын сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша қолжетімді ақпаратқа жүзеге асырылады. Мәліметтер болмаған және (немесе) жеткіліксіз болған кезде қажетті ақпараттың жеткізушісі немесе қалыптастыру (пайдалану) дереккөзі болып табылатын ұйымдарға сұрау салулар жолданады.

      23. Белгілі бір деректерді нақтылау және тұжырымдар мен ұсынымдарды күшейту мақсатында, сараптамалық-талдау қорытындысын қалыптастырудың барлық кезеңінде ақпарат жинау жалғасады.

      24. Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу барысында мынадай:

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасын және объектілерін зерделеу;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелерін растау;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының сапасын қамтамасыз ету;

      сыртқы мемлекеттік аудит органы қызметкерлерінің және тартылған сарапшылардың сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасын орындағанын растау мақсатында жұмыс құжаттамасы қалыптастырылады.

      Жұмыс құжаттамасының құрамына сараптамалық-талдау қорытындыcында тіркелген тұжырымдар мен ұсынымдарға негіз болған құжаттар мен материалдар қосылады.

      Сараптамалық-талдау қорытындысында пайдаланылатын, қалыптастырылған жұмыс құжаттамасынан алынған ақпараттың деректемелері мен дереккөзіне сілтеме міндетті түрде жасалауы тиіс.";

      27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Сараптамалық-талдау қорытындысының мазмұны мен жалпы құрылымы жиналған ақпараттың негізінде жүзеге асырылады және мыналарды:";

      28, 29, 30, 31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының ерекшелігіне және мақсаттарының бағыттары әртүрлі болуына байланысты cараптамалық-талдау қорытындысының форматын оны жоспарлаған кезде болжанған қорытындылардың қол жеткізілуін ескере отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасының тобы айқындайды.

      Бұл ретте cараптамалық-талдау қорытындысын дайындаған кезде мынадай талаптар сақталады:

      1) есепте сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері туралы ақпарат пайымдардың өзара қисынды байланысын қамтамасыз ете отырып, рет-ретімен жазылуы тиіс;

      2) жасалған тұжырымдар аргументтелуі және қалыптастырылған жұмыс құжаттамасымен расталуы тиіс;

      3) сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы бойынша ұсынымдар қисынды түрде тұжырымдардан шығуы, нақты әрі кесімді, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша анықталған проблемаларды шешу жөнінде нақты шаралар қабылдауға бағдарланған, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша себептер мен теріс салдарды жоюға бағытталған болуы тиіс;

      4) арнайы құралдар және (немесе) спецификалық терминология пайдаланылған жағдайда, ұғымдық аппараттың болуы міндетті;

      5) әртүрлі ресми дереккөздерден алынған қарама-қайшы деректер болған жағдайда, талдау жүргізген кезде басымдық берілген дереккөз және оны басым деп таңдаудың себептері көрсетілуі тиіс.

      29. Сараптамалық-талдау қорытындысының мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

      қаріп - TimesNewRoman;

      қаріптің мөлшері - 14, кестелік материалдарда - 8-12.

      Сараптамалық-талдау қорытындысы мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.

      30. Сараптамалық-талдау қорытындысының жобасы отырыс өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесінің қол қоюымен сараптамалық-талдау іс-шарасының объектілеріне Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысына дайындалу мақсатында жіберіледі.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелерін Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысында қарау кезінде, сараптамалық-талдау қорытындысының жобасы отырыс өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) мүшелерінің қарауына жіберіледі.

      Құпия сипаттағы сараптамалық-талдау іс-шаралары бойынша отырыстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып өткізіледі.

      31. Сараптамалық-талдау қорытындысы Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Қаулысымен бекітіледі.

      Қаулы:

      1) жүргізілген сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындылары бойынша дайындалған сараптамалық-талдау қорытындысын бекіту туралы шешімді;

      2) сараптамалық-талдау қорытындысын немесе одан үзіндіні Қазақстан Республикасының Үкіметіне және (немесе) жергілікті атқарушы органға және (немесе) тиісті мәслихатқа беру туралы шешімді;

      3) бұзушылықтардың, жүйелік кемшіліктердің анықталған фактілерін қамтитын сараптамалық-талдау қорытындысын жіберу туралы шешімді және оларды ұсынылатын мерзімдерде жою жөніндегі шараларды қамтиды.

      Сараптамалық-талдау қорытындысының әрбір парағына сараптамалық-талдау іс-шарасының тобы қол қояды, сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесі қол қояды және бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органдарға (лауазымды адамдарға) және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасының объектілеріне жіберіледі.

      32. Сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері танысу және жұмыста пайдалану үшін тиісті құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.

      Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) Төрағасының шешімімен сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуі ескеріле отырып, интернет-ресурсқа орналастырылады.";

      мынадай редакциядағы 34-тармақпен толықтырылсын:

      "34. Ұсынымдардың орындалуын бақылау сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына жүктеледі.";

      Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуі бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына қосымша осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жазылсын.

      2. Жоғары аудиторлық палатаның Талдау және есептілік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық палатаның
төрағасы
А. Смаилов

  2024 жылғы 4 сәуірдегі
№ 7-НҚ Нормативтік қаулыға
қосымша
  Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
органдарының сараптамалық-
талдау іс-шарасын жүргізуі
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына қосымша
  "Бекітемін"
____________________________
сыртқы мемлекеттік аудит
органының мүшесі
20____ жылғы "___" ________

Сараптамалық-талдау іс-шарасының БАҒДАРЛАМАСЫ

      Тақырыбы:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Негізгі бағыттары:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Өткізу мерзімдері: 20__ жылғы "__" ________ - "__" _________ аралығы.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасы тобының құрамы:

ТАӘ (болған жағдайда)

Топтағы рөлі (жетекші/қатысушы)

Зерделеу үшін бекітілген бағыт
















      Құрылымдық бөлімшенің басшысы ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады